Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.08.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабы 1, 2 және 3-тармақтарына, 29-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу қағидалары мен шарттары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді және алдын ала зерделеу жүзеге асыру қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы |
Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық
бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
және оның аумақтық органдары лауазымдарының
санаттарына қойылатын біліктілік талаптары
Санат | Лауазымның атауы | Біліміне қойылатынталаптар | Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар | Біліміне қойылатын талаптар | Қажетті дағды мен білік |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) | |||||
---|---|---|---|---|---|
В-PK-1 | Басшының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білім | Басқару шешімді қабылдау мен әзірлеу сатысында ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; стратегиялық жоспарлау тәжірибесінің болуы; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; басқа ведомстволармен және ұйымдармен тиімді және ретті қарым-қатынасты ұйымдастыру; компьютерлік техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PK-2 | Департаменттің басшысы, Басшының кеңесші | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; |
В-PK-3 | Департамент басшысының орынбасары, Дербес басқарманың басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану;нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PK-4 | Департамент басқармасының басшысы, Дербес басқарма басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PK-5 | Департаменттің басқарма басшысының орынбасары, Басшының көмекшісі | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PK-6 | Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметін және тергеудііске асыратын қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
В-PK-7 | Аға тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің, оның ішінде төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметін және тергеуді іске асыратын қызметкерлер үшін); есепкеалу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер. |
В-PK-8 | Тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметін және тергеуді іске асыратын қызметкерлер үшін); есепкеалу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары | |||||
В-PKО-1 | Аумақтық органның басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; персоналды дұрыс таңдау; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-2 | Аумақтық органы басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе құқық қорғау, арнайы органдары орталық аппараттыңбасшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу;ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-3 | Аумақтық органның басқарма басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл немесе құқық қорғау, арнайы органы орталық аппаратының лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау;конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу;ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-4 | Аумақтық органның басқарма басшысының орынбасары, Аумақтық органның дербес бөлім басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және корытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-5 | Аумақтық органның басқарма бөлімінің басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы |
Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; конструктивті сынды пайдалану; |
В-PKО-6 | Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметін және тергеуді іске асыратын қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-7 | Аға тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім |
Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің; | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметін және тергеуді іске асыратын қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және корытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
В-PKО-8 | Тергеуші (офицер) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім | Аталған санаттың лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы | Ақпаратты талдау және корытындылау;нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жузеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының
лауазымдарына орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары мен
шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізудің осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына орналасу үшін конкурс және тағылымдама өткізудің осы қағидалары мен шарттарын айқындайды.
2-тарау. Конкурс өткізу тәртібі
2. Конкурсты бос және уақытша бос лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар Бюро мен оның аумақтық органдары өткізеді.
3. Бюроның, аумақтық органдары басшыларының, олардың орынбасарларының, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің бос лауазымдарына конкурсты Бюро өткізеді.
4. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
4) конкурстың комиссияның конкурсқа қатысушылар құжаттарының Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
6) медициналық куәландыру;
7) полиграфиялық зерттеу;
8) дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру;
9) кандидаттармен әңгімелесу;
10) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы.
Бюро немесе оның аумақтық органдары қайта құрылған немесе таратылған (жойылған) жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде жойылуға тиіс және ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жарияланады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.5. Конкурсқа Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін және осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс жарияланғаннан кейін Бюроның және оның аумақтық органдарының кадрлар қызметтерінде қатысады.
6. Кандидаттар конкурстың алдыңғы кезеңдерінен өткен кезде, конкурстың келесі кезеңдерінен (медициналық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, денешынықтыру дайындығы бойынша нормативтер тапсыру, әңгімелесу) өткізуге жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.7. Кандидаттар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
8. Бюрода конкурс өткізу кезінде хабарландырулар Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Аумақтық органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына таратылатын мерзімді басылымдарда жарияланады. Сондай-ақ хабарландыру Бюроның интернет-ресурсында жарияланады.
8-1. Конкурс өткізу туралы хабарландыруға мынадай мәліметтер енеді:
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмерлері, электрондық пошта адресін көрсетуімен конкурс өткізетін органның атауы;
2) жалпы функцианалды міндеттемелерді көрсетуімен бос лауазымдардың атауы;
3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға негізгі талаптар;
4) құжатты қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізімі;
6) конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;
7) өтініш, конкурсқа қатысуға арналған сауалнама және өмірбаянның нысандары (Бюроның интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған кезде).
Егер уақытша бос лауазымға конкурс өткізілетін болса, аталған жағдай конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, Заңның 7-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген тәртіппен азаматтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кадрлар резервінде тұрған азаматтарды конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін жарияланған лауазымға тағайындауға жол берілмейді.
10. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер жазылады:
1) конкурс өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орган атауы, оның пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайлары;
12. Конкурстық комиссия құрамы кемінде бес мүшеден тұрады.
Конкурстық комиссияның құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Конкурстық комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметкері болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
13. Конкурсқа қатысушы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
14. Конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар кадр қызметіне мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған сауалнама;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаян (өз қолымен жазылған);
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
5) бiлiм туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін);
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
7) қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);
8) құжат тапсыру сәтінде жарымды тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификатының түпнұсқасы мен көшірмесі (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азматтар ұсынады);
9) құжат тапсыру сәтінде жарымды құқық қорғау қызметі лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының түпнұсқасы мен көшірмесі (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азаматтар ұсынады);
10) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;
11) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана) тапсырады.
Қағидалардың осы тармағының 4), 5), 6), 8) 9), 10) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылып-тексерілгеннен кейін кандидатқа қайтарылады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаса және конкурс жарияланған бос лауазымға жұмыс өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Азаматтар өз тілегімен біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
16. Азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағында тізбеленген құжаттарды құжат тігілетін папкаға салып, конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қолма-қол беру немесе электронды пошта арқылы ұсынады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағында аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды (сканерленген) түрде бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен берген азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағының 4), 5), 6), 8) 9), 10) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталуға екі сағаттан кешіктірмей салыстырып - тексеру үшін ұсынады.
Осы Қағидалардың 14-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, адам әңгімелесуге жіберілмейді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз); 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.18. Құжаттарды қолма-қол қабылдау кезінде кандидатқа уақыты мен күні, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Құжаттарды электронды түрде ұсынған жағдайда, бақылау және құжат айналымы қызметі кандидатқа құжаттардың алынғаны туралы растау жолдайды.
19. Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, конкурсқа қатысушылардың конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған құжаттары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары кадр қызметінде бір жыл бойы сақталады.
Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары сақтаудың көрсетілген мерзімінде сұратып алуға болады.
Сақтаудың көрсетілген мерзімі аяқталғаннан кейін Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары жойылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады.
21. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына және Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.
22. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларға конкурс кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды немесе рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады.
Шешім хаттама түрінде ресімделеді, оған төраға, конкурстық комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.
Конкурсқа жіберілген кандидаттардың тізімі Бюроның, оның аумақтық органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелеріне тексеру жүргізу үшін жіберіледі.
23. Кадр қызметі конкурс кезеңдерінен өткізу графигін, сондай-ақ әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін жасайды, ол жөнінде Бюроның интернет-ресурсында және конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органының ғимаратында, барлығына қолжетімді жерлерде орналастырылады.
24. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
25. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
26. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
27. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
28. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
29. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
30. Алып тасталды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
31. Кандидаттарды медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарына сәйкес, Заңның 6-бабының негізінде жүзеге асырылады.
Медициналық куәландыруды откізуді ұйымдастыру кадр қызметіне жүктеледі.
Кадр қызметі кандидаттарға конкурстық комиссия конкурстың келесі кезеңге кандидаттарды өткізу туралы шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күн аспайтын мерзімге медициналық куәландыруға жолдама береді.
Медициналық куәландыруды кандидаттар жолдама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өтеді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған кандидаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама беріледі.
Кандидаттар полиграфологиялық зерттеуді медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша қызметке жарамды деп танылған күнінен бастап жиырма күннен аспайтын мерзімде өтеді.
Медициналық куәландырудан өтпеген, сондай-ақ әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамсыз деп таныған кандидат конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтердің медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған кандидаттар полиграфологиялық зерттеуді өту күнінен бастап күнтізбелік он бес күнінен аспайтын мерзімде тапсырады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруды бастар алдында нормативтерді қабылдауға жауапты адамдар кандидаттарға қол қойдыра отырып нұсқама жүргізеді.
35. Дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерге қосылған әрбір спорт жаттығуларының түрі бөлек тапсырылады.
36. Нормативтерді тапсыру нәтижелерін бағалау ерлер және әйелдер үшін бөлек жүзеге асырылады.
37. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосына енгізіледі, қатысушылар қол қойып танысқаннын кейін конкурс комиссиясына тапсырылады.
Спорт жаттығуларының орындалу нәтижелерін белгілегеннен кейін, қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Кадр қызметі алдыңғы конкурстың кезеңдер негізінде кандидаттардың бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткішін есептеу жүргізеді.
39. Әңгімелесу дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
40. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны интернет-ресурсында орналастырылатын графикке сәйкес конкурс жариялаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органында өтеді.
41. Кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және тиісті бос лауазымның лауазымдық нұсқаулығына сүйенеді.
Әңгімелесу алдында конкурстық комиссия хатшысы кандидаттарды алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.
40-1. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Ескерту. 2-тарау 40-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.40-2. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Ескерту. 2-тарау 40-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.40-3. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Адам тіркелу үшін кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Ескерту. 2-тарау 40-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.40-4. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Ескерту. 2-тарау 40-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.40-5. Конкурстық комиссия хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.
Ескерту. 2-тарау 40-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.42. Әңгімелесу процесінде кандидатқа кәсіптік, дәлелді сұрақтар, құзіреттері бойынша және кандидаттың коммуникативтік дағдыларын анықтау үшін сұрақтар, сондай-ақ ситуациялық тапсырмалар қойылады.
Бос лауазым үшін сол бір лауазымға үміттенетін әрбір кандидатқа тең санда сұрақтар қойылады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.43. Кандидаттар жауаптардың бағалары 5 баллдық межелік бойынша жүргізіледі және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу парағына енгізіледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Кандидаттармен әңгімелесу барысы кандидатпен әңгімелесу хаттамасы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады және конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы, сондай-ақ кандидат қолын қояды.
Әңгімелесу әрбір кандидатпен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы кандидатқа ескертіле отырып тіркеледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Әңгімелесу аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күннен кешіктірілмей өткiзiлуге тиiс қорытынды отырыста конкурстық комиссия кандидаттарды берген құжаттары, тестілеудің, жеке қасиеттерін бағалаудің, медициналық куәландырудың, полиграфологиялық зерттеулердің, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Конкурстық комиссияның шешімі кандидаттың қатысуынсыз, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1)жарияланған бос лауазымға орналасуға ұсыну;
2) Бюроның, оның аумақтық органдарының кадр резервіне енгізуге ұсыну;
3) жарияланған бос лауазымға орналасудан және кадр резервіне енгізуден бас тарту.
47. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 3/2 бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
48. Конкурстық комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда кандидат оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
49. Конкурстық комиссия Бюро, оның аумақтық органында кадр резервіне енгізуге ұсынған кандидаттар конкурс өткізілген сәттен бастап бір жылдың ішінде тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органына бос лауазым бар болған жағдайда тағылымдамадан өткеннен кейін тағайындалады.
Әрбір жарияланған бос лауазым бойынша кадр резервіне екі кандидаттан артық адам енгізіле алмайды.
50. Қорытынды отырыстағы талқылау барысы және конкурстық комиссия қабылдаған шешім хаттамада белгіленіп, конкурстық комиссияның төрағасы және мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қойяды.
51. Конкурстық комиссия, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы оң шешім қабылдаған кандидат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті құрылымдық бөлімшесіне тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Кандидаттың материалдары ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеріс жүргізу үшін жолданады.
Арнайы тексеріс нәтижелерін алғанға дейін кандидат бос лауазым бойынша міндеттемелерді орындайды.
Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Конкурстық комиссияның шешiмiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған органына немесе сот тәртіппен шағым келтірілуі мүмкін.
53. Конкурстық комиссияның бұрын қабылданған шешімді бұзуы және жаңа шешім шығаруы Бюро басшысының, уәкілетті басшының тиісті шешім қабылдауы немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Тағылымдамадан өту тәртібі
54. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекшеліктерін зерделеу, лауазымда жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік машықтар алу кандидаттың құқық қорғау қызметінде тағылымдамадан өтуінің басты міндеті болып табылады.
Тағылымдамадан өту кандидаттың кәсіби, іскерлік және жеке басының қасиеттерін зерделеу мақсатында жүзеге асырылады.
55. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын, конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат тағылымдамадан өтуге тиіс.
Бұдан бұрын құқық қорғау қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, қызметке үміткер кандидаттар тығылымданудан өтеді.
56. Тағылымдама мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды, онда кандидаттың дәлелді себептермен тағылымдамада болмаған кезеңдері есепке алынбайды.
Тағылымдамадан өту кезеңінде кандидатпен еңбек келісімшарты жасалады.
57. Кандидат конкурстық комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшесіндегі бос лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған бос лауазымы бойынша тағылымдамадан өтеді.
Құрылымдық бөлімшенің басшысы тағылымдама жетекшісін анықтайды, оған кандидаттың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және оны бақылау жүктеледі.
58. Тағылымдама құрылымдық бөлімшесінің басшысы тағылымдама жетекшісімен келісу бойынша бекітілген жеке жоспар бойынша ұйымдастырылады.
59. Тағылымдаманың жетекшісі:
1) тағылымдамадан өтушімен бірлесіп тағылымдаманың жеке жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді;
2) тағылымдама жоспарымен көзделген мәселелерді зерделеуде қажетті әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.
60. Кандидат тағылымдамадан өткен кезде тағылымдама өту лауазымы бойынша қызметін қамтамасыз етуге бағытталған функцияларды орындайды, оның ішінде:
1) белгіленген мерзімдерде тағылымдаманың жеке жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органвның күн тәртібін және тәртібін сақтайды;
3) тағылымдама процесінде алған мәліметтерді жария етпейді;
4) атқарылған жұмыстың есебін жүргізеді;
5) қызметтік мүлікті және техникалық құралдарды ұқыпты ұстайды;
6) киімнің іскерлік стилін ұстанады.
61. Тағылымдаманың қорытынды кезеңі тағылымдама жетекшісі қол қоятын мінездеме болып табылады. Мінездемеде тағылымдамадан өтушінің алған білімі мен практикалық дағдыларының көлемі мен деңгейі, сондай-ақ кандидаттың іскерлік қасиеттерінің бағасы мен нақты шешімдерді өз еркімен қабылдау қабілеттері көрсетіледі.
62. Тағылымдамашы оған жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда, тағылымдама жетекшісі құрылымдық бөлімше басшысының келісімімен Бюро басшылығына, Бюроның аумақтық органы басшысына ұсыныс енгізу арқылы оны одан әрі тағылымдамадан өтуден босатуға құқылы.
Ұсынуда тағылымдаманы өтудің тоқтату себебі көрсетіледі. Басшылық келіскен жағдайда, аталған ұсыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
63. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кандидаттарға тағылымдамадан өту кезеңінде еңбек шартына сәйкес штаттық кестеде атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген лауазымдық жалақы төленеді.
64. Орындалғаны туралы белгілері бар жеке жоспар, кандидаттың тағылымдамадан өту қорытындысы туралы жазбаша есебі, сондай-ақ кандидатқа берілген мінездемені құрылымдық бөлімше басшысы кадр қызметіне ұсынады.
65. Тағылымдамадан өту кезеңінде кандидатқа атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүруге және сақтауға рұқсат етілмейді.
Кандидаттың жеке өміріне қауіп төнетін жағдайда немесе оның дербес әрекеттері мен шешімдері, кәсіби дайындығының жоқтығына байланысты заңдылықты, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын болса, оны жедел іс-шараларға пайдалануға жол берілмейді.
Кандидат пайдалануы шектелген құжаттармен жұмыс істеуге тартылмайды.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені бос__________________________________________________________________
лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына орналасу
үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттарының талаптарымен
таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалылығын растаймын.
Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметіне қабылданудан немесе босатудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған
белгілі.
Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.
Қоса берілетін құжаттар:
1) _______________________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________________.
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" ______________САУАЛНАМА
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сұрақтар | Жауаптары |
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса (бар болған жағдайда), қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен. | |
3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика). | |
4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен өзгерткен). | |
5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі. | |
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан берілді, дипломның нөмірі), ғылыми еңбектері мен өнертабыстары. | |
7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз? | |
8. Сот тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба? | |
9. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба? | |
10. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма? | |
11. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма? | |
12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылдыңыз ба? | |
13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотты болған ба (қашан және не үшін)? | |
14. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болды ма, қашан және қандай мақсатпен? | |
15. Сіздің немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) шетелде тұрақты тұратын туысқандарыңыз бар ма (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады) | |
16. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба? | |
17. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба? |
18. Сіздің жақын туысқандарыңыз (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандары (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңыз (зайыптарыңыз)*:
Туыстық деңгейі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы, айы, күні және жері | Жұмыс орны және лауазымы | Тұрғылықты мекенжайы |
Ескертпе:
* Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
19. Еңбек жолын бастағаннан бері атқарып жатқан жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуын, әскери қызметін және қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.с.с. қоса алғанда).
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда сол уақытта аталған қалпында жазу қажет. Әскери қызметі туралы лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін және орналасқан жерін көрсете отырып жазу керек.
Айы және жылы | Мекеме, ұйым, кәсіпорын көрсетілген лауазымы | Мекеме, ұйым, кәсіпорынның орналасқан жері | |
келген | кеткен | ||
20. Әскери міндетке қатысы және әскери шені ___________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
21. Мекенжайы (тіркелген мекенжайы және тұратын мекенжайыңыз), үй және ұялы
телефонының нөмірі ______________________________________________________________
________________________________________________________________________________
22. Паспорт, жеке куәлік _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
23. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы өкілдік органдарға
қатысулар, сондай-ақ кандидат өзі туралы хабарлауды қалайтын
ақпарат)_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
24. Мен берген сауалнамадағы мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметтің құқық қорғау қызметіне қабылданудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.
___________________________________________________________________ маған қатысты
(ұйымның атауы)
тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.
ЕСКЕРТПЕ: осы сауалнаманы толтырушы тұлға, өзі туралы берген мәліметтер бұдан әрі
өзгерсе, кадр қызметіне уақтылы хабарлайды.
20_жылғы "___" _______________ _______________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда))
Қабылданушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), еңбек қызметі
және оқуы туралы мәліметтер жеке басын растайтын құжаттарға, еңбек кітапшасындағы
жазуларға, білім және әскери қызмет туралы құжаттарына сәйкес келеді.
20_ жылғы "___" _______________ _______________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда))
ӨМІРБАЯН (өз қолымен толтырылады)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өмірбаян конкурс қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимайсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
аты, әкесінің аты, тегі(бар болған жағдайда), туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шет тілдерін біледі;
қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;
қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекенжайы, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кім, не үшін (қандай шара);
әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
отбасы жағдайы: қашан некеге тұрған, жақын туысқандарыңызға (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандарына (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңызға (зайыптарыңызға) мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы), егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнаулы атағы);
қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекенжайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
20__жылғы "___" _____________Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ерлер үшін
Жаттығудың атауы | Баға | Жас тобы | |||||
21-27 | 28-34 | 35-39 | 40-44 | 45-49 | 50 және одан үлкен | ||
Жүгіру 100 м (с) | өте жақсы | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
жақсы | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | |
қанағаттанарлық | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 21 | |
Жүгіру 60 м (с) | өте жақсы | 7,8 | 8,4 | 9 | 9,6 | 10,2 | 10,8 |
жақсы | 8,4 | 9 | 9,6 | 10,2 | 10,8 | 11,4 | |
қанағаттанарлық | 9 | 9,6 | 10,2 | 10,8 | 11,4 | 12,6 | |
Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу | өте жақсы | 35 | 33 | 30 | 27 | 25 | 20 |
жақсы | 33 | 30 | 27 | 25 | 22 | 18 | |
қанағаттанарлық | 30 | 27 | 25 | 22 | 20 | 15 | |
Тартылу (тартылу саны) | өте жақсы | 15 | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 |
жақсы | 13 | 11 | 9 | 7 | 5 | 4 | |
қанағаттанарлық | 11 | 9 | 7 | 5 | 4 | 3 |
Әйелдер үшін
Жаттығудың атауы | Баға | Жас тобы | ||||
21-26 | 27-30 | 31-35 | 36-45 | 45 және одан үлкен | ||
Жүгіру 100 м (с) | өте жақсы | 20 | 23,5 | 26,5 | 30 | 36,5 |
жақсы | 21,5 | 25 | 28,3 | 31,5 | 40 | |
қанағаттанарлық | 23,5 | 26,5 | 30 | 33,5 | 43,5 | |
Жүгіру 60 м (с) | өте жақсы | 12 | 14 | 16 | 18 | 22 |
жақсы | 13 | 15 | 17 | 19 | 24 | |
қанағаттанарлық | 14 | 16 | 18 | 20 | 26 | |
Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны) | өте жақсы | 30 | 28 | 25 | 22 | 20 |
жақсы | 28 | 25 | 22 | 20 | 18 | |
қанағаттанарлық | 25 | 22 | 20 | 18 | 16 |
Ескертпе: конкурсты қысқы мерзімде өткізгенде 100 метрге жүгіру бойынша нормативті қабылдауға арналған лайықты жабық спорттық немесе басқа объектілер жоқ болған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша норматив қабылдауға жол беріледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру ведомосі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_______________________________________________________________
(сынақты қабылдау орны, басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі)
р/с | Конкурсқа қатысушының тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда) | Жасы | Нәтижелері | Таныстырылды | |||||
60/100 метр | Бағасы | Аспаға тартылу | Бағасы | Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу | Бағасы | ||||
Кім қабылдады:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" _________________
Байқаушыға арналған жадынама
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Байқаушының:
конкурс қатысушылары туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесу кезінде қатысуға;
ол аяқталғаннан кейін, әңгімелесу өткізу рәсімі туралы өз пікірін білдіруге;
әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;
конкурстық комиссия жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.
Байқаушы:
конкурс қатысушыларының дербес деректерін жарияламайды;
әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасамайды;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдем көрсетпейді;
конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдаған кезде оларға ықпал етпейді;
нақты конкурс қатысушылары туралы, олардың жеке қасиеттері туралы жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.
________________________________________________________________________________
(лауазым, орган (мекеме), қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
20__ жылғы "___" _________________
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу парағы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сұрақтарға жауаптар 5 баллдық межелік бойынша бағаланады:
Ерекшелігі бойынша және ситауациялық жағдай:
1 – кәсіби шеберлігінің жоқтығы;
2 –негізгі білімдері;
3 – жақсы білуі және зердесі;
4 – жоғары кәсіби білімі;
5 - ерекше білуі.
уәждемелер мен біліктіліктер бойынша:
1 – төменгі нәтиже;
2 – ортадан төмен нәтиже;
3 – орта нәтиже;
4 – ортадан жоғары нәтиже;
5 – жоғары нәтиже.
№ | Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Лауазымның атауы | Сұрақтарға жауаптарды бағалау | Жалпы балл | |||||
Уәждеме бойынша | Біліктілігі бойынша | Ерекшелік бойынша | Ситуациялық жағдай | ||||||
Конкурстық комиссия мүшесінің ___________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20__ жылғы "___" _________________Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттарына 7-1-қосымша |
нысан
Байқаушыға арналған жадынама
Ескерту. Қағида 7-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 29.12.2016 № 108 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз) бұйрығымен.
Байқаушының:
конкурс қатысушылары туралы ақпаратпен танысуға;
олармен әңгімелесу кезінде қатысуға;
ол аяқталғаннан кейін, әңгімелесу өткізу рәсімі туралы өз пікірін білдіруге;
әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;
конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;
конкурстық комиссия жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.
Байқаушы:
конкурс қатысушыларының дербес деректерін жарияламайды;
әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасамайды;
конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдем көрсетпейді;
конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдаған кезде оларға ықпал етпейді;
нақты конкурс қатысушылары туралы, олардың жеке қасиеттері туралы жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.Бос лауазымға орналасуға кандидатпен әңгімелесу № хаттамасы
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________ қаласы 20__жылғы "_" _____________
Әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары қолданылып жүргізілді.
КҮН ТӘРТІБІ
________________________________________________________________________________
бос лауазымға (лауазым атауы)
лауазымдарына орналасуға кандидатпен әңгімелесу.
Өткізілген әңгімелесу негізінде конкурстық комиссия кандидаттарға бағалау жүргізді:
2. ___________________________________?________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өткізілген әңгімелесу негізінде конкурстық комиссия кандидаттарға бағалау жүргізді:
________________________________________________________ - ___ балл (қортынды балл)
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________ - ___ балл (қортынды балл)
(кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Комиссия төрағасы:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
Комиссия мүшелері:________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
Комиссия хатшысы:_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
Кандидат:_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық
бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Бюро) орталық аппараты
Бюро Департаментінің басшысы;
Бюро Департаменті басшысының орынбасары;
Бюроның дербес Басқармасының басшысы;
Бюроның дербес Басқармасы басшысының орынбасары;
Бюро Департаменті басқармасының басшысы;
Бюроның Департаменті басқармасы басшысының орынбасары;
Бюроның аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі (офицері);
Бюроның аға тергеушісі (офицері);
Бюроның тергеушісі (офицері);
Бюроның аумақтық органдары
Бюроның аумақтық органының басшысы;
Бюроның аумақтық органы басшысының орынбасары;
Бюроның аумақтық органы басқармасының басшысы;
Бюроның аумақтық органы басқармасы басшысының орынбасары;
Бюроның аумақтық органы дербес бөлімінің басшысы;
Бюроның аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы;
Бюроның аумақтық органының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі (офицері);
Бюроның аумақтық органының аға тергеушісі (офицері);
Бюроның аумақтық органының тергеушісі (офицері).
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 4-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының
лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстан тыс орналасудың осы қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық органдарының конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарын айқындайды.
2. Бюроның және оның аумақтық органдарының құқық қорғау қызметіне жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және құқық қорғау қызметіне конкурстан тыс тұруға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстан тыс тәртіпте ерікті негізде қабылданады.
2-тарау. Бюроның және оның аумақтық органдарының бос
лауазымдарына конкурстан тыс орналасу тәртібі мен шарттары
3. Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі лауазымдарға конкурстан тыс орналасуға теріс себептермен жұмыстан шығарылған немесе теріс себептермен өз өкілеттігін тоқтатқан адамдарды қоспағанда, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3-тармағында көрсетілген адамдардың құқығы бар.
4. Конкурстан тыс іріктеу арқылы бос лауазымдарға орналасуға тағайындалуы мүмкін кандидаттар конкурстан тыс қызметке қабылдау туралы еркін нысанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өтініш береді.
Кандидаттары конкурстан тыс іріктеу арқылы қызметке қабылдау туралы шешім қабылдау үшін оны тағайындау мүмкін болатын Бюроның басшысы, Бюроның аумақтық органдарының басшылары (бұдан әрі – уәкілетті басшылар) немесе олардың тапсырмалары бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары өтінішті (қызметке қабылдау туралы) тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді, алдағы жұмыстың сипаты және қызметтік міндеттері туралы түсіндіреді.
5. Кандидат қызметке қабылдау, сондай-ақ ауыстыру туралы оң шешім алған жағдайда, әңгімелесу өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Бюроның кадр қызметіне және оның аумақтық органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған сауалнама;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған өмірбаянын;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) бiлiм туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін);
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың кандидат жұмыс істейтін мемлекеттік (құқық қорғау) органның кадр қызметтері растаған түпнұсқасы мен көшірмесі;
7) қызметтік тізім (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);
8) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткенін, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2016 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғанын немесе кейінге қалдырылғанын растайтын құжат көшірмесі;
9) 3х4 көлемдегі сурет (4 дана), 9х12 (1 дана);
10) кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары және мүлкі туралы декларацияны табыс еткенін растайтын құжаттар.
5), 6), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылып тексерілгеннен кейін кандидатқа қайтарылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Кандидат осы Қағидалардың 6-тармағында аталған құжаттарды тез тігілетін мұқабаға салып, қолма-қол тәртіпте немене пошта арқылы ұсынады.
Құжаттарды қолма-қол қабылдау кезінде кандидатқа күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
7. Құжаттарды қабылдау және кандидаттарды зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыруды кадр қызметі жүзеге асырады.
Кадр қызметі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарап, кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Дұрыс ресімделмеген толық емес құжаттар пакеті ұсынылған кезде олар кемшіліктерді жою үшін себебі көрсетіле отырып кері қайтаруға жатады.
Осы Қағидалардың 5-тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында тізбеленген тізбеде көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе олардағы мәліметтерді бұрмалау құжаттарды қараудан бас тартуға негіз болады.
8. Кандидаттың ұсынған құжаттарын тексеруді аяқтаған соң, кадр қызметі оған қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін анықтау үшін тетілеу өту үшін жолдама береді.
9. Арнайы тексеруден өтпеген жағдайда, кадр қызметі кандидатқа қатысты құжаттарды ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жолдайды.
10. Бос лауазымдарға орналасу үшін кандидаттарды құқық қорғау қызметіне қабылдау ішкі қауіпсіздік және кадр қызметтерінің бірлескен тексерісінен кейін жүзеге асырылады.
11. Қаржы полициясы органдарының, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін қызметке қабылдау кезінде кадр қызметі мұрағаттық жеке істі зерделейді және осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жаңартылған құжаттарды тіркейді.
12. Кадр қызметі осы Қағидалардың 9, 10, 11 тармақтарының ережелерін ескере отырып құжаттарды бергеннен кейін, Бюроның басшысы, уәкілетті басшысы келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) қызметке қабылдауға келісім береді;
2) қызметке қабылдаудан бас тартады.
Нысан
_____________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысына)
Өтініш
Мені сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бос
_______________________ лауазымына қабылдауыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және
оның аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын
лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен
шарттарының талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалығын растаймын.
Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданудан немесе босатудан әкеліп соғуы
мүмкін екендігі маған белгілі.
Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.
Қоса берілетін құжаттар:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________.
_________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
20_____ жылғы "__" __________
Нысан
САУАЛНАМА
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | |
2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса (бар болған жағдайда), қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен. | |
3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика). | |
4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен өзгерткен). | |
5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі. | |
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан берілді, дипломның нөмірі), ғылыми еңбектері мен өнертабыстары. | |
7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз? | |
8. Сот тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба? | |
9. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба? | |
10. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма? | |
11. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма? | |
12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылған болдыңыз ба? | |
13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотты болды ма (қашан және не үшін)? | |
14. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болды ма, қашан және қандай мақсатпен? | |
15. Сіздің немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) шетелде тұрақты тұратын туысқандарыңыз бар ма (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады) | |
16. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба? | |
17. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба? |
18. Сіздің жақын туысқандарыңыз (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандары (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңыз (зайыптарыңыз)*:
Туыстық деңгейі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы, айы, күні және жері | Жұмыс орны және лауазымы | Тұрғылықты мекенжайы |
Ескертпе.
* егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.
19. Еңбек жолын бастағаннан бері атқарып жатқан жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуын, әскери қызметін және қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.с.с. қоса алғанда).
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарды сол уақытта аталған қалпында жазу қажет. Әскери қызметі туралы лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін және орналасқан жерін көрсете отырып жазу керек.
Айы және жылы | Мекеме, ұйым, кәсіпорын көрсетілген лауазымы | Мекеме, ұйым, кәсіпорынның орналасқан жері | |
келген | кеткен | ||
20. Әскери міндетке қатысы және әскери шені ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
21. Мекенжайы (тіркелген мекенжайы және тұратын мекенжайыңыз),
үй және ұялы телефонының нөмірі______________________________________
_____________________________________________________________________
22. Паспорт, жеке куәлік_______________________________________
_____________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
23. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы
өкілдік органдарға қатысулар, сондай-ақ кандидат өзі туралы
хабарлауды қалайтын ақпарат)_________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
24. Мен берген сауалнамадағы мәліметтердің шындыққа жанаспауы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің құқық қорғау қызметіне
қабылданудан бас тартуғаәкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.
______________________________________________________маған қатысты
(ұйымның атауы)
тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.
ЕСКЕРТПЕ: осы сауалнаманы толтырушы тұлға, өзі туралы берген
мәліметтер бұдан әрі өзгерсе, кадр қызметіне уақтылы хабарлайды.
20_жылғы "___" ____________ ____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда))
Қабылданушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда), еңбек қызметі және оқуы туралы мәліметтер жеке басын
растайтын құжаттарға, еңбек кітапшасындағы жазуларға, білім және
әскери қызмет туралы құжаттарына сәйкес келеді.
20_ жылғы "___" ___________ ____________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда))
Нысан
ӨМІРБАЯН
(өз қолымен толтырылады)
Өмірбаян кандидаттың өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимайсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:
аты, әкесінің аты, тегі, (оның бар болған жағдайында) туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шет тілдерін біледі;
қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;
қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекен жайы, бір мекемеден екінші мекемеге ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кім, не үшін (қандай шара);
әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;
отбасы жағдайы: қашан некеге тұрған, жақын туысқандарыңызға (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандарына (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңызға (зайыптарыңызға) мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы), егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнайы атағы);
қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі (бар болған жағдайда), туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекен жайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
20___ж. "___" _________
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 5-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын
кандидаттарды іріктеуді және алдын ала зерделеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа қабылданатын кандидаттарды іріктеуді және алдын ала зерделеу осы қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық органдарына қызметке кандидаттарды іріктеуді және алдын ала зерделеу тәртібін айқындайды.
2. Кадр қызметтері Бюроға және оның аумақтық органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарының іріктеуі, олардың алдын ала зерделеуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына уақтылы және сапалы орналастыру мақсатында жүзеге асырады.
2-тарау. Кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді
жүзеге асыру тәртібі
3. Кандидаттарды іріктеу cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке конкурс, конкурстан тыс негізде және ауысу тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу процесінде:
1) Кандидаттың Заңның 6 және 10-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
2) Бюро лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына кандидаттың сәйкестігі;
3) кандидаттың бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштерінің нәтижелері (құқық қорғау органдардың бұрынғы қызметкерлері немесе ауысу тәртібімен қабылданатын қызметкерлер үшін);
4) жұмыстың бұрынғы тәжірибесін, арнайы тексеріс нәтижелерін, көтермелеулер мен тәртіптік жазалар болуын, қызметтік тергеу нәтижелерін, дайындық деңгейі туралы мәліметтерін (қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарын өткені туралы сертификаттар мен куәліктер) анықтау үшін кандидаттың жеке ісі;
5) кандидаттартың жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың отбасы жағдайын және ортасын, негізгі мінез құлқын, кәсіптік қызмет саласынан тыс әуестенуін, мүддесін, біліктері мен дағдыларын, тәртіп пен заңдылықты бұзуға бейімділіктерін бейнелейтін өзге материалдары алдын ала зерделенеді.
5. Кандидатқа қатысты мәліметтерді зерделеу және нақтылау мақсатында Бюроның, оның аумақтық органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінен, ал қажет болған жағдайда кандидаттың бұрынғы жұмыс орнының ішкі қауіпсіздік және кадр бөлімшелерінен кандидатқа қатысты беделіне кір келтіретін материалдардың бар-жоғы туралы мәліметтер сұратылады.
6. Кандидаттардың материалдарын қарастыру процесінде бұрынғы қызмет атқарған орнында жұмыстан шығу және лауазымнан босату фактілеріне немесе лауазымды не жұмыс орнын анық себептерсіз жиі ауыстыруына, кандидат бөлімшенің орналасқан, өзі тұрған немесе ұзақ уақыт тұрған жерде, сондай-ақ бұдан бұрын бес және одан да көп жыл үздіксіз қызмет атқарған лауазымына орналасуға талап еткен жағдайда, мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне назар аударылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 6-қосымша |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін
және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерін
анықтау
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерін анықтау (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау тәртібі мен әдістерін бекітеді.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері – қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктеріне негізделген, лауазым негізгі көрсеткіштердің және кәсіби жетістіктер туралы объективті деректердің қалыптасқан сандық өрнегі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер – осы лауазымдар үшін функционалдық міндеттерін орындауда белгіленген кәсіби біліктілік талаптарына сәйкес белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру дәрежесінің индикаторлары;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарының кәсіби құзіреттері – кәсіби қызмет мүмкіндіктерінің ауқымын көрсететін нақты лауазымның құзіреттіліктері шеңберіндегі қызметкердің кәсіби тәжірбиесі мен білімінің сапалық сипаттамалары.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкері мен кандидаттың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін анықтау мақсаттары:
1) атқарып отырған кәсіби қызметін/болжанатын лауазымын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті қызметкердің/кандидаттың білім, білік, қабілеттерінің сәйкестігін айқындау;
2) қызметкерлер және басшылардың ұйымдастыру мен кәсіби өзгерулеріне, қызметтерінің тиімділігін арттырудағы уәждеме.
4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері кандидаттарды қызметке алдын ала іріктеу және зерделеу кезінде, лауазымға тағайындау және қызметін ауыстыруда, кадр резервіне қойылуда, аттестаттаудан өтуде ескеріледі.
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің нәтижесі, оны анықтау күнінен бастап бір жылбойы жарамды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттар мен қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есепке алу объективтілік пен әділдік қағидаттарына негізделген және осы Қағидалардың 4-тармақшасында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.
2-тарау. кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістері
6. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Бюро) және оның аумақтық органдарының кадр қызметі айқындайды.
7. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) құқық қорғау қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін және кандидаттың/қызметкердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерін анықтау;
3) кандидаттың/қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау.
7-1. Тестілеу рәсімдерін, техникалық қамтамасыз етуді тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
Орталықтың жұмыскері тестілеу операторы болып табылады.
Тестілеу Орталықтың және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу залдарында жүргізіледі.
Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Кандидаттың/қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебі туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және комиссия (аттестаттау, конкурстық, кадр резервіне қою жөніндегі) қарастыруына оның отырысы күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізеді.
Қызметкерді ауыстыру кезіңде Қорытынды басқа тағайындау туралы материалдарға қоса тіркеледі.
9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін келесі формула бойынша есептеледі:
БК = Қ + К +Ж
БК – бәсекелестік көрсеткіші (1-ден 100 баллға дейін);
Қ - кәсіби құзыреттілікті бағалау нәтижесі (1-ден 30 баллға дейін);
К – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау нәтижесі (1-ден 50 баллға дейін).
Ж - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 20 баллға дейін).
10. Қызметкерлерінің/кандидаттардың кәсіби құзіреттіліктерін бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштер: "білімі", "жұмыс тәжірибесі", "эссе жазу (қызметке орналасатын кандидаттар үшін)" болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалаудың нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
13. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін айқындау 4 (төрт) деңгей бойынша баллдық жүйе негізінде анықталады. Әр деңгей сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің және кандидаттардың кәсіби деңгейінің дәрежесін көрсетеді:
4-ші деңгей (70-тен 100 баллға дейін) – қызметкер/кандидат өз лауазымына қойылатын біліктілік талаптарынан жоғары деңгейде функциясын орындауға қабілетті болып табылады. Ол өз ісінің маманы болып табылады, одан кеңестер мен консультация алуға жиі жүгінеді. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсынуға, сондай-ақ жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге қабілетті;
3-ші деңгей (50-ден 69 баллға дейін) – қызметкердің кандидаттың жеткілікті білімі бар және лауазымына сәйкес қажетті барлық дағдыларды көрсетеді. Өз өкілеттілігі шеңберінде жүктелген жұмысын өз бетінше және қатесіз орындауға қабілетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылық лауазымдарының кадр резервіне енгізіледі;
2-деңгей (30-дан 49 баллға дейін) – негізінен жұмыс орташа немесе жеткілікті деңгейде орындалады. Қызметкер/кандидат белгілі бір міндеттерді орындау кезінде білімі жеткіліксіз және кейбір міндеттерін орындауда бақылауды қажет етеді. "В-РКО-6" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылық лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді;
1-деңгей (1-ден 30 баллға дейін) – қызметкердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін білім деңгейі жеткіліксіз, өздігінен тапсырма орындауға қабілетсіз, басшы тарапынан үнемі бақылауды талап етеді. "В-РКО-8" санатынан жоғары емес лауазымдарына тағайындылады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшылық лауазымдарының кадр резервіне енгізілмейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 1-қосымша |
|
нысан |
"КЕЛІСІЛДІ"
_____________________________
(Бюроның басшысы (Бюроның
аумақтық органының басшысы)
_____________________________
(қолы)
20_____жылғы "___"__________
Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің есебі туралы қорытынды
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________________________________________________
(кандидаттың/қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
______________________________________________________________
(көзделген лауазым)
р/с | Бағалау өлшемдері | Ықтимал ең жоғары балл | Кадидаттың/Қызметкердің жинаған баллдары | |
құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттар үшін | құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін | |||
1 | Кәсіби құзыреттері: | |||
ҚР заңнамаларын білу | 20 | 20 | ||
Жеке қасиеттерді бағалау | 10 | 10 | ||
2 | Негізгі көрсеткіштер: | |||
білімі | 10 | 10 | ||
жұмыс тәжірибесі | 5 | 20 | ||
эссе жазу | 15 | - | ||
3 | Кәсіби жетістіктері | 15 | 40 | |
Барлығы: | 75 | 100 |
Тұжырымдар мен ұсынымдар:
жиналған баллдардың нәтижелері бойынша
___________________________________________________________ бәсекеге қабілеттіліктің
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____ деңгейіне сәйкес келеді,
______________________________________________________________________ ұсынылады
((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға
тағайындауға, кадр резервіне енгізуге)
Бөлімшенің тікелей
басшысы (лауазымы)___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
(қолы)
Ішкі қауіпсіздік
бөлімшесінің басшысы ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
(қолы)
Кадр қызметінің
басшысы______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
(қолы)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 2-қосымша |
|
нысан |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттардың
және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктерін бағалау
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін бағалау (жалпы баға 0-ден 20 баллға дейін)
№ | Ерекшеліктер атауы | Ерекшелік сипаттамасы | Сұрақтар саны |
Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің барлық лауазымдардың санаттары үшін | |||
1 | Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу | Қазақстан Республикасының Конституциясы | 10 |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) | 10 | ||
2 | Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі | 10 |
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексі | 10 | ||
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі | 10 | ||
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, "Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10027 болып тіркелген. | 10 | ||
БАРЛЫҒЫ | 120 | ||
Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің барлық лауазымдардың санаттары үшін | |||
1 | Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу | Қазақстан Республикасының Конституциясы | 10 |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 10 | ||
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) | 10 | ||
2 | Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі | 15 |
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 15 | ||
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 15 | ||
"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы | 15 | ||
БАРЛЫҒЫ: | 110 |
Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеудің дұрыс жауаптарының саны және балл арақатынасы
р/н | Ерекшелік атауы | Тестілеу тапсырмасының жалпы санының дұрыс жауаптарының пайызы (%) | Балл |
1 | Қазақстан Республикасының заңнамасын білу |
0-ден 20-ға дейін |
0 |
2 | Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу |
0-ден 20-ға дейін |
0 |
ЖАЛПЫ БАҒАСЫ | 20 |
2. Жеке қасиеттерін бағалау (жалпы баға 1-ден 10 баллға дейін)
№ | Жеке қасиеттері | Жеке қасиеттерінің сипаттамасы | Басшылық лауазымдары үшін ең жоғары балл | Орындаушылық лауазымдары үшін ең жоғарғы балл |
1 | Талдама жасауы | жаңа ақпараттарды алу қабілеттілігі, нәтижені болжауы, сындарлы көру және перспективаларды пайдалану | 1,5 | 1 |
2 | Бастамашылдық | конструктивтік идеясын ұсыну қаблеттілігі, өз қызметінің нәтижесін арттыру үшін бастамасы, өзінің креативтілігін іске асыру | 1 | 1,5 |
3 | Ұйымдастырушылық | Мемлекеттік қызмет функциялары мен міндеттемелерін орындау үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету қабілеттлігі (қызметті тиімді ұйымдастыру қабілеттілігі) | 1 | 1,5 |
4 | Коммуникативтілік | тұлғааралық өзара іс-қимыл жағдайларының белгілі бір ауқымында тиімді өзара іс-әрекет жасау үшін қажетті ішкі жеке ресурстар жүйесін пайдалану мүмкіндігі | 1 | 1,5 |
5 | Көшбасшылық | топ (ұйым) іс-әрекеттерін бақылай білу, топта беделі мен ықпалын мойындата білу, ұжымды ынталандыру қабілетті | 1,5 | 0,5 |
6 | Стратегиялық ойлау | қолдағы бар ресурстарды сауатты пайдалану кезінде (өзінің және өзгенің) нәтижелерін болжау қабілеті, әрекет ету нәтижелері | 1,5 | 0,5 |
7 | Этикасы | моральдық және этикалық мінез-құлық нормасын сақтауы | 0,5 | 0,5 |
8 | Сапасына назар аудару | кәсіби қызметін жүзеге асырудың озық стандарттарына назар аудара отырып, мемлекеттік қызмет және ұйым стратегиясының мақсатына бағдарлану бейімі | 0,5 | 1 |
9 | Азаматтарға бағдарлану | қызметшінің азаматтардың қолданыстағы және туындайтын күтулеріне бағытталуы | 0,5 | 1 |
10 | Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік | сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуден көрінетін азаматтық белсенді ұстанымын көрсету | 1 | 1 |
ИТОГО: | 10 | 10 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 3-қосымша |
|
нысан |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Білім" көрсеткіші (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)
"Білім" көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі.
Көрсеткіш | Жалпы | Кәсіби |
Бакалавр | 4 балл | 7 балл |
Магистр | 5 балл | 8 балл |
Ғылым кандидаты | 6 балл | 9 балл |
Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы | 7 балл | 10 балл |
Ескертпе: үздік дипломы бар, қызметке алғаш орналасатын кандидаттар үшін қосымша 3 балл беріледі.
2. Жұмыс тәжірибесі
(жалпы баға: 1-ден 5 баллға дейін құқық қорғау қызметіне алғаш
орналасатын кандидаттар үшін;
2-ден 20 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын
қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін)
Құқық қорғау және арнайы органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі.
Жұмыс тәжірибесі | Тағы басқа | ||||
Өтіл | Құқық қорғау және арнайы органдардағы қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі | Құқық қорғау және арнайы органдардағы басқа да қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі | |||
Орындаушылық |
Басшылық |
Орындаушылық |
Басшылық | ||
20 жыл және одан жоғары | 14 | 20 | 12 | 14 | 10 |
10 жылдан 20 жылға дейін | 11 | 16 | 9 | 11 | 6 |
5 жылдан 10 жылға дейін | 9 | 14 | 7 | 9 | 5 |
1 жылдан 5 жылға дейін | 7 | 12 | 5 | 7 | 4 |
1 жылға дейін | 3 | 6 | 2 | 3 | 1 |
Ескертпе: Кандидатта/қызметкерде жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен ұстаным ескеріледі.
3. Эссе жазу
(жалпы баға 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне
алғаш орналасатын кандидаттар үшін)
Құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттардың баллдары әзірленген эссе қорытындысы бойынша анықталады.
Баллы кандидатам, впервые поступающим на правоохранительную службу, определяются по итогам подготовленных эссе.
Эссені тікелей басшысы бағалайды.
Эссе кандидаттың өз қолымен, қызметкерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қызметініңкадр бөлімшесі тиісті бөлімшелерінің басшылары беретін тақырыптар бойынша жазылады ("А4" форматтағы 2 парақтан көп емес).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістеріне 4-қосымша |
|
Нысан |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 07.09.2017 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
(жалпы баға: 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне
алғаш орналасатын кандидаттар үшін;
1-ден 40 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан
бұрын қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін)
№ | Кәсіби жетістіктер атауы | Растайтын құжаттың (егер бар болса ) атауы және нөмірі | Бағасы (баллдар) |
1 | Мемлекеттік наградалардың болуы | 5 | |
2 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің наградалары, көтермелеулері | 2 | |
3 | Тәртіптік жазалардың болмауы | 2 | |
4 | Халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның,оқу мекемесінің мүддесін білдіру (кандидаттар үшін) | 2 | |
5 | Кезектен тыс арнайы атақтарын, сыныптық шен беру немесе кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу | 4 | |
6 | Органның қызметін жақсарту мақсатында бастамашылдығы | 4 | |
7 | Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу | 3 | |
8 | Мемлекеттік тілді меңгеру (ортадан жоғары деңгей туралы сертификаттың болуы) | 2 | |
9 | Шет тілдерін білу (сертификат) | 1 | |
10 | Жоғары тұрған лауазымға жылжуына ұсыну | 3 | |
11 | Біліктілікті арттыру курстарынан өту (соңғы 3 жылда) | 3 | |
12 | Тұлғаға басқа да ұйымдардың, тұлғалардың (көршілердің пікірлері, учаскелік полиция инспекторының баянаты, оқу, жұмыс орнынан мінездемелер) оң пікірлердің болуы (кандидаттар үшін) | 5 | |
13 | Қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға қатысу (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар және т.б.) (кандидаттар үшін) | 2 | |
14 | "1-сыныпты маман – жетекші" сыныптық біліктілігінің болуы | 2 | |
ЖАЛПЫ БАҒА | 40 |
Ескертпе: қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде 1, 5, 7, 8, 9, 11-тармақтарды қоспағанда сыбайлас жемқорлық қызмет кезеңі ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына 7-қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 25 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98712 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 ақпанда, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 26 сәуірде жарияланған).
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 17 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 98296 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 қаңтарда, "Казахстанская правда" 2016 жылғы 30 шілдеде № 145 (28271), "Егемен Қазақстан" 2016 жылғы 30 шілдеде № 145 (28873) газеттерінде жарияланған).
3) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіндегі) кадрлармен жұмысты ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 61 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 101571 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 сәуірде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 17 мамарда, "Казахстанская правда" 2016 жылғы 30 шілдеде № 145 (28271), "Егемен Қазақстан" 2016 жылғы 30 шілдеде № 145 (28873) жарияланған).