"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 қаңтарда № 14675 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.08.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 22-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14318 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 13 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттарында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кандидаттар конкурстың алдыңғы кезеңдерінен өткен кезде, конкурстың келесі кезеңдерінен (медициналық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, денешынықтыру дайындығы бойынша нормативтер тапсыру, әңгімелесу) өткізуге жіберіледі.";

      14-тармағы мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар кадр қызметіне мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған сауалнама;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаян (өз қолымен жазылған);

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      5) бiлiм туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін);

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттың кандидат жұмыс істейтін мемлекеттік (құқық қорғау) органның кадр қызметтері растаған түпнұсқасы мен көшірмесі;

      7) қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);

      8) тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификатының түпнұсқасы мен көшірмесі;

      9) құқық қорғау қызметі лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының түпнұсқасы мен көшірмесі;

      10) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

      11) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана) тапсырады.

      4), 5), 6), 8) 9), 10) тармақшаларда тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылып-тексерілгеннен кейін кандидатқа қайтарылады.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электронды пошта арқылы конкурсқа қатысу үшін құжаттарын берген азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағының 4), 5), 6), 8) 9), 10) армақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып-тексеру үшін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 14-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, адам конкурстың кейінгі кезеңдеріне жіберілмейді.";

      24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "40-1. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

      40-2. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары, аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

      40-3. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі. Адам тіркелу үшін кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      40-4. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      40-5. Конкурстық комиссия хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми түрде жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 108 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының конкурс пен
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
7-1-қосымша
  нысан

Байқаушыға арналған жадынама

      Байқаушының:

      конкурс қатысушылары туралы ақпаратпен танысуға;

      олармен әңгімелесу кезінде қатысуға;

      ол аяқталғаннан кейін, әңгімелесу өткізу рәсімі туралы өз пікірін білдіруге;

      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;

      конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;

      конкурстық комиссия жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

      Байқаушы:

      конкурс қатысушыларының дербес деректерін жарияламайды;

      әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасамайды;

      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдем көрсетпейді;

      конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдаған кезде оларға ықпал етпейді;

      нақты конкурс қатысушылары туралы, олардың жеке қасиеттері туралы жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады