Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 312 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14115 болып тіркелді

      «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларына 1-қосымшасыз (қызмет бабында пайдалану үшін) баспа және электронды түрінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бірлескен бұйрық алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларына 1-қосымшасыз (қызмет бабында пайдалану үшін) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына (ведомстволарға, ұйымдарға) және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторына жеткізу;
      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық Қағидаларға 1-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі   Қорғаныс министрі
      ___________ Ә. Исекешев            ________ И. Тасмағамбетов
      2016 жылғы 20 маусым               2016 жылғы 27 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік күзет қызметінің
      бастығы
      ____________ А. Күреңбеков
      2016 жылғы 13 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы «Сырбар»
      Сыртқы барлау қызметінің директоры
      ____________ Ғ. Байжанов
      2016 жылғы 8 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________ В. Жұмақанов
      2016 жылғы 7 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      ____________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы «___»________

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 
және               
Қазастан Республикасы      
Қорғаныс министрінің      
2016 жылғы 27 маусымдағы № 312  
бірлескен бұйрығымен бекітілген 

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық
операторының спутниктік навигациялық қызметтерді
ұйымдастыру және ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді жоспарлау және көрсету тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) дәлдігі жоғары орнығу – сараланған түзету және мониторинг орталығының өзінің кеңістік координаттарының және қозғалыс жылдамдығы векторы құрамдауыштарының «метрлік», «сантиметрлік» немесе «милиметрлік» дәлдігін анықтауды қамтамасыз ету үшін тұтынушыларға түзетуші ақпаратты ұсыну;
      2) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (бұдан әрі – ДЖСНЖ) – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе пайдаланушыларын координаттық-уақыттың параметрлерді, оның ішінде географиялық координаттар мен биіктіктерді, қозғалыс жылдамдығы мен бағытын, уақытты айқындау дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін қосымша ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған техникалық және бағдарламық құралдар кешені;
      3) ДЖСНЖ-нің ақпараттық ресурстары – спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну міндеттерін шешу үшін ДЖСНЖ-нің ұлттық операторы түрлендіретін және пайдаланатын деректер (хабарламалар, мәлімдемелер, ақпарат) жиынтығы;
      4) ДЖСНЖ-нің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ақпараттық ресурстарын жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде ведомстволық не көпшілікке қолжетімді байланыс және ақпарат беру жүйелері арқылы қамтамасыз ететін ақпараттық-телекоммуникалық орта;
      5) ДЖСНЖ-нің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ операторы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған ДЖСНЖ құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысумен акционерлік қоғам;
      6) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелер (бұдан әрі – ЖНСЖ) – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйелері;
      7) ЖНСЖ тұтынушысының навигациялық аппаратурасы (бұдан әрі – ТНА) – тұтынушы тұрған орнының үш координатын, жылдамдық пен уақыт мәнін құрайтын үш векторды анықтау мақсатында Ресей Федерациясының ЖНСЖ-нің, басқа ЖНСЖ және олардың функционалдың қосымшалар құралдарының стандартты дәлдікті навигациялық сигналдарын қабылдауға және өңдеуге арналған аппаратура;
      8) ЖНСЖ ішкі саралау жүйесінің бақылау-түзетуші станциясы (бұдан әрі – саралау станциясы) – белгілі координаталары бар жерде орналасқан, ЖНСЖ навигациялық сигналдарын қабылдауға және өңдеуге, орналасқан нүктенің кеңістік координаталарына түзетулерді есептеуге және ЖНСЖ тұтынушысы сараланған түзетулер әрекетінің радиусында болған кезде оның кеңестіктік координаттарын анықтау дәлдігін арттыру үшін ЖНСЖ тұтынушыларына оларды байланыс арналары арқылы жіберуге арналған радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені;
      9) жылжымалы объектілерді диспетчерлендіру – ДЖСНЖ-нің (сараланған түзету және мониторинг орталығының құрамындағы) есептеу орталығының функционалды өзара байланыс құралдарын, оның ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы мен навигациялық терминалдарын пайдалану арқылы навигациялық қызмет объектілері қозғалысының координаттық-уақыттық параметрлері туралы деректерді жинау және өңдеу міндеттерін шешу процесі.
      10) кеңістіктік-созылыңқы бойлы объектілерді мониторингілеу жүйесі (бұдан әрі – КСОМЖ) – стратегиялық және режимдік объектілер және құрылыстардың кернеулі – сараланған жай-күйін автоматты мониторингілеуді орындауға арналған техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
      11) навигациялық қызмет объектілері – ТНА-мен жасақталған және ДЖСНЖ-нің ақпараттық ресурстарын пайдалану процесіне қатысатын объектілер;
      12) навигациялық терминал (бұдан әрі – НТ) – координаттық-уақыттық, телеметрикалық параметрлерді және өзге қызметтік ақпараттарды жылжымалы объектілердің диспетчерлеу жүйесінде анықтау, сақтау және беру қосымша функциялары бар ЖНСЖ тұтынушысының навигациялық аппаратурасы;
      13) Ресей Федерациясының жаһандық навигациялық спутниктік жүйесі (бұдан әрі – ГЛОНАСС) – кеңістіктік координаттарды, қозғалыс жылдамдығы векторының құрамдауыштарын, сағат көрсетуінің түзетулерін және Жер бетінің кез келген нүктесінде, Әлемдік мұхит айдынында, ғарыш кеңістігінің әуе және жер кеңістігінде ЖНСЖ тұтынушысының сағат көрсетулерін өзгерту жылдамдығын анықтауға арналған Ресей Федерациясының навигациялық спутниктік жүйесі;
      14) Ресей Федерациясының жаһандық навигациялық спутниктік жүйесінің стандартты дәлдік сигналдары – тиісті сигналдарға арналған интерфейсті бақылау құжаттарында айқындалған Ресей Федерациясының ЖНСЖ-нің навигациялық спутниктік жүйелері L диапазонының үш кіші диапазонында (L1, L2 және L3) және Ресей Федерациясының ЖНСЖ-нің навигациялық сигналдарының барлық тұтынушыларына қол жетерлік кез келген басқа болашақ кіші диапазондарда, тұрған орынның үш координатын, жылдамдық векторының үш құрамдауышын және Ресей Федерациясының ЖНСЖ-нің жүйелік уақытына және Ресей Федерациясының UTC (SU) ұлттық уақыт шкаласына қатысты тұтынушының уақытша шкаласының жағдайын анықтау үшін берілетін сигнал;
      15) сараланған түзету және бақылау орталығы – сараланған станциялардан алынатын деректерді алуға және өңдеуге арналған әрі тұтынушыларды ДЖСНЖ ақпараттық ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ДЖСНЖ ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын қолданатын техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;
      16) спутниктік навигация қызметтері – объектілердің координаттық-уақыттың параметрлерін айқындау жөніндегі қосымша (ЖНСЖ стандартты берілетін қызметтерге қатысты) қызметтерге қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
      17) спутниктік навигация қызметтерін тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – ДЖСНЖ операторының қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      18) түзетуші ақпарат (бұдан әрі – ТА) – өлшенетін навигациялық параметрлерге сараланған түзетулерді қамтитын деректер және навигациялық-уақыттың анықтамалардың дәлдігін, сенімділігін және дұрыстығын арттыру үшін тұтынушылардың навигациялық аппаратурасында пайдаланылатын басқа да хабарламалар.

2-тарау. ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтерді
ұйымдастыру тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және көрсету ерекшеліктері осы Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес регламенттеледі.
      4. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабына сәйкес айқындалған режимдік, аса режимдік және аса күзетілетін объектілерінің дислокация орындарында ДЖСНЖ-нің ақпараттық ресурстарын пайдалану шектеледі.
      5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ДЖСНЖ операторы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылдар кезінде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайлар туралы халықты ақпараттандыру және қауіпсіздік саласындағы іс-шараларды жүргізу үшін спутниктік навигациялық қызметтерді пайдаланудың абсолютті басымдығын қамтамасыз етеді.

3-тарау. ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтер
көрсету тәртібі

      6. ДЖСНЖ операторы көрсететін спутниктік навигациялық қызметтердің кепілді көлемі:
      1) дәлдігі жоғары орнығу қызметтері;
      2) ТНА паспортында көрсетілетін, мәлімделген техникалық сипаттамаларға ТНА сәйкестігін бағалау бойынша қызметтер;
      3) ТНА және НТ әзірлеу, өндіру, іске асыру және сервистік қызмет қөрсету бойынша қызметтер;
      4) жылжымалы объектілерді диспетчерлеу бойынша қызметтер;
      5) КСОМЖ құру жөнінде қызметтер және оларды техникалық қолдау бойынша қызметтер;
      6) тұтынушыларды ТНА және НТ пайдалануға оқыту бойынша қызметтер.
      7. ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтерді көрсетуі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінім негізінде жүзеге асырылады.
      8. Тұтынушылардың ДЖСНЖ операторынан дәлдігі жоғары орнығу қызметтерін ұсынуға жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінім келіп түсу уақыты тұтынушының ДЖСНЖ ақпараттық ресурстарын пайдалануға жоспарланған күніне дейін екі жұмыс күнінен аспауы тиіс
      9. ДЖСНЖ операторының дәлдігі жоғары орнығу қызметтері тұтынушыларда ТА қабылдау функциясы бар ТНА болған кезде ұсынылады.
      10. ДЖСНЖ операторының жылжымалы объектілерді диспетчерлеу бойынша қызметтері тұтынушыларда НТ бар кезде және олар ДЖСНЖ (сараланған түзету және мониторинг орталығы құрамында) есептеу орталығымен байланыс арнасын қамтамасыз еткен кезде ұсынылады.
      11. ДЖСНЖ операторы жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінімін қабылдаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде спутниктік навигациялық қызметті көрсетудің техникалық және ұйымдастыру мүмкіндігін қарайды.
      12. Жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінімді қарау нәтижесінде ДЖСНЖ операторы тұтынушымен спутниктік навигациялық қызметтер көрсетуге шарт жасасады не тұтынушыға дәлелді бас тарта отырып, хабарлама жібереді.
      13. Тұтынушыға спутниктік навигациялық қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) нысанның сәйкес келмеуі немесе тұтынушымен жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінім нысанын дұрыс толтырылмауы;
      2) тұтынушының ДЖСНЖ операторы бұрын ұсынған спутниктік навигациялық қызметтерге төлем бойынша шартты міндеттемелерін орындамауы;
      3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен таратылуы шектелген спутниктік навигациялық қызметтердің нәтижелерін тұтынушыға беру мүмкіндігінің болмауы.
      14. Спутниктік навигациялық қызметтер үшін төлем мерзімі мен тәртібі Шартта көрсетіледі.

Қызмет бабында пайдалану үшін
№ 2 дана

Дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық
жүйесі ұлттық операторының спутниктік 
навигациялық қызметтерді ұйымдастыру 
және ұсыну қағидаларына 1-қосымша   

      РҚАО-ның ескертпесі!
      "Қызмет бабында пайлану үшін" грифімен берілген құжаттар "Заң" ДБ-ға енгізілмейді    

Дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық
жүйесі ұлттық операторының спутниктік 
навигациялық қызметтерді ұйымдастыру 
және ұсыну қағидаларына 2-қосымша   

Нысан

Заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға
өтінім

Заңды тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметіне қосылуға өтінім

1

Компания атауы


2

Компанияның мекенжайы


3

Өтініш берушінің байланыс деректері



Тегі Аты Әкесінің аты



Телефон (ұялы/қалалық)



E-mail


4

Қолданылатын навигациялық қабылдағыш

Навигациялық қабылдағыштың моделі:
ДЖСНЖ жұмыс үшін пайдалануға жоспарланатын қабылдағыштың саны:

5

Тапсырыс берілетін қызметтің атауы


6

Қажетті қызмет көрсету орны (қала/ауыл/аудан)

Қала: ____________ Аудан: __________
Облыс: __________ Ауыл: ____________

7

Қажетті координаттар жүйесі

WGS-84                         СК-42
Жергілікті координаттар жүйесі ПЗ-90
СК-63                          _______
                       (қажетті КЖ көрсету)

8

Қажетті түзетуші ақпараттың форматы

RTCM v.2.0                     CMR+
RTCM v.3.0                     Leica
CMR                            _______
                 (қажетті форматты көрсету)

9

Қызметті көрсету күні және кезеңі

Қызмет көрсетудің басталу уақыты: 20__ жылғы «___» _______________
Қызмет көрсету кезеңі: 1 ай 3 ай 6 ай 12 ай

10

Зерттеу қызметіне лицензия (инжернерлік-геодезиялық жұмыстар) (уәкілетті органдармен берілген (бар болған жағдайда)

Лицензияны берілген күні: «___» _____________ _______ ж.
Лицензия №: ______________

11

Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы лицензия (ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органдармен берілген (бар болған жағдайда))

Лицензияны берілген күні: «___» _____________ _______ ж.
Лицензия №: ______________

12

Порталда өтініш берушінің сәйкестендіру деректері*

Логин: ____________    Құпиясөз: __________

      * http://svsn.kz/sbc ДЖСНЖ жоғары дәлдігі орнығу қызметінің порталы. Бастапқы сәйкестендіруді орындау үшін клиент Логині мен Парольді көрсетеді. Кейіннен тұтынушы ДЖСНЖ порталында тағайындалған Парольді өзгертуі қажет.
      Өтінім мынадай құжаттар бар болған кезде қабылданады:
      заң тұлғаның мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама (филиалды немесе өкілдікті есеп тіркеуі туралы куәлік);
      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН).
      Өтініш NMEA хаттамасының GGA хабарламаларын жіберу функциясын навигациялық қабылдағышта міндетті қосу шартымен қамтамасыз етіледі.

                                                Өтініш берушінің қолы
                                              20___жылғы «___» ______

Физикалық тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне
қосылуға өтінім

Физикалық тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметіне қосылуға өтінім

1

Өтініш берушінің байланыс деректері:



Тегі Аты Әкесінің аты



Жеке сәйкестендіру нөмірі



Тұратын мекенжай



Телефон (ұялы/қалалық)



E-mail


2

Қолданылатын навигациялық қабылдағыш

Навигациялық қабылдағыштың моделі: _________________________
ДЖСНЖ жұмыс үшін пайдалануға жоспарланған навигациялық қабылдағыштың саны: ____

3

Тапсырыс берілетін қызметтің атауы


4

Қажетті қызмет көрсету орны (қала/ауыл/аудан)

Қала: ____________ Аудан: __________
Облыс: __________ Ауыл: ____________

5

Қажетті координаттар жүйесі

WGS-84                         СК-42
Жергілікті координаттар жүйесі ПЗ-90
СК-63                          ______________
                             (қажетті КЖ көрсету)

6

Қажетті түзетуші ақпараттың форматы

RTCM v.2.0                     CMR+
RTCM v.3.0                     Leica
CMR                            ______________
                       (қажетті форматты көрсету)

7

Қызметті көрсету күні және кезеңі

Қызмет көрсетудің басталу уақыты: «___» _______________ 20__ ж.
Қызмет көрсету кезеңі: 1 ай 3 ай 6 ай 12 ай

8

Зерттеу қызметіне лицензия (инжернерлік-геодезиялық жұмыстар) (уәкілетті органдармен берілген (бар болған жағдайда)

Лицензияны берілген күні: «___» _____________ _______ ж.
Лицензия №: ______________

9

Ғарыш қызметін жүзеге асыруға лицензия (ғарыш кеңістігін қолдану саласындағы уәкілетті органдармн берілген (бар болған жағдайда)

Лицензияны берілген күні: «___» _____________ _______ ж.
Лицензия №: ______________

10

Порталда өтініш берушінің сәйкестендіру деректері*

Логин: ____________          Құпиясөз: __________

      * http://svsn.kz/sbc ДЖСНЖ жоғары дәлдігі орнығу қызметінің порталы. Бастапқы сәйкестендіруді орындау үшін клиент Логині мен Парольді көрсетеді. Кейіннен тұтынушы ДЖСНЖ порталында тағайындалған Парольді өзгертуі қажет.
      Өтініш NMEA хаттамасының GGA хабарламаларын жіберу функциясын навигациялық қабылдағышта мінддетті қосу шартымен қамтамасыз етіледі.

                                                Өтініш берушінің қолы
                                              20___жылғы «___» ______

Об утверждении Правил организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации

Совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 июня 2016 года № 512 и Министра обороны Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 312. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2016 года № 14115

      В соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности», ПРИКАЗЫВАЕМ:
      1. Утвердить Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (далее – Правила).
      2. Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Шаймагамбетов Е.М.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего совместного приказа без приложения 1 к Правилам организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (для служебного пользования) в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного совместного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего совместного приказа без приложения 1 к Правилам организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (для служебного пользования) на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) доведение настоящего совместного приказа до заинтересованных государственных органов (ведомств, организаций) Республики Казахстан и национального оператора системы высокоточной спутниковой навигации;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий совместный приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением приложения 1 к Правилам.

Министр по инвестициям и развитию       Республики Казахстан
   ______________ А. Исекешев
   20 июня 2016 года

        Министр обороны
     Республики Казахстан
    _________ И. Тасмагамбетов
    27 июня 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Начальник Службы
      государственной охраны
      Республики Казахстан
      ____________ А. Куренбеков
      13 июля 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Директор Службы внешней разведки
      Республики Казахстан «Сырбар»
      ____________ Г. Байжанов
      8 июля 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Председатель Комитета
      Национальной безопасности
      Республики Казахстан
      ___________ В. Жумаканов
      1 июля 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      ____________ К. Касымов
      «___» ________ 2016 года

Утверждены          
совместным приказом      
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан     
от 20 июня 2016 года № 512   
и Министра обороны      
Республики Казахстан     
от 27 июня 2016 года № 312  

Правила
организации и предоставления
спутниковых навигационных услуг национальным оператором
системы высокоточной спутниковой навигации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» и определяют порядок организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) высокоточное позиционирование – предоставление центром дифференциальной коррекции и мониторинга корректирующей информации потребителям для обеспечения их «метровой», «сантиметровой» либо «миллиметровой» точности определения своих пространственных координат и составляющих вектора скорости движения;
      2) система высокоточной спутниковой навигации (далее – СВСН) – комплекс технических и программных средств, предназначенных для обеспечения пользователей глобальной навигационной спутниковой системы дополнительной информацией, позволяющей повысить точность определения координатно-временных параметров, в том числе географических координат и высот, скорости и направления движения, времени;
      3) информационные ресурсы СВСН – совокупность данных (сообщений, сведений, информации), генерируемых и используемых национальным оператором СВСН для решения задач предоставления спутниковых навигационных услуг;
      4) информационно-телекоммуникационная инфраструктура СВСН – информационно-телекоммуникационная среда, обеспечивающая сбор, обработку и передачу информационных ресурсов СВСН, в том числе путем использования ведомственных либо общедоступных систем связи и передачи данных;
      5) национальный оператор СВСН (далее – оператор СВСН) – акционерное общество со стопроцентным участием государства в уставном капитале, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложены задачи создания, эксплуатации и развития СВСН;
      6) глобальные навигационные спутниковые системы (далее - ГНСС) – космические системы, предназначенные для определения координатно-временных параметров (географических координат и высот, скорости и направления движения, времени) наземных, водных и воздушных объектов;
      7) навигационная аппаратура потребителя ГНСС (далее – НАП) – аппаратура для приема и обработки навигационных сигналов стандартной точности системы глобальной навигационной спутниковой системы Российской Федерации, других ГНСС и средств их функциональных дополнений с целью определением потребителем трех координат местоположения, трех составляющих вектора скорости и времени;
      8) контрольно-корректирующая станция дифференциальной подсистемы ГНСС (далее - дифференциальная станция) - комплекс радиоэлектронных и технических средств, расположенный в точке с известными координатами, предназначенный для приема и обработки навигационных сигналов ГНСС, вычисления поправок к пространственным координатам точки и передачи их по каналам связи потребителю ГНСС для повышения точности определения его пространственных координат при нахождении потребителя ГНСС в радиусе действия дифференциальных поправок;
      9) диспетчеризация подвижных объектов – процесс решения задач сбора и обработки данных о координатно-временных параметрах движения объектов навигационной деятельности посредством использования функционально взаимосвязанных средств вычислительного центра (в составе центра дифференциальной коррекции и мониторинга) СВСН, ее информационно-телекоммуникационной инфраструктуры и терминалов навигационных;
      10) система мониторинга пространственно-протяженных объектов (далее – СМППО) – комплекс технических и программных средств, предназначенный для выполнения автоматизированного мониторинга напряжено-деформационного состояния стратегических и режимных объектов и строений;
      11) объекты навигационной деятельности – объекты, оснащенные НАП, и участвующие в процессе использования информационных ресурсов СВСН;
      12) терминал навигационный (далее – ТН) – НАП ГНСС, с дополнительной функцией определения, хранения и передачи координатно-временных, телеметрических параметров и иной служебной информации в системах диспетчеризации подвижных объектов;
      13) глобальная навигационная спутниковая система Российской Федерации (далее – ГЛОНАСС) – навигационная спутниковая система Российской Федерации, предназначенная для определения пространственных координат, составляющих вектора скорости движения, поправки показаний часов и скорости изменения поправки показаний часов потребителя глобальной навигационной спутниковой системы в любой точке поверхности Земли, акватории Мирового океана, воздушного и околоземного космического пространства;
      14) сигналы стандартной точности системы ГЛОНАСС – сигнал, передаваемый навигационными спутниками системы ГЛОНАСС в трех поддиапазонах L диапазона (L1, L2 и L3), как это определено в интерфейсных контрольных документах для соответствующих сигналов, и в любых других будущих поддиапазонах, доступных всем потребителям навигационных сигналов системы ГЛОНАСС, для определения трех координат местоположения, трех составляющих вектора скорости и положения временной шкалы потребителя относительно системного времени ГЛОНАСС и национальной шкалы времени Российской Федерации UTC (SU);
      15) центр дифференциальной коррекции и мониторинга – комплекс технических и программных средств, предназначенный для приема и обработки данных, полученных от дифференциальных станций, и использующий информационно-телекоммуникационную инфраструктуру СВСН для обеспечения потребителей информационными ресурсами СВСН;
      16) спутниковые навигационные услуги – деятельность, направленная на удовлетворение потребностей в дополнительных (относительно стандартно предоставляемых ГНСС) услугах по определению координатно-временных параметров объектов;
      17) потребитель спутниковых навигационных услуг (далее – потребитель) – физическое или юридическое лицо, использующее услуги оператора СВСН;
      18) корректирующая информация (далее – КИ) – данные, содержащие дифференциальные поправки к измеряемым навигационным параметрам и другие сообщения, используемые в навигационной аппаратуре потребителей для повышения точности, надежности и достоверности навигационно-временных определений.

Глава 2. Порядок организации спутниковых
навигационных услуг оператором СВСН

      3. Особенности организации и предоставления спутниковых навигационных услуг оператором СВСН в интересах обеспечения обороны и безопасности Республики Казахстан регламентируется в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам (для служебного пользования).
      4. В местах дислокации режимных, особо режимных и особо охраняемых объектов, определяемых в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 15 марта 1999 года «О государственных секретах», использование информационных ресурсов СВСН ограничивается.
      5. При возникновении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера оператор СВСН при взаимодействии с уполномоченным органом в сфере гражданской защиты обеспечивает абсолютный приоритет использования спутниковых навигационных услуг для проведения мероприятий в области безопасности и информирования населения о чрезвычайных ситуациях в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите».

Глава 3. Порядок предоставления
спутниковых навигационных услуг оператором СВСН

      6. Гарантированный объем предоставляемых оператором СВСН спутниковых навигационных услуг:
      1) услуги высокоточного позиционирования;
      2) услуги по оценке соответствия НАП заявленным техническим характеристикам, представленным в паспорте НАП;
      3) услуги по разработке, производству, реализации и сервисному обслуживанию НАП и ТН;
      4) услуги по диспетчеризации подвижных объектов;
      5) услуги по созданию СМППО и их техническая поддержка;
      6) услуги по обучению потребителей использованию НАП и ТН.
      7. Предоставление оператором СВСН спутниковых навигационных услуг осуществляется на основе принятых заявок на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических и юридических лиц по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.
      8. Время поступления заявки на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических и юридических лиц на предоставление оператором СВСН услуг высокоточного позиционирования не должно превышать двух рабочих дней до запланированной потребителем даты использования информационных ресурсов СВСН.
      9. Услуги высокоточного позиционирования оператора СВСН предоставляются при наличии у потребителей НАП с функцией приема КИ.
      10. Услуги оператора СВСН по диспетчеризации подвижных объектов предоставляются при наличии у потребителей ТН и обеспечении ими каналов связи с вычислительным центром (в составе центра дифференциальной коррекции и мониторинга) СВСН.
      11. Оператор СВСН в течение одного рабочего дня с момента принятия заявки на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических и юридических лиц рассматривает ее на предмет технической и организационной возможности оказания спутниковой навигационной услуги.
      12. В результате рассмотрения заявки на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических и юридических лиц оператор СВСН заключает с потребителем договор на оказание спутниковых навигационных услуг либо направляет потребителю уведомление с мотивированным отказом.
      13. Основанием для отказа в предоставлении потребителю спутниковой навигационной услуги является:
      1) несоответствие формы или некорректное заполнение потребителем формы заявки на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических и юридических лиц;
      2) невыполнение потребителем договорных обязательств по оплате за спутниковые навигационные услуги, предоставленные ранее оператором СВСН;
      3) отсутствие возможности передачи потребителю результатов спутниковых навигационных услуг, ограниченных в распространении Законом Республики Казахстан от 15 марта 1999 года «О государственных секретах» и Законом Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «О доступе к информации».
      14. Сроки и порядок оплаты за спутниковые навигационные услуги указываются в Договоре.

Для служебного пользования         
Экз № 2                    

      Приложение 1        
к Правилам организации и   
предоставления спутниковых  
навигационных услуг национальным
оператором системы высокоточной
спутниковой навигации

      Примечание РЦПИ: документы с грифом "ДСП" в базу данных "Закон" не вводятся.     

Приложение 2        
к Правилам организации и   
предоставления спутниковых  
навигационных услуг национальным
оператором системы высокоточной
спутниковой навигации     

Форма            

        Заявка на подключение к услугам высокоточного
            позиционирования для юридических лиц

Заявка на подключение к услугам высокоточного позиционирования для юридических лиц

1

Наименование компании


2

Адрес компании


3

Контактные данные заявителя:



Фамилия Имя Отчество



Телефон (мобильный/городской)



E-mail


4

Используемый навигационный приемник

Модель навигационного приемника:
Количество навигационных приемников планируемых использовать для работы с СВСН:

5

Наименование заказываемой услуги


6

Требуемое место оказания услуги (город/село/район)

Город: ____________ Район: __________
Область: __________ Село: ___________

7

Требуемая система координат

WGS -84                   СК-42
Местная система координат ПЗ-90
СК-63                     ______________________
                              (указать требуемую СК)

8

Требуемый формат корректирующей информации

RTCM v.2.0       CMR+
RTCM v.3.0       Leica
CMR              ____________________________
                      (указать требуемый формат)

9

Дата и период оказания услуг

Дата начала оказания услуг: «___» _______________ 20__ г.
Период оказания услуг:
1 месяц 3 месяца 6 месяцев 12 месяцев

10

Лицензия на изыскательскую деятельность (инженерно-геодезические работы) (выданная уполномоченным органом (при наличии))

Дата выдачи лицензии: «___» _____________ _______ г.
№ лицензии: ______________

11

Лицензия в сфере использования космического пространства (выданная уполномоченным органом в области космической деятельности (при наличии))

Дата выдачи лицензии: «___» _____________ _______ г.
№ лицензии: ______________

12

Идентификационные данные заявителя на Портале*

Логин: ____________ Пароль: __________

      * Портал услуг высокоточного позиционирования СВСН http://svsn.kz/sbc. Логин и Пароль указываются клиентом для выполнения первичной аутентификации. В последующем потребителю необходимо изменить назначенный Пароль на портале СВСН.
      Заявка на подключение к услугам высокоточного позиционирования для юридических лиц принимается при наличии следующих документов:
      справка о государственной регистрации или перерегистрации юридического лица (свидетельства об учетной регистрации филиала или представительства);
      бизнес-идентификационный номер (БИН).
      Заявка на подключение к услугам высокоточного позиционирования для юридических лиц обеспечивается при условии обязательного включения на навигационном приемнике потребителя функции передачи GGA сообщений протокола NMEA.

Подпись подателя заявки
«___» ______ 20___ год

         Заявка на подключение к услугам высокоточного
             позиционирования для физических лиц

Заявка на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических лиц

1

Контактные данные заявителя:



Фамилия Имя Отчество



Индивидуальный идентификационный номер



Адрес проживания



Телефон (мобильный/городской)



E-mail


2

Используемый навигационный приемник

Модель навигационного приемника:
Количество навигационных приемников планируемых использовать для работы с СВСН:

3

Наименование заказываемой услуги


4

Требуемое место оказания услуги (город/село/район)

Город: ____________ Район: __________
Область: __________ Село: ___________

5

Требуемая система координат

WGS -84                      СК-42
Местная система координат    ПЗ-90
СК-63                        ______________________
                                  (указать требуемую СК)

6

Требуемый формат корректирующей информации

RTCM v.2.0                   CMR+
RTCM v.3.0                   Leica
CMR                          __________________________
                                  (указать требуемый формат)

7

Дата и период оказания услуг

Дата начала оказания услуг: «___» _______________ 20__ г. Период оказания услуг: 1 месяц 3 месяца 6 месяцев 12 месяцев

8

Лицензия на изыскательскую деятельность (инженерно-геодезические работы) (выданная уполномоченным органом (при наличии))

Дата выдачи лицензии: «___» _____________ _______ г.
№ лицензии: ______________

9

Лицензия на осуществление космической деятельности (выданная уполномоченным органом в сфере использования космического пространства (при наличии))

Дата выдачи лицензии: «___» _____________ _______ г.
№ лицензии: ______________

10

Идентификационные данные заявителя на Портале*

Логин: ____________ Пароль: __________

      *Портал услуг высокоточного позиционирования СВСН http://svsn.kz/sbc. Логин и Пароль указываются клиентом для выполнения первичной аутентификации. В последующем потребителю необходимо изменить назначенный Пароль на портале СВСН.
      Заявка на подключение к услугам высокоточного позиционирования для физических лиц обеспечивается при условии обязательного включения на навигационном приемнике потребителя функции передачи GGA сообщений протокола NMEA.

Подпись подателя заявки.
«___»______20___год