Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 565, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 62, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 892, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 146 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 416 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 желтоқсанда № 10027 тіркелді.

      2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексі 232-бабының 10-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Бұйрықпен бірлесіп қатысатын мемлекеттік органдардың басшылық және жеке құрамы таныстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "А" басқармасы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Мемлекеттік күзет

_______________ Б. Сұлтанов

қызметінің бастығы


____________ А. Күреңбеков

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері

Ұлттық қауіпсіздік

және жемқорлыққа қарсы

комитетінің төрағасы

іс-қимыл агенттігінің

______________ Н. Әбіқаев

төрағасы


______________ Қ. Қожамжаров


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


______________ Қ. Қасымов


КЕЛІСІЛДІ


Қазақстан Республикасының


Бас прокуроры


______________ А. Дауылбаев


2014 жылғы 19 желтоқсан


  Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 892
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 565
  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 62
  Мемлекеттік күзет қызметі
бастығының
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 146
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті төрағасының
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 416 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 10.04.2018 № 276, ҚР Қаржы министрінің 19.04.2018 № 476, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.04.2018 № 109, ҚР спубликасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 12.04.2018 № 11-11, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 10.04.2018 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 232-бабына сәйкес әзірленді және пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін (бұдан әрі – ЖТӘ) жүргізу тәртібін анықтайды.

      Пошта және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау ҚР ҚПК-ге сәйкес жүргізіледі.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі – (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) - сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамның ЖТӘ жүргізу туралы тапсырмасын орындайтын бөлімше (орындаушы бөлімше) және ЖТӘ жүзеге асыратын бөлімше (ЖТӘ бөлімшесі);

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру құқығы берілген, өндірісінде тергеудегі қылмыстық іс бар тергеуші, анықтаушы, анықтау органының лауазымды адамы.

2-тарау. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібі

1-параграф. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тапсырмалар дайындау және жолдау

      3. ҚПК-нің 232-бабына сәйкес пошта және өзге де жөнелтілімдерді қоспағанда жасырын тергеу әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімше 1-қосымшаға сәйкес құрастырылған сотқа дейінгі тергеу органының тапсырмасы (бұдан әрі - тапсырма) бойынша жүргізеді.

      Сотқа дейінгі тергеу мерзімдерін үзу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - "ЖІҚ туралы" Заң) сәйкес іс бойынша қажетті іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына тігуге кедергі келтірмейді.

      Тапсырма құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.

      Тапсырма екі данада Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес құрастырылады.

      Бірінші данасы желімделген конвертте мекенжайын көрсете және "Жеке" белгісін қоя отырып, орындаушы бөлімшеге құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын бөлімше (бұдан әрі - ҚҚЕ бөлімшесі) арқылы жіберіледі.

      Конвертке құжаттың нақты бір қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

      Тапсырманың екінші данасы ЖТӘ жүргізу кезінде қылмыстық іс материалдарына тігілмейді және оның тізілімдемесіне енгізілмейді. Аяқталған соң ЖТӘ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамда тиісті номенклатуралық істе сақталады. Ал ЖТӘ нәтижелерін құпиясыздандырғаннан кейін қылмыстық іс материалдарына тігіледі. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін адам, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуге ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын адамдар ЖТӘ жүргізу туралы тапсырма шығару фактісінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      ЖТӘ аяқталғанға дейін тапсырманың көшірмесін жасауға жол берілмейді.

      ҚҚЕ бөлімшесінде конвертті тіркеу кезінде қылмыстық істі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның нөмірін және басқа да ақпаратты көрсетпей, құжаттар қылмыстық істің материалдары болып табылатыны көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Тапсырма берген адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның заңдылығы мен негізділігі үшін жауапты болады.

2-параграф. Жасырын тергеу әрекеттері бойынша тапсырма алу және орындау

      5. Орындаушы бөлімшенің басшысы ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы алысымен оны орындау бойынша дереу шаралар қабылдайды және ЖТӘ жүргізуді уәкілетті бөлімшенің қызметкеріне тапсырады, ол жасырын тергеу әрекеттері ісін (бұдан әрі – ЖТӘІ) ресімдейді.

      ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы алған уәкілетті бөлімшенің қызметкері осы Қағидаларға:

      1) 2-қосымшаға сәйкес адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейне бақылау жүргізу туралы;

      2) 3-қосымшаға сәйкес электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды жүргізу туралы;

      3) 4-қосымшаға сәйкес абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу туралы;

      4) 5-қосымшаға сәйкес компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу туралы;

      5) 6-қосымшаға сәйкес орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу туралы;

      6) 7-қосымшаға сәйкес адамды немесе орынды жасырын қадағалау туралы;

      7) 8-қосымшаға сәйкес жасырын бақыланатын сатып алуды жүргізу туралы;

      8) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Өзіне қатысты ЖТӘ жүргізіліп жатқан объекті (немесе орын) туралы мәліметтерді жариялауды болдырмау қажеттілігі туындаған кезде прокурормен келісілген сауалнамалық деректерді өзгерту (шартты атауы) туралы қаулыға уәкілетті бөлімшетің қызметкері ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны қоса береді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6. Тапсырмада ҚПК-нің 233-бабындағы тәртіпте қаулы шығару үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы бөлімше бұл туралы тапсырманы алған сәтінен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзімде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға хабарлайды. Бұл ретте қаулы шығарылмайды.

      7. ЖТӘ жүргізу тапсырылған уәкілетті бөлімшенің адамы ҚПК-нің 231-бабының 1), 2), 3), 4) 6) тармақшаларында көзделген ЖТӘ жүргізу туралы шығарған қаулыларды тергеу судьялары санкциялайды.

      Уәкілетті бөлімшенің қызметкері қаулыны конвертке салып, оны жапсырады, онда мекенжай көрсетіледі және "Жеке өзіне" деген белгі қояды.

      Конвертке құжаттардың нақты бір қылмыстық іске тиесілігі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

      Қаулыға "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және құпияландыруға жататын ведомстволық (салалық) мәліметтер тізбесіне сәйкес ақпарат енгізілген жағдайда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатады, қаулыларға тиісті құпиялылық белгісі беріледі.

      Құпиялылық белгісі бар қаулылармен жұмыс істеу тәртібі мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Судьяларға қатысты ЖТӘ-ні санкциялауды Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты ЖТӘ-ні санкциялауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тергеу судьясы жүргізеді

      Санкция берілген жағдайда санкцияланған қаулының бір данасы орындаушы бөлімшеге жолданады, қаулының екінші данасы тергеу судьясында қалады. Орындаушы бөлімше санкцияланған қаулының келіп түскен данасын орындау үшін ЖТӘ бөлімшесіне жолдайды.

      Шұғыл жағдайда қаулының екі данасы санкция алу үшін тергеу судьясына қолма қол ұсынылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда санкция алынған күннен бастап санкцияланған қаулының екініші данасын орындаушы бөлімше келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тергеу судьясына ҚҚЕ бөлімшесі арқылы белгіленген тәртіппен кері қайтарады.

      Санкциялау туралы шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда тергеу судьясы дәлелденген қаулымен оны санкциялаудан бас тартады.

      ЖТӘ жүргізу мерзімін ұзарту туралы қаулыны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ЖТӘ-ні ұзарту мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын шығарады және санкция алу үшін тергеу судьясына ұсынады.

      Санкция беруден бас тартылған жағдайда санкцияланбаған қаулының екі данасын уәкілетті бөлімше ЖТӘІ-ге тігеді, ол дереу тоқтатылады.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының қаулысына, санкциясына қолдау білдіруге құқылы:

      1) ЖТӘ-ні санкциялау немесе санкциялаудан бас тарту туралы;

      2) ЖТӘ мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы;

      3) өзіне қатысты жүргізілген ЖТӘ туралы адамға хабарлау мерзімдерін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы;

      4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өзіне қатысты жүргізілген ЖТӘ туралы адамға хабарламауға келісім беру немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына осындай келісім беруден бас тарту туралы;

      5) ЖТӘ-ні тоқтату туралы прокурордың қолдаухатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәріпте жүргізілген ЖТӘ-ні тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында берілген ақпараттың шынайылығына күмән болған жағдайда тергеу судьясы қаулыны санкциялайды және жиырма төрт сағат ішінде прокурордың оның заңдылығын тексеруіне бастама көтереді.

      Прокурор тергеу судьясының ЖТӘ заңдылығына тексеру жүргізу туралы хабарламасын алғаннан кейін тергеу әрекетінің құпиялығын қамтамасыз етеді және тергеу судьясының ЖТӘ жүргізу туралы қаулының заңдылығын тексеру туралы хабарламасын орындауға шаралар қабылдайды.

      ҚПК 234-бабының 2-бөлігіне сәйкес прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізеді және оның нәтижелері туралы жазбаша түрде тергеу судьясына хабарлайды

      Прокурордың жазбаша түрдегі тексеру нәтижелері конвертке салынып желімделеді, онда адресаттың - тергеу судьясының, ЖТӘ жүргізуге бастама көтерген орындаушы бөлімшенің деректері көрсетіледі және "Жеке өзіне" деген белгі қойылады.

      ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 9-1) тармағына сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, ҚПК-нің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз ЖТӘ-ні өз қаулысымен тоқтатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      9. ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны орындау мүмкін болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға уәкілетті бөлімше басшысының қолымен себептерін көрсете отырып, дереу жазбаша хабарлама жіберіледі.

      10. Қаулыда көрсетілген мерзімде ЖТӘ орындау мүмкін болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға орындаушы бөлімше басшысының қолымен ЖТӘ-ні анағұрлым кейінірек мерзімге ауыстыру туралы хабарлай отырып, жазбаша хабарлама жіберіледі.

      11. ҚПК-нің 235-бабының 1-бөлігіне сәйкес кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тергеу судьясын жиырма төрт сағат ішінде жазбаша хабардар ете және кейіннен санкция ала отырып, санкциялауды талап ететін ЖТӘ жүргізуге жол беріледі.

      Іс-шаралар аяқталған соң ЖТӘ бөлімшесі қаулыны шығарған адамға алынған материалдарды қаулымен бірге беруді дереу (жиырма төрт сағаттан кешіктірмей) жүзеге асырады.

      Қаулыны шығарған адамдар ЖТӘ нәтижелерін алып, санкция алу үшін тергеу судьясына қажетті материалдарды ұсынады.

      Кейінге қалдыруға болмайтын ЖТӘ-ні ұзарту қажет болған жағдайда тергеу судьясының санкциясын талап ететін жеке қаулы шығарылады.

      ҚПК 235-бабының 2-бөлігіне сәйкес, тергеу судьясы ұсынылған материалдарды зерделей отырып, жүргізілген ЖТӘ кейінге қалдыруға болмайтынымен келіскен жағдайда, оның заңдылығы туралы қаулы шығара отырып, қаулыны санкциялайды. Келіспеген жағдайда оны тоқтату және нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға болмайтыны туралы қаулы шығарады.

      ЖТӘ тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға болмайтыны туралы қаулы ҚПК-нің 240-бабында көзделген мәселелер шешілгенге дейін оларды орындаушы бөлімшенің сақтауына негіз болып табылады.

      12. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулыларды есепке алу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қаулылар мен тапсырмаларды есепке алу журналында жүргізіледі.

      13. ҚПК-нің 47-бабының 8-бөлігіне және 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес құпия мәліметтерді жария ету тек прокурордың рұқсатымен, егер бұл тергеу мүддесіне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, мүмкін деп танылған көлемде берілуі мүмкін.

      14. ЖТӘ мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам қабылдайды. ЖТӘ мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімнің қабылданғаны туралы орындаушы бөлімшеге хабарланады, ол өз кезегінде ЖТӘ бөлімшесін ЖТӘ жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

3-параграф. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ұсыну, оларды зерттеу және бағалау

      15. Дереу, бірақ ЖТӘ аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей оларды жүргізу барысында алынған барлық материалдарға құпиялауға жататын ведомстволық мәліметтер тізбесіне сәйкес құпиялылық белгісін қоя отырып, мөрленген түрде ЖТӘ бөлімшесі уәкілетті органның қызметкеріне жібереді. Іс үшін маңызды болатын қолда бар барлық ЖТӘ нәтижелері мемлекеттік құпиялар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпиясыздандырылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамға беріледі.

      Материалдарға ЖТӘ жүргізу туралы қаулы қоса тігіледі.

      ЖТӘ жүргізу барысында адамның тергеліп жатқан қылмысқа қатыстылығы, сондай-ақ қылмысты басқа адамдардың жасағаны туралы мәліметтер алынған кезде ол туралы қаулы шығарған адамға дереу хабарлайды, ол осы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізетін адамға жазбаша түрде хабарлайды.

      ЖТӘ бойынша жүргізілетін қылмыстық іс өзге адамның өндірісіне берілген жағдайда, ол туралы ЖТӘ нәтижелерін беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ЖТӘ бөлімшесіне хабарланады.

      Қаулыны орындаушы бөлімшенің лауазымды адамы шығарған жағдайда оның функциялары немесе өкілеттері басқа адамға берілген кезде ЖТӘ бөлімшесіне хабарланады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      16. ЖТӘ нәтижелері туралы орындаушы бөлімше уәкілетті прокурорға ол аяқталғаннан күннен бастап екі тәуліктен кешіктірмей хабарлайды.

      17. Жазбаша хабарламада:

      1) оның жасалған күні, орны мен уақыты;

      2) ЖТӘ бойынша жүргізілген қылмыстық істің нөмірі;

      3) қандай ЖТӘ және қандай мерзімдерде жүргізілгені;

      4) ЖТӘ жүргізу туралы тапсырманы орындаған бөлімше;

      5) тергеп-тексерілетін іске қатысы бар нақты деректердің алынған-алынбағаны, олардың қысқаша сипаттамасы және оған ЖТӘ нәтижелерінің берілген-берілмегені қамтылуы тиіс.

      Хабарлама екі данада жасалады, оның біреуі желімделген конвертте, адресатты көрсете және "Жеке өзіне" деген белгі қоя отырып, Қазақстан Республикасындағы іс жүргізу талаптарына сәйкес ҚҚЕ бөлімшесі арқылы уәкілетті прокурорға жіберіледі.

      18. ЖТӘ нәтижелелерін зерттеуді және бағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ЖТӘ аяқталысымен ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген талаптарды сақтай отырып, дереу жүзеге асырады.

      19. ҚПК 237-бабының көзделген және ЖТӘ-нің аралық нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда қаулыны шығарған адам материалдарды беру үшін қажетті мерзімдер мен датаны көрсете отырып, ЖТӘ бөлімшесіне сұрау салуды ресімдейді.

      Материалдарды беру құпиялық шараларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Әрбір сұратылған жағдайда ЖТӘ нәтижелелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адам ҚПК-нің 238, 239-баптарында көзделген тәртіпте зерттейді.

      20. Тергеу бөлімшесінің немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген анықтау органының бастығы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей ЖТӘ нәтижелерімен таныстырмай өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамға жүргізілген ЖТӘ-нің түрін және оны жүргізу уақытын көрсете отырып, хабарлама жолдауды қамтамасыз етеді.

      Егер адам ҚПК-нің 295 және 296-баптарында көзделген тәртіпте қылмыстық іс материалдарымен танысқан кезде немесе ҚПК-нің 239-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіпте хабарланған кезде сотқа дейінгі өндіріс барысында ЖТӘ жүргізу фактісімен танысқан жағдайда бұл адам жүргізілген ЖТӘ туралы хабарланған деп есептеледі және қайта хабарлау қажет емес.

      Хабарлау мерзімін бір жылға дейін ұзарту қажеттілігі болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы хабарлау мерзімінің аяқталуына дейін үш тәулік бұрын тергеу судьясына дәлелді қолдаухат енгізеді.

      ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы тергеу судьясының алдында өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы адамға хабарламау туралы өтініш білдіреді:

      1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша;

      2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

      3) егер хабарлау мемлекеттік құпиялардың ашылуына қауіп тудырса;

      4) егер хабарлау құпия негізде және астыртын нысанда қызметті жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе хабарламауды келісуі мүмкін.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығы өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамға хабарлау (хабарламау) туралы шешім қабылдау кезінде шешім туралы уәкілетті бөлімшеге алдын ала хабарлайды.

      Уәкілетті бөлімше бес жұмыс күні ішінде нақты негіздеме ұсына отырып, қандай да бір шешім қабылдаудың мақсатқа сәйкестігі туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін тергеу бөлімшесінің немесе анықтау органының бастығына хабарлайды.

      Шетелдіктерге және Қазақстан Республикасынан тыс шыққан азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ тұрғылықты жері белгісіз адамдарға хабарлау мүмкін болмаған жағдайларда ЖТӘІ-ге адамның Қазақстан Республикасынан тыс шығу немесе хабарлауға жататын адамның жүрген жерін анықтау бойынша қабылданған шаралар фактісін растайтын материалдар тігіледі.

      Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалдың орнын толтыру туралы арызды құпиялылықты сақтай отырып, ҚПК-нің 106-бабы тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген органның орналасқан жері бойынша тергеу судьясы қарайды.

      Арызды қарау барысында өзіне қатысты ЖТӘ жүргізілген адамның ЖТӘІ-ге тігілген материалдармен танысуына жол берілмейді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      21. ЖТӘ жүргізудің ұйымдастырылуын көрсететін құжаттамалық материалдар және оған тігілмеген барлық нәтижелері әрбір нақты қылмыстық іс бойынша ЖТӘІ-де жүйеленеді.

      ЖТӘІ орындаушы бөлімшеде болады және жедел есепке алу ісі болып табылмайды.

      ЖТӘІ-ні жүргізу мерзімі және оны жою тәртібі Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 240-бабының талаптарына сәйкес регламенттеледі.

      Орындаушы бөлімше сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қылмыстық іс бойынша жасырын тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы хат алғаннан кейін бес күннің ішінде баянат негізінде ЖТӘІ-ні тоқтатады, ол 240-баптың 1-1 және 6-бөліктерінде көзделген мәселелерді түбегейлі шешкенге дейін онымен бөтен адамдардың танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда орындаушыда сақталады, одан кейін еркін түрде акт жасай отырып, жойылады. Қылмыстық істі қалпына келтіру және ЖТӘ-ні одан әрі жүргізу қажет болған кезде орындаушы бөлімше баянат бойынша ЖТӘІ-ні өндірісіне қабылдайды.

      22. ЖТӘ-ні жүзеге асыру кезінде адамды құқыққа қарсы әрекеттер жасауға итермелейтін немесе арандататын әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға жол берілмейді.

      23. ЖТӘ жүргізу барысында бақыланатын аумақта (жергілікті учаскеде, үй-жайда) және (немесе) бақыланатын абоненттік қондырғы бойынша ЖТӘ санкцияланбаған адамның құқыққа қарсы әрекет жасағаны тіркелген кезде ЖТӘ бөлімшесі ЖТӘ жүргізу туралы қаулы шығарған адамға дереу хабарлайды, ол алынған нәтижелерді жиырма төрт сағат ішінде зерделейді.

      Қаулы шығарған адам хабарламамен танысқаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпаратты тексеру бойынша шаралар қабылдайды.

      24. ЖТӘ жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.

      25. Сот ЖТӘ жүргізу туралы қаулыны санкциялағаннан кейін орындаушы бөлімше 48 сағат ішінде Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшесін немесе облыс прокурорын қадағалау тиесілігі бойынша жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Бас прокуратураның бөлімшесіне арнайы және құқық қорғау органдарының орталық аппараттары, облыс прокурорына осы мемлекеттік органдардың облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелері хабарлайды.

      Электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды жүргізу туралы хабарлама:

      1) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізбесінің нөмірін;

      2) IMEI кодын;

      3) қаулыны санкциялау күнін;

      4) оған қатысты ЖТӘ жүргізілетін адамның анықтамалық деректерін;

      5) тексеретін адамның телефон нөмірін;

      6) ЖТӘ жүргізу кезеңін қамтиды.

      ЖТӘ-нің басқа түрлері бойынша хабарламада СДТБТ нөмірі мен жүргізілетін ЖТӘ түрі көрсетіледі.

      ЖТӘ жүргізу туралы хабарлама құпиялық немесе мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жіберіледі.

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Жеке
  ____________________________
бастығы
(уәкілетті бөліністің атауы)
____________________________
(тегі, аты-жөні)

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы
ТАПСЫРМА

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      Менің іс жүргізуімде ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      белгілері бойынша 20__жылғы "____" _________ №___ болып Сотқа дейінгі

      тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген қылмыстық іс бар.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру______________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша баяндамасы, құқықтық саралау, ЖТӘ жүргізу

      __________________________________________________________________________

      жоспарланып отырған адамға, орынға немесе затқа қатысты мәліметтер, талап

      етілетін фактілерді өзге

      __________________________________________________________________________

      амалдармен ала алмау дәлелдерін қоса алғанда тапсырма беру үшін негіз болып

      табылатын нақты (себептер)

      _________________________________________________________________ анықтады.

      Баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 188, 232- баптарын

      басшылыққа ала отырып,

      1. ________________________________________________________________________

      (тапсырманы орындау жүктелетін уәкілетті бөлімше)

      __________________________________________________________________ қатысты

      (адам, орын немесе зат)

      20___жылғы "__"________ бастап 20___жылғы "__"________ кезең аралығында

      _________________________________________________________________ жүргізуді

      (қандай жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу қажет екені көрсетіледі)

      тапсырамын.

      2. Іс үшін маңызды болатын қолда бар барлық ЖТӘ нәтижелері

      _________________________________________ маған ұсынылсын.

      (мерзімі немесе кезеңі көрсетілсін)

      ______________ __________ _________________________________________________

      (лауазымы)             (қолы)       (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы

      адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
 
  Нысан
 
  Жеке
  Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

      Адамды немесе орынды жасырын

      аудио- және (немесе) бейнебақылау

      20__ ж. "___" ____ бастап

      20__ ж. "___" ____ дейін __ тәулік мерзімге

  САНКЦИЯЛАЙМЫН
Судья
  ______________________
  20__ жылғы "___" ____

Адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №___________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 242-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"_______ бастап 20___жылғы "__"______ кезең аралығында арнайы

      техникалық құралдарды пайдалана отырып, ___________________

      жылы туған _______________________________ қатысты ________________________

      (Т.А.Ә.)

      жасырын, аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау_____________________жүктелсін

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері

      __________________________________________________________________________

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы адамның (бар жолған жағдайда)

      Т.А.Ә.)

      ______________ __________ ________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы

      адамның (бар жолған жағдайда) Т.А.Ә.)

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

      Электр (телекоммуникация) байланыс

      желілері арқылы берілетін ақпаратты

      жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу

      ___________________________________

      (абонент № не абонент терминалының IMEI коды (байланыс операторы)

      20__ ж. "___" ____ бастап

      20__ ж. "___" ____ дейін __ тәулік мерзімге

  САНКЦИЯЛАЙМЫН
Судья
______________________
20__ жылғы "___" ____

Электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап
қалуды және түсіріп алуды жүргізу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №___________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 242-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"________ бастап 20___жылғы "__"________ кезең аралығында

      арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, ___________________

      жылы туған ________________________________________

      қатысты ___________________

      (Т.А.Ә.)

      __________________________________________________________________________

      (абонент № не абонент терминалының IMEI коды (байланыс операторы)

      берілетін ақпаратты жасырын бақылау, аудио- және (немесе) бейнебақылау жүргізілсін.

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері бар материалдық тасымалдауыш оралған,

      мөрленген түрде____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      ұсынылсын.

      __________________ ____________ __________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның Т.А.Ә. (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

      ________________________________

      (абонент № не абонент терминалының

      IMEI коды (байланыс операторы)

      Абоненттер және (немесе) абоненттік

      құрылғылар арасындағы қосылулар туралы

      ақпаратты жасырын алу

  САНКЦИЯЛАЙМЫН
Судья
______________________
20__ жылғы "___" ____

Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №___________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 244-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"________ бастап 20___жылғы "__"_______________ кезең

      аралығында _______________________________________________________________

      (абонент № не абонент терминалының IMEI коды (байланыс операторы)

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Алынған ақпарат оралған, мөрленген түрде __________________________________

      __________________________________________________________________________

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      ұсынылсын.

      ________________ ____________ ___________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның (болған жағдайда)

      ТАӘ,)

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)
САНКЦИЯЛАЙМЫН
Судья
______________________
20__ жылғы "___" ____

Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №___________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 245-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. ____________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

      компьютерден ақпаратты түсіріп алу жүргізілсін.

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері бар материалдық жеткізгіш оралған,

      мөрленген түрде ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________ ұсынылсын.

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      _________________ ___________ __________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

      Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу

      20__ ж. "___" ____ бастап 20__ ж. "___" ____ дейін __ тәулік мерзімге

  САНКЦИЯЛАЙМЫН
  Судья
  ______________________
  20__ жылғы "___" ____

Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №____________________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 247-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"________ бастап 20___жылғы "__"________ кезең аралығында

      жасырын аудио- және бейнебақылау жүргізу туралы қаулының

      ____________________________________шеңберінде арнайы техникалық құралдармен

      (Т.А.Ә.)

      жабдықтау мақсатында ___________________________________ мекенжайы бойынша

      орналасқан

      "_______________________________________________________________" ММ

      ғимаратындағы № ____ қызметтік кабинетке кіру және оны қарап-зерттеу жүргізілсін.

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде

      __________________________________________________________________ берілсін.

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      _________________ ____________ __________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

Адамды немесе орынды жасырын қадағалау туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №___________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 248-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"________ бастап 20___жылғы "__"________________ кезең

      аралығында ____________ мерзімге бейне-, фотоаппаратураны, сондай-ақ байқауға

      алудың арнайы техникалық құралдарын пайдалана отырып,

      __________________________________________________________________________

      (адамға не орынған, жүргізу мекенжайы)

      ____________________________________________ жасырын байқауға алу жүргізілсін.

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде

      _________________________________________________________________ берілсін.

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      ________________ ____________ ________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

Жасырын бақыланатын сатып алуды жүргізу туралы ҚАУЛЫ

      20__ жылғы "___" ____ ___________ қаласы

      __________________________________________________________________________

      (құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның уәкілетті бөлінісі өкілінің

      __________________________________________________________________________

      лауазымы, Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___" ____ №____________________________қылмыстық іс бойынша –

      _________________________________________________________тапсырмасын қарап,

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      АНЫҚТАДЫ:

      __________________________________________________________________________

      (қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы, ЖТӘ жүргізу қажеттілігінің

      негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 233 және 250-баптарын

      басшылыққа ала отырып, -

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 20___жылғы "__"________ азамат __________________________________________

      (Т.А.Ә.)

      ___________________________________ жасырын бақыланатын сатып алу жүргізілсін.

      (заттың атауы)

      2. Осы қаулыны орындау ________________________________________ тапсырылсын.

      (ЖТӘ бөлінісі)

      3. Алынған барлық материалдар оралған, мөрленген түрде

      __________________________________________________________________ берілсін.

      (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның лауазымы, Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

      __________________ ____________ ________________________________________

      (лауазамы) (қолы) (қаулыны енгізген адамның Т.А.Ә.

      (болған жағдайда))

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
9-қосымша
  Нысан
  Жеке
Құпиялылық белгісі
(қажеттілігі болған жағдайда)

Жасырын ендіруді және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялауды жүргізу туралы ҚАУЛЫ

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 04.05.2020 № 371, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.05.2020 № 465, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 06.05.2020 № 139, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 11.05.2020 № 35/қе және ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының 14.05.2020 № 11-15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
10-қосымша
Нысан

Жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу ЖУРНАЛЫ

Реттік есепке алу нөмірі

ЖТӘ жүргізілетін қылмыстық істің нөмірі

Том нөмірі

Парақтар саны

Басталған күні

Аяқталған күні

Істі жүргізуге (сақтауға) жауапты, қолы және күні

Мүккамал нөмірі

Қайда, қашан және қандай нөмірмен жолданды, нөмірі және күні

Жою туралы актінің нөмірі және күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























  Құпиялық белгісі
Жасырын тергеу әрекеттерін
жүргізу қағидаларына
11-қосымша
Нысан

      __________________________________________________________________________

      (бөлімше атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған

      қаулылар мен

      тапсырмаларды есепке алу

      ЖУРНАЛЫ №______

      №______том

      Басталды: 20___ж. "____"____________

      Аяқталды: 20___ж. "____"____________

      Мұрағаттық №_________

№ р/р

Қаулыны, тапсырманы тіркеу датасы

Іс-шара түрі, фигуранттың Т.А.Ә. жүргізу негізі (СДТБТ нөмірі, тергеуші тапсырмасының нөмірі)

саны

Дана

Данадағы парақтар

1

2

3

4

 
Т.А.Ә. және бастамашы бөлімше, құжатты алғаны туралы қолы және датасы

ЖТӘ-ні санкциялаған тергеу судьясының Т.А.Ә.

Құжаттың тұрған орны, құжаттың бар-жоғы туралы белгі

Құжатты орындауға алған АІШБ қызметкерінің Т.А.Ә. және қолы

Ескерту

5

6

7

8

9



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады