"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қазанда № 15855 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.08.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14318 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурс пен тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттарында:

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармағымен толықтырылсын:

      "8-1. Конкурс өткізу туралы хабарландыруға мынадай мәліметтер енеді:

      1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмерлері, электрондық пошта адресін көрсетуімен конкурс өткізетін органның атауы;

      2) жалпы функцианалды міндеттемелерді көрсетуімен бос лауазымдардың атауы;

      3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға негізгі талаптар;

      4) құжатты қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      5) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізімі;

      6) конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат;

      7) өтініш, конкурсқа қатысуға арналған сауалнама және өмірбаянның нысандары (Бюроның интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған кезде).

      Егер уақытша бос лауазымға конкурс өткізілетін болса, аталған жағдай конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";

      14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар кадр қызметіне мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған сауалнама;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өмірбаян (өз қолымен жазылған);

      4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      5) бiлiм туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат (шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін);

      6) еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      7) қызметтік тізімін (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);

      8) құжат тапсыру сәтінде жарымды тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижесімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификатының түпнұсқасы мен көшірмесі (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азматтар ұсынады);

      9) құжат тапсыру сәтінде жарымды құқық қорғау қызметі лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының түпнұсқасы мен көшірмесі (құқық қорғау органдарына алғаш рет кіретін азаматтар ұсынады);

      10) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

      11) өлшемі 3х4 фотосуретті (4 дана) тапсырады.

      Қағидалардың осы тармағының 4), 5), 6), 8) 9), 10) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылып-тексерілгеннен кейін кандидатқа қайтарылады.

      Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаса және конкурс жарияланған бос лауазымға жұмыс өтілі талап етілмесе, еңбек қызметін растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

      Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.";

      16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағында тізбеленген құжаттарды құжат тігілетін папкаға салып, конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қолма-қол беру немесе электронды пошта арқылы ұсынады.";

      17-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын электронды поштамен берген азаматтар осы Қағидалардың 14-тармағының 4), 5), 6), 8) 9), 10) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын әңгімелесу басталуға екі сағаттан кешіктірмей салыстырып - тексеру үшін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 14-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, адам әңгімелесуге жіберілмейді.";

      19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, конкурсқа қатысушылардың конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған құжаттары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары кадр қызметінде бір жыл бойы сақталады.

      Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары сақтаудың көрсетілген мерзімінде сұратып алуға болады.

      Сақтаудың көрсетілген мерзімі аяқталғаннан кейін Конкурстық комиссияның материалдары, оның ішінде жазу техникалық құралдары арқылы жазып алынған, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтпеген тұлғалардың құжаттары жойылады.";

      31-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кандидаттарды медициналық куәландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарына сәйкес, Заңның 6-бабының негізінде жүзеге асырылады.

      Медициналық куәландыруды откізуді ұйымдастыру кадр қызметіне жүктеледі.

      Кадр қызметі кандидаттарға конкурстық комиссия конкурстың келесі кезеңге кандидаттарды өткізу туралы шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күн аспайтын мерзімге медициналық куәландыруға жолдама береді.

      Медициналық куәландыруды кандидаттар жолдама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өтеді.";

      32-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған кандидаттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті бөлімшелерінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама беріледі.

      Кандидаттар полиграфологиялық зерттеуді медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша қызметке жарамды деп танылған күнінен бастап жиырма күннен аспайтын мерзімде өтеді.

      Медициналық куәландырудан өтпеген, сондай-ақ әскери-дәрігерлік комиссия қызметке жарамсыз деп таныған кандидат конкурстың келесі кезеңіне жіберілмейді.";

      33-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтердің медициналық куәландыру нәтижелері бойынша қызметке жарамды деп танылған кандидаттар полиграфологиялық зерттеуді өту күнінен бастап күнтізбелік он бес күнінен аспайтын мерзімде тапсырады.";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру ведомосына енгізіледі, қатысушылар қол қойып танысқаннын кейін конкурс комиссиясына тапсырылады.";

      40-5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-5. Конкурстық комиссия хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.";

      42-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;

      43-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Кандидаттар жауаптардың бағалары 5 баллдық межелік бойынша жүргізіледі және Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу парағына енгізіледі.";

      44-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Кандидаттармен әңгімелесу барысы кандидатпен әңгімелесу хаттамасы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады және конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы, сондай-ақ кандидат қолын қояды.

      Әңгімелесу әрбір кандидатпен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы кандидатқа ескертіле отырып тіркеледі.";

      45-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Әңгімелесу аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күннен кешіктірілмей өткiзiлуге тиiс қорытынды отырыста конкурстық комиссия кандидаттарды берген құжаттары, тестілеудің, жеке қасиеттерін бағалаудің, медициналық куәландырудың, полиграфологиялық зерттеулердің, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырудың, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.";

      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Конкурстық комиссия, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қабылдау туралы оң шешім қабылдаған кандидат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиісті құрылымдық бөлімшесіне тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Кандидаттың материалдары ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеріс жүргізу үшін жолданады.";

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарында:

      5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) 3х4 көлемдегі сурет (4 дана), 9х12 (1 дана);";

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің нәтижесі, оны анықтау күнінен бастап бір жылбойы жарамды.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Тестілеу рәсімдерін, техникалық қамтамасыз етуді тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.

      Орталықтың жұмыскері тестілеу операторы болып табылады.

      Тестілеу Орталықтың және оның аумақтық бөлімшелерінің тестілеу залдарында жүргізіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштер: "білімі", "жұмыс тәжірибесі", "эссе жазу (қызметке орналасатын кандидаттар үшін)" болып табылады.";

      1, 2, 3, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 9, 10, 11, 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің Төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметі органының басшысына)

Өтініш

      Мені бос__________________________________________________________________

      лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Қазақстан

      Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

      агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарының лауазымдарына орналасу

      үшін конкурс және тағылымдама өткізу қағидалары мен шарттарының талаптарымен

      таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің түпнұсқалылығын растаймын.

      Мен берген мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      қызметіне қабылданудан немесе босатудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған

      белгілі.

      Маған қатысты тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      Қоса берілетін құжаттар:

      1) _______________________________________________________________________;

      2) _______________________________________________________________________.

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
  Нысан

САУАЛНАМА

Сұрақтар

Жауаптары

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


2. Атын, әкесінің атын, тегін өзгерткен болса (бар болған жағдайда), қашан, қайда және қандай себептермен өзгерткен.


3. Туған жылы, күні, айы және орны (ауыл, қала, аудан, облыс, республика).


4. Ұлты, азаматтығы (егер өзгерткен болса, қашан және қандай себептермен өзгерткен).


5. Білімі (қашан және қандай оқу орындарын аяқтадыңыз, дипломдардың нөмірлері), диплом бойынша мамандығы мен біліктілігі.


6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы мәліметтер (қашан берілді, дипломның нөмірі), ғылыми еңбектері мен өнертабыстары.


7. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз?


8. Сот тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылдыңыз ба?


9. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба?


10. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


11. Құқық қорғау қызметіне түспес бұрын Сізге сот тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жаза қолданылды ма?


12. Бұрын сотталған немесе қылмыстық жауапкершіліктен ақталмайтын негіздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен шығарылдыңыз ба?


13. Сіздің жақын туысқандарыңыз сотты болған ба (қашан және не үшін)?


14. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз шетелде болды ма, қашан және қандай мақсатпен?


15. Сіздің немесе жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) шетелде тұрақты тұратын туысқандарыңыз бар ма (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы, туысқандық деңгейі, тұрғылықты жері, тұратын елі, олар шетелде қай уақыттан бері тұрады, немен айналысады)


16. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба?



17. Сіз орналасайын деп отырған лауазымның тікелей бағыныстылығындағы лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, баласы, қызы, асырап алушы, асырап алынған, толық немесе толық емес ағасы және апасы, атасы, әжесі, немересі, зайыбы немесе жұбайы) болып табыласыз ба?


      18. Сіздің жақын туысқандарыңыз (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандары (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңыз (зайыптарыңыз)*:

Туыстық деңгейі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы, айы, күні және жері

Жұмыс орны және лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы
















      Ескертпе:

      * Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, онда олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын көрсету қажет.

      19. Еңбек жолын бастағаннан бері атқарып жатқан жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімдеріндегі оқуын, әскери қызметін және қоса атқарған жұмысын, кәсіпкерлік қызметін және т.с.с. қоса алғанда).

      Бұл тармақты толтырғанда мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда сол уақытта аталған қалпында жазу қажет. Әскери қызметі туралы лауазымын, әскери бөлімшенің нөмірін және орналасқан жерін көрсете отырып жазу керек.

Айы және жылы

Мекеме, ұйым, кәсіпорын көрсетілген лауазымы

Мекеме, ұйым, кәсіпорынның орналасқан жері

келген

кеткен













      20. Әскери міндетке қатысы және әскери шені ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      21. Мекенжайы (тіркелген мекенжайы және тұратын мекенжайыңыз), үй және ұялы

      телефонының нөмірі ______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      22. Паспорт, жеке куәлік _____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)

      23. Қосымша мәліметтер (мемлекеттік наградалар, сайланбалы өкілдік органдарға

      қатысулар, сондай-ақ кандидат өзі туралы хабарлауды қалайтын

      ақпарат)_________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      24. Мен берген сауалнамадағы мәліметтердің шындыққа жанаспауы сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызметтің құқық қорғау қызметіне қабылданудан бас тартуға әкеліп соғуы мүмкін екендігі маған белгілі.

      ___________________________________________________________________ маған қатысты

      (ұйымның атауы)

      тексеріс іс-шараларын жүргізуге келісемін.

      ЕСКЕРТПЕ: осы сауалнаманы толтырушы тұлға, өзі туралы берген мәліметтер бұдан әрі

      өзгерсе, кадр қызметіне уақтылы хабарлайды.

      20_жылғы "___" _______________                  _______________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда))

      Қабылданушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), еңбек қызметі

      және оқуы туралы мәліметтер жеке басын растайтын құжаттарға, еңбек кітапшасындағы

      жазуларға, білім және әскери қызмет туралы құжаттарына сәйкес келеді.

      20_ жылғы "___" _______________                  _______________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
  Нысан

ӨМІРБАЯН (өз қолымен толтырылады)

      Өмірбаян конкурс қатысушының өз қолымен, еркін түрде, түзетусіз, шимайсыз, мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен толтырылады:

      аты, әкесінің аты, тегі(бар болған жағдайда), туған күні мен жері, ұлты, ана тілі, қандай шет тілдерін біледі;

      қашан, қайда, қандай оқу мекемелерін бітірген, білім бойынша мамандығы;

      қандай қызметте, қашан, қайда жұмыс атқарған, мекеменің немесе ұйымның толық атауы, мекенжайы, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу себебі, тәртіптік, әкімшілік, материалдық немесе қоғамдық шаралар қолданылған ба, қолданылса, қашан, кім, не үшін (қандай шара);

      әскери міндетке қатысы: қашан және кіммен нақты әскери қызметке шақырылған (егер шақырылмаса, не себептен), қандай әскери бөлімде (нөмірі), қандай қызметте қызмет атқарған, қашан және қандай лауазымнан Қарулы Күштер қатарынан босатылған, әскери атағы;

      отбасы жағдайы: қашан некеге тұрған, жақын туысқандарыңызға (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) және сіздің жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) жақын туысқандарына (ата-аналары (ата-анасы), балалар ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ бұрынғы жұбайларыңызға (зайыптарыңызға) мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, туған күні мен жері, ұлты, жұмыс орны, лауазымы), егер қатысушының, оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының тегі өзгертілген болса, олардың алғашқы аты-жөнін көрсету, туыстарының бірі құқық қорғау органдарында қызмет атқарады ма (туысқандық дәрежесі, аты, әкесінің аты, тегі, қайда қызмет атқарады, лауазымы, арнаулы атағы);

      қатысушы, оның жұбайы (зайыбы) немесе туыстарының бірі шетел азаматтығында болған немесе бар ма (кім, туысқандық дәрежесі), олардың ішінде шетелде болған ба (қашан, қайда, қандай мақсатпен) немесе шетелге тұрақты тұру үшін шығу туралы қолдау хат ұсынған ба (қашан, қандай себептермен), шетел азаматы болып табылатын туыстар мен таныстар, шетелде тұратын, бірақ қазақстандық азамат болып табылатын туыстар мен таныстар бар ма (аты, әкесінің аты, тегі, туысқандық дәрежесі, шұғылданатын кәсібі, мекенжайы), олармен қандай қарым-қатынаста. Қатысушы, оның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қылмыстық жауапкершілікке тартылған ба (қашан, не үшін, қандай жазаға).

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
4-қосымша

Дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

      Ерлер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас тобы

21-27

28-34

35-39

40-44

45-49

50 және одан үлкен

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

13

14

15

16

17

18

жақсы

14

15

16

17

18

19

қанағаттанарлық

15

16

17

18

19

21

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

7,8

8,4

9

9,6

10,2

10,8

жақсы

8,4

9

9,6

10,2

10,8

11,4

қанағаттанарлық

9

9,6

10,2

10,8

11,4

12,6

Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу

өте жақсы

35

33

30

27

25

20

жақсы

33

30

27

25

22

18

қанағаттанарлық

30

27

25

22

20

15

Тартылу (тартылу саны)

өте жақсы

15

13

11

9

7

5

жақсы

13

11

9

7

5

4

қанағаттанарлық

11

9

7

5

4

3

      Әйелдер үшін

Жаттығудың атауы

Баға

Жас тобы

21-26

27-30

31-35

36-45

45 және одан үлкен

Жүгіру 100 м (с)

өте жақсы

20

23,5

26,5

30

36,5

жақсы

21,5

25

28,3

31,5

40

қанағаттанарлық

23,5

26,5

30

33,5

43,5

Жүгіру 60 м (с)

өте жақсы

12

14

16

18

22

жақсы

13

15

17

19

24

қанағаттанарлық

14

16

18

20

26

Арқамен жатқан қалпында кеудені көтеру (көтеру саны)

өте жақсы

30

28

25

22

20

жақсы

28

25

22

20

18

қанағаттанарлық

25

22

20

18

16

      Ескертпе: конкурсты қысқы мерзімде өткізгенде 100 метрге жүгіру бойынша нормативті қабылдауға арналған лайықты жабық спорттық немесе басқа объектілер жоқ болған жағдайда, 60 метрге жүгіру бойынша норматив қабылдауға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
5-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсетін кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру ведомосі

      _______________________________________________________________

      (сынақты қабылдау орны, басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі)

р/с

Конкурсқа қатысушының тегі, аты (әкесінің аты болған жағдайда)

Жасы

Нәтижелері

Таныстырылды

60/100 метр

Бағасы

Аспаға тартылу

Бағасы

Қолды жатып тіреу арқылы бүгу және жазу

Бағасы































      Кім қабылдады:____________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
6-қосымша
  Нысан

Байқаушыға арналған жадынама

      Байқаушының:

      конкурс қатысушылары туралы ақпаратпен танысуға;

      олармен әңгімелесу кезінде қатысуға;

      ол аяқталғаннан кейін, әңгімелесу өткізу рәсімі туралы өз пікірін білдіруге;

      әңгімелесу өткізу барысы туралы жалпы баға беруге;

      конкурстық комиссия отырысының хаттамаларымен танысуға;

      конкурстық комиссия жұмысы туралы мемлекеттік органның басшылығына және мемлекеттік қызметтік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруге мүмкіндігі бар.

      Байқаушы:

      конкурс қатысушыларының дербес деректерін жарияламайды;

      әңгімелесу өткізу процесіне араласпайды, конкурстық комиссия отырысының барысына кедергі жасамайды;

      конкурс қатысушыларына қандай да бір жәрдем көрсетпейді;

      конкурстық комиссия мүшелеріне шешім қабылдаған кезде оларға ықпал етпейді;

      нақты конкурс қатысушылары туралы, олардың жеке қасиеттері туралы жария бағаламайды және пікірін білдірмейді.

      ________________________________________________________________________________

      (лауазым, орган (мекеме), қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
7-қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу парағы

      Сұрақтарға жауаптар 5 баллдық межелік бойынша бағаланады:

      Ерекшелігі бойынша және ситауациялық жағдай:

      1 – кәсіби шеберлігінің жоқтығы;

      2 –негізгі білімдері;

      3 – жақсы білуі және зердесі;

      4 – жоғары кәсіби білімі;

      5 - ерекше білуі.

      уәждемелер мен біліктіліктер бойынша:

      1 – төменгі нәтиже;

      2 – ортадан төмен нәтиже;

      3 – орта нәтиже;

      4 – ортадан жоғары нәтиже;

      5 – жоғары нәтиже.

Конкурсқа қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Лауазымның атауы


Сұрақтарға жауаптарды бағалау

Жалпы балл

Уәждеме бойынша

Біліктілігі бойынша

Ерекшелік бойынша

Ситуациялық жағдай











      Конкурстық комиссия мүшесінің ___________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" _________________

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросының
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) және оның аумақтық
органдарының лауазымдарына
орналасу үшін конкурс және
тағылымдама өткізу
қағидалары мен шарттарына
8-қосымша
  Нысан

Бос лауазымға орналасуға кандидатпен әңгімелесу № хаттамасы

      ______________ қаласы                                    20__жылғы "_" _____________

      Әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары қолданылып жүргізілді.

      КҮН ТӘРТІБІ

      ________________________________________________________________________________

      бос лауазымға (лауазым атауы)

      лауазымдарына орналасуға кандидатпен әңгімелесу.

      Өткізілген әңгімелесу негізінде конкурстық комиссия кандидаттарға бағалау жүргізді:

      2. ___________________________________?
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Өткізілген әңгімелесу негізінде конкурстық комиссия кандидаттарға бағалау жүргізді:
      ________________________________________________________ - ___ балл (қортынды балл)
      (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
      ________________________________________________________ - ___ балл (қортынды балл)
      (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы:_________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия хатшысы:_________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Кандидат:_________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 9-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша
  нысан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      _____________________________

      (Бюроның басшысы (Бюроның

      аумақтық органының басшысы)

      _____________________________

      (қолы)

      20_____жылғы "___"__________

      Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің есебі туралы қорытынды

      ______________________________________________________________

      (кандидаттың/қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ______________________________________________________________

      (көзделген лауазым)

р/с

Бағалау өлшемдері

Ықтимал ең жоғары балл

Кадидаттың/Қызметкердің жинаған баллдары

құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттар үшін

құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін

1

Кәсіби құзыреттері:

ҚР заңнамаларын білу

20

20


Жеке қасиеттерді бағалау

10

10


2

Негізгі көрсеткіштер:

білімі

10

10


жұмыс тәжірибесі

5

20


эссе жазу

15

-


3

Кәсіби жетістіктері

15

40



Барлығы:

75

100


      Тұжырымдар мен ұсынымдар:

      жиналған баллдардың нәтижелері бойынша

      ___________________________________________________________ бәсекеге қабілеттіліктің

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____ деңгейіне сәйкес келеді,

      ______________________________________________________________________ ұсынылады

      ((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға

      тағайындауға, кадр резервіне енгізуге)

      Бөлімшенің тікелей

      басшысы (лауазымы)___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Ішкі қауіпсіздік

      бөлімшесінің басшысы ________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Кадр қызметінің

      басшысы______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 10-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
2-қосымша
  нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттардың
және қызметкердің кәсіби құзіреттіліктерін бағалау 1. Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін бағалау (жалпы баға 0-ден 20 баллға дейін)


р/с

Ерекшеліктер атауы

Ерекшелік сипаттамасы

Сұрақтар саны

Жедел-тергеу, арнайы және ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің барлық лауазымдардың санаттары үшін

1

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

2

Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

10

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-іс жүргізу кодексі

10

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

10

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146, "Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10027 болып тіркелген.

10


БАРЛЫҒЫ


120

Ұйымдастыру функцияларын атқаратын бөлімшелердің барлық лауазымдардың санаттары үшін

1

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

10

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

10

2

Құқық қорғау органдары қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

15

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15

"Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

15


БАРЛЫҒЫ:


110

      Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу бойынша тестілеудің дұрыс жауаптарының саны және балл арақатынасы

р/н

Ерекшелік атауы

Тестілеу тапсырмасының жалпы санының дұрыс жауаптарының пайызы (%)

Балл

1

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу

0-ден 20-ға дейін
20-дан 50-ге дейін
50-ден 70-ке дейін
70-тен 100-ге дейін

0
2
4
5

2

Құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

0-ден 20-ға дейін
20-дан 50-ге дейін
50-ден 70-ке дейін
70-тен 100-ге дейін

0
4
10
15

ЖАЛПЫ БАҒАСЫ

20

2. Жеке қасиеттерін бағалау (жалпы баға 1-ден 10 баллға дейін)

Жеке қасиеттері

Жеке қасиеттерінің сипаттамасы

Басшылық лауазымдары үшін ең жоғары балл

Орындаушылық лауазымдары үшін ең жоғарғы балл

1

Талдама жасауы

жаңа ақпараттарды алу қабілеттілігі, нәтижені болжауы, сындарлы көру және перспективаларды пайдалану

1,5

1

2

Бастамашылдық

конструктивтік идеясын ұсыну қаблеттілігі, өз қызметінің нәтижесін арттыру үшін бастамасы, өзінің креативтілігін іске асыру

1

1,5

3

Ұйымдастырушылық

Мемлекеттік қызмет функциялары мен міндеттемелерін орындау үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету қабілеттлігі (қызметті тиімді ұйымдастыру қабілеттілігі)

1

1,5

4

Коммуникативтілік

тұлғааралық өзара іс-қимыл жағдайларының белгілі бір ауқымында тиімді өзара іс-әрекет жасау үшін қажетті ішкі жеке ресурстар жүйесін пайдалану мүмкіндігі

1

1,5

5

Көшбасшылық

топ (ұйым) іс-әрекеттерін бақылай білу, топта беделі мен ықпалын мойындата білу, ұжымды ынталандыру қабілетті

1,5

0,5

6

Стратегиялық ойлау

қолдағы бар ресурстарды сауатты пайдалану кезінде (өзінің және өзгенің) нәтижелерін болжау қабілеті, әрекет ету нәтижелері

1,5

0,5

7

Этикасы

моральдық және этикалық мінез-құлық нормасын сақтауы

0,5

0,5

8

Сапасына назар аудару

кәсіби қызметін жүзеге асырудың озық стандарттарына назар аудара отырып, мемлекеттік қызмет және ұйым стратегиясының мақсатына бағдарлану бейімі

0,5

1

9

Азаматтарға бағдарлану

қызметшінің азаматтардың қолданыстағы және туындайтын күтулеріне бағытталуы

0,5

1

10

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуден көрінетін азаматтық белсенді ұстанымын көрсету

1

1


ИТОГО:

10

10

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 11-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
3-қосымша
  нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштер 1. "Білім" көрсеткіші (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)

      "Білім" көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі.

Көрсеткіш

Жалпы

Кәсіби

Бакалавр

4 балл

7 балл

Магистр

5 балл

8 балл

Ғылым кандидаты

6 балл

9 балл

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы

7 балл

10 балл

      Ескертпе: үздік дипломы бар, қызметке алғаш орналасатын кандидаттар үшін қосымша 3 балл беріледі.

      2. Жұмыс тәжірибесі

      (жалпы баға: 1-ден 5 баллға дейін құқық қорғау қызметіне алғаш

      орналасатын кандидаттар үшін;

      2-ден 20 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын

      қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін)

      Құқық қорғау және арнайы органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі.

Жұмыс тәжірибесі

Тағы басқа

Өтіл

Құқық қорғау және арнайы органдардағы қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі

Құқық қорғау және арнайы органдардағы басқа да қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі

Орындаушылық

Басшылық

Орындаушылық

Басшылық

20 жыл және одан жоғары

14

20

12

14

10

10 жылдан 20 жылға дейін

11

16

9

11

6

5 жылдан 10 жылға дейін

9

14

7

9

5

1 жылдан 5 жылға дейін

7

12

5

7

4

1 жылға дейін

3

6

2

3

1

      Ескертпе: Кандидатта/қызметкерде жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен ұстаным ескеріледі.

      3. Эссе жазу

      (жалпы баға 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне

      алғаш орналасатын кандидаттар үшін)

      Құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын кандидаттардың баллдары әзірленген эссе қорытындысы бойынша анықталады.

      Баллы кандидатам, впервые поступающим на правоохранительную службу, определяются по итогам подготовленных эссе.

      Эссені тікелей басшысы бағалайды.

      Эссе кандидаттың өз қолымен, қызметкерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қызметініңкадр бөлімшесі тиісті бөлімшелерінің басшылары беретін тақырыптар бойынша жазылады ("А4" форматтағы 2 парақтан көп емес).

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 180 бұйрығына 12-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін және
бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішінің есебін айқындау
қағидалары мен әдістеріне
4-қосымша
  нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау

      (жалпы баға: 1-ден 15 баллға дейін құқық қорғау қызметіне

      алғаш орналасатын кандидаттар үшін;

      1-ден 40 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан

      бұрын қызмет атқарған кандидаттар, қызметкерлер үшін)

Кәсіби жетістіктер атауы

Растайтын құжаттың (егер бар болса ) атауы және нөмірі

Бағасы (баллдар)

1

Мемлекеттік наградалардың болуы


5

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің наградалары, көтермелеулері


2

3

Тәртіптік жазалардың болмауы


2

4

Халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның,оқу мекемесінің мүддесін білдіру (кандидаттар үшін)


2

5

Кезектен тыс арнайы атақтарын, сыныптық шен беру немесе кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу


4

6

Органның қызметін жақсарту мақсатында бастамашылдығы


4

7

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу


3

8

Мемлекеттік тілді меңгеру (ортадан жоғары деңгей туралы сертификаттың болуы)


2

9

Шет тілдерін білу (сертификат)


1

10

Жоғары тұрған лауазымға жылжуына ұсыну


3

11

Біліктілікті арттыру курстарынан өту (соңғы 3 жылда)


3

12

Тұлғаға басқа да ұйымдардың, тұлғалардың (көршілердің пікірлері, учаскелік полиция инспекторының баянаты, оқу, жұмыс орнынан мінездемелер) оң пікірлердің болуы (кандидаттар үшін)


5

13

Қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға қатысу (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар және т.б.) (кандидаттар үшін)


2

14

"1-сыныпты маман – жетекші" сыныптық біліктілігінің болуы


2

ЖАЛПЫ БАҒА

40

      Ескертпе: қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде 1, 5, 7, 8, 9, 11-тармақтарды қоспағанда сыбайлас жемқорлық қызмет кезеңі ескеріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады