«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 268 бұйрығымен
бекітілді
Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданылады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастырудың алгоритмін сипаттау және макроэкономикалық көрсеткіштер есептеулерінің сапасын арттыру болып табылады.
4. Әдіснамалық негіздеме ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі қолданылған.
5. Осы Әдістемеде негізгі анықтамалар қолданылады:
1) өндірілген қаржылық емес активтер – ҰШЖ өндіріс саласының шекараларын анықтауға жататын өндіріс процестерінің нәтижесінде туындаған активтер;
2) өндірілмеген қаржылық емес активтер – өндірістік процесстер нәтижесі болып табылмайтын активтер.
2-тарау. Активтер және пассивтер теңгерімінің әдіснамалық негізі
6. Активтер және пассивтер теңгерімі (бұдан әрі – Теңгерім) белгілі бір уақыт мезгіліне құрастырылған активтердің және міндеттемелер құны туралы деректері бар есепті білдіреді.
7. Теңгерім өндіріс, табысты бөлу мен қолдану және жинақтау шоттары бойынша барлық операциялардың қорытынды мәнін көрсете отырып, ұлттық шоттар жүйесінің бірізділігін аяқтайды. Теңгерім жинақтау шоттардағы барлық өзгерістерді көрсетеді. Соңғы теңгерім алдыңғы теңгерімді, операцияларды, актив көлеміндегі басқа өзгерістерді және қайта бағалауды қосу жолымен есептелінеді.
8. Активтер және пассивтер теңгерімінің негізгі тепе-теңдігі осы Әдістемеге 1-қосымшада ұсынылған.
9. Жинақтау шоттары есепті кезең аралығындағы активтер, пассивтер және капиталдың таза құнының өзгерістерін көрсетеді.
10. Қайта бағалау шоты және активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шоты операциялар нәтижесінде болмаған активтер мен міндеттемелердегі басқа да өзгерістерді көрсетеді. Қайта бағалау шоты баға өзгерістерімен байланысты кезең аралығындағы активтер мен міндеттемелердің құнының өзгерістерін көрсетеді. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шоты баға өзгерістері және операциялармен байланысты емес себептер бойынша кезең аралығындағы активтер мен міндеттемелер құнының өзгерістерін көрсетеді. Қаржы шоты қаржылық активтер мен міндеттемелердің операцияларын, ал капиталмен жасалатын операциялар шоты қаржылық емес активтермен операцияларды көрсетеді.
11. Теңгерімдік шоттарды құру активтердің санаттары бойынша бөлініп жүргізіледі. Теңгерімде көрсетілетін активтер екі үлкен топтарға бөлінеді: қаржылық және қаржылық емес.
12. Қаржылық активтерге барлық қаржылық талаптарды, акциялар немесе корпорациялардың капиталына қатысудың басқа түрлерін және ақша-кредит реттеу органдарының құймалардағы алтыны кіреді.
13. Қаржылық емес активтер екі санатқа бөлінеді: өндірілген және өндірілмеген активтер.
14. Өндірілген активтердің үш негізгі түрі бар: негізгі қорлар, материалдық айналым құралдары және құндылықтар.
15. Өндірілмеген активтер үш категориядан тұрады:
1) табиғи ресурстар;
2) келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар;
3) сатып алынған гудвилл және маркетингтік активтер.
16. Теңгерімде көрсетілген институционалдық бірліктің немесе сектордың қаржылық және қаржылық емес активтері теңгерілетін бап болып табылатын капиталдың таза құнының экономика дәрежесінің индикаторы болып табылады.
17. Капиталдың таза құны институционалдық бірлікке немесе институционалдық секторға тиесілі барлық активтер құнынан оның барлық міндеттемелерінің құнын алып тастағандағы құны ретінде анықталады.
18. Активтер және пассивтер теңгерімінің құрылымы осы Әдістемеге 2-қосымшада ұсынылған.
3-тарау. Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру
19. Теңгерімді экспериментальды негізде құру үшін ақпараттық база болып табылады:
1) ресми статистикалық ақпарат;
2) мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері.
20. Теңгерім бөлек қаржылық және қаржылық емес активтер бойынша қалыптастырылады. Активтер типтері бойынша бөлінеді.
21. Деректер көздерінен қолданылатын активтердің құны бухгалтерлік стандарттар бойынша бағаланады, деректер баға индекстерінің көмегімен қайта бағаланады. Табиғи ресурстар бойынша ақпарат натуралдық күйінде келеді, құндық бағалау үшін бағалы қазбалардың бағасы пайдаланылады, отандық бағалар болмаған жағдайда түсті және бағалы металдарға биржалық бағаланымның деректері пайдаланылады.
22. Түзетілген активтердің құны теңгерімдік кестелерге салынады. Келесі кезеңде деректерді тексеру және матрицалық кестенің көмегімен теңгерімдеу жүргізіледі. Кестелер қаржылық активтер мен міндеттемелердің запастары мен ағындары бойынша құрылады.
23. Көлденең теңгерім әр операция үшін баламалылықты қолдаумен байланысты, ағындар мен запастар барлық резидент-секторлар және басқа әлем бойынша қосындылаған кезде теңеледі.
24. Теңгеріміде ағымдағы кезеңнің бастапқы запастардың сомасы өткендегі кезеңнің соңғы запастарының сомасына тең.
25. Кезең аралығындағы барлық өзгерістердің сомасы операцияның, активтер көлеміндегі басқа өзгерістердің және қайта бағалаудың сомасына тең. Сомада сәйкессіздік болған жағдайда шоттарды, деректер көздерін қосымша тексеру жүргізіледі.
Активтер және пассивтер
теңгерімін қалыптастыру
әдістемесіне
1-қосымша
Активтер және пассивтер теңгерімінің негізгі тепе-теңдігі
бастапқы теңгерімдегі активтердің нақты түрі запастарының құны |
+
сатып алынған активтердің жалпы құнынан есептік кезең аралығында жасалынған операциялар нәтижесінде істен шыққан активтердің жалпы құнын алып тастағанда: қаржылық емес активтермен операциялар капиталмен жасалатын операциялар шотында көрсетіледі (негізгі қапиталды тұтынуды қоса алғанда), ал қаржылық активтермен операциялар қаржы шотында көрсетіледі |
+
активтер көлеміндегі басқа өзгерістердің құны (оң немесе теріс таңбамен), мысалы, пайдалы қазбалардың жаңа кең орындарын ашу немесе активті жою нәтижесінде (әскери іс-әрекет немесе табиғат апаты нәтижесінде): осы өзгерістер активтер көлеміндегі басқа өзгерістер шотында көрсетіледі |
+
актив бағасының өзгеруіне байланысты есептік кезең аралығында алынған номиналдық холдингтік пайданың құны (оң немесе теріс таңбамен): осы өзгерістер қайта бағалау шотына көрсетіледі |
=
соңғы теңгерімдегі активтер запастарының құны. |
Дереккөз ҰШЖ 2008.
Активтер және пассивтер
теңгерімін қалыптастыру
әдістемесіне
2-қосымша
Активтер және пассивтер теңгерімінің құрылымы
Активтердің запастары және ондағы өзгерістер
Код | Активтердің запастары және активтердегі өзгерістер | S11 | S12 | S13 | S14 | S15 | S1 | S2 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаржылық емес корпорациялар | Қаржылық корпорациялар | Мемлекеттік басқару | Үй шаруашылықтары | Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар | Жалпы экономика | Басқа әлем | Барлығы | ||
Бастапқы активтер және пассивтер теңгерімі | |||||||||
AN |
Қаржылық емес активтер |
2 151 |
93 |
789 |
1 429 |
159 |
4 621 |
4 621 |
|
AN1 |
Өндірілген қаржылық емес активтер |
1 274 |
67 |
497 |
856 |
124 |
2 818 |
2 818 |
|
AN11 |
Негізгі қорлар |
1 226 |
52 |
467 |
713 |
121 |
2 579 |
2 579 |
|
AN12 |
Материалдық айналым құралдары |
43 |
22 |
48 |
1 |
114 |
114 |
||
AN13 |
Құндылықтар |
5 |
15 |
8 |
95 |
2 |
125 |
125 |
|
AN2 |
Өндірілмеген қаржылық емес активтер |
877 |
26 |
292 |
573 |
35 |
1 803 |
1 803 |
|
AN21 |
Табиғи ресурстар |
864 |
23 |
286 |
573 |
35 |
1 781 |
1 781 |
|
AN22 |
Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар |
13 |
3 |
6 |
22 |
22 |
|||
AN23 |
Гудвилл және маркетингтік активтер |
||||||||
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
982 |
3 421 |
396 |
3 260 |
172 |
8 231 |
805 |
9 036 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
690 |
80 |
770 |
770 |
||||
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
382 |
150 |
840 |
110 |
1 482 |
105 |
1 587 |
|
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
90 |
950 |
198 |
25 |
1 263 |
125 |
1 388 |
|
AF4 |
Қарыздар |
50 |
1 187 |
115 |
24 |
8 |
1 384 |
70 |
1 454 |
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
280 |
551 |
12 |
1 749 |
22 |
2 614 |
345 |
2 959 |
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
25 |
30 |
20 |
391 |
4 |
470 |
26 |
496 |
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
5 |
13 |
0 |
3 |
0 |
21 |
0 |
21 |
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
150 |
19 |
55 |
3 |
227 |
134 |
361 |
|
Активтердегі барлық өзгерістер | |||||||||
AN |
Қаржылық емес активтер |
300 |
- 2 |
57 |
116 |
11 |
482 |
482 |
|
AN1 |
Өндірілген қаржылық емес активтер |
195 |
- 4 |
29 |
67 |
7 |
294 |
294 |
|
AN11 |
Негізгі қорлар |
165 |
- 2 |
23 |
53 |
7 |
246 |
246 |
|
AN12 |
Материалдық айналым құралдары |
27 |
0 |
1 |
4 |
0 |
32 |
32 |
|
AN13 |
Құндылықтар |
3 |
- 2 |
5 |
10 |
0 |
16 |
16 |
|
AN2 |
Өндірілмеген қаржылық емес активтер |
105 |
2 |
28 |
49 |
4 |
188 |
188 |
|
AN21 |
Табиғи ресурстар |
101 |
1 |
26 |
48 |
4 |
180 |
180 |
|
AN22 |
Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар |
4 |
1 |
2 |
1 |
0 |
8 |
8 |
|
AN23 |
Гудвилл және маркетингтік активтер |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
93 |
230 |
- 9 |
205 |
4 |
523 |
54 |
577 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
0 |
10 |
1 |
0 |
0 |
11 |
1 |
12 |
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
39 |
10 |
- 26 |
64 |
2 |
89 |
11 |
100 |
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
10 |
96 |
4 |
16 |
0 |
126 |
13 |
139 |
AF4 |
Қарыздар |
19 |
53 |
3 |
3 |
0 |
78 |
4 |
82 |
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
17 |
44 |
3 |
76 |
1 |
141 |
15 |
156 |
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
1 |
8 |
1 |
39 |
0 |
49 |
0 |
49 |
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
3 |
8 |
0 |
3 |
0 |
14 |
0 |
14 |
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
4 |
1 |
5 |
4 |
1 |
15 |
10 |
25 |
Соңғы активтер және пассивтер теңгерімі | |||||||||
AN |
Қаржылық емес активтер |
2 451 |
91 |
846 |
1 545 |
170 |
5 103 |
5 103 |
|
AN1 |
Өндірілген қаржылық емес активтер |
1 469 |
63 |
526 |
923 |
131 |
3 112 |
3 112 |
|
AN11 |
Негізгі қорлар |
1 391 |
50 |
490 |
766 |
128 |
2 825 |
2 825 |
|
AN12 |
Материалдық айналым құралдары |
70 |
0 |
23 |
52 |
1 |
146 |
146 |
|
AN13 |
Құндылықтар |
8 |
13 |
13 |
105 |
2 |
141 |
141 |
|
AN2 |
Өндірілмеген қаржылық емес активтер |
982 |
28 |
320 |
622 |
39 |
1 991 |
1 991 |
|
AN21 |
Табиғи ресурстар |
965 |
24 |
312 |
621 |
39 |
1 961 |
1 961 |
|
AN22 |
Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар |
17 |
4 |
8 |
1 |
0 |
30 |
30 |
|
AN23 |
Гудвилл және маркетингтік активтер |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
1 075 |
3 651 |
387 |
3 465 |
176 |
8 754 |
859 |
9 613 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
0 |
700 |
81 |
0 |
0 |
781 |
1 |
782 |
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
421 |
10 |
124 |
904 |
112 |
1 571 |
116 |
1 687 |
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
100 |
1 046 |
4 |
214 |
25 |
1 389 |
138 |
1 527 |
AF4 |
Қарыздар |
69 |
1 240 |
118 |
27 |
8 |
1 462 |
74 |
1 536 |
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
297 |
595 |
15 |
1 825 |
23 |
2 755 |
360 |
3 115 |
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
26 |
38 |
21 |
430 |
4 |
519 |
26 |
545 |
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
8 |
21 |
0 |
6 |
0 |
35 |
0 |
35 |
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
154 |
1 |
24 |
59 |
4 |
242 |
144 |
386 |
Міндеттемелердің запастары және ондағы өзгерістер
Код | Міндеттемеледің запастары және міндеттемелер мен капиталдың таза құнындағы өзгерістер |
S11 | S12 | S13 | S14 | S15 | S1 | S2 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қаржылық емес корпорациялар | Қаржылық корпорациялар | Мемлекеттік басқару | Үй шаруашылықтары | Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар | Жалпы экономика | Басқа әлем | Барлығы | ||
Бастапқы активтер және пассивтер теңгерімі | |||||||||
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
3 221 |
3 544 |
687 |
189 |
121 |
7 762 |
1 274 |
9 036 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
0 |
770 |
770 |
|||||
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
40 |
1 281 |
102 |
10 |
38 |
1 471 |
116 |
1 587 |
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
44 |
1 053 |
212 |
2 |
1 311 |
77 |
1 388 |
|
AF4 |
Қарыздар |
897 |
328 |
169 |
43 |
1 437 |
17 |
1 454 |
|
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
1 987 |
765 |
4 |
2 756 |
203 |
2 959 |
||
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
12 |
435 |
19 |
5 |
471 |
25 |
496 |
|
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
4 |
10 |
14 |
7 |
21 |
|||
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
237 |
22 |
8 |
35 |
302 |
59 |
361 |
|
B90 |
Капиталдың таза құны |
- 88 |
- 30 |
498 |
4 500 |
210 |
5 090 |
- 469 |
4 621 |
Міндеттемелер мен капиталдың таза құнындағы барлық өзгерістер | |||||||||
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
157 |
224 |
102 |
16 |
6 |
505 |
72 |
577 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
12 |
12 |
||||||
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
0 |
65 |
37 |
0 |
0 |
102 |
- 2 |
100 |
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
7 |
64 |
45 |
0 |
0 |
116 |
23 |
139 |
AF4 |
Қарыздар |
21 |
0 |
9 |
11 |
6 |
47 |
35 |
82 |
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
100 |
39 |
2 |
0 |
0 |
141 |
15 |
156 |
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
0 |
48 |
0 |
1 |
0 |
49 |
0 |
49 |
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
3 |
8 |
0 |
0 |
0 |
11 |
3 |
14 |
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
26 |
0 |
9 |
4 |
0 |
39 |
- 14 |
25 |
B10 |
Капиталдың таза құнындағы барлық өзгерістер |
236 |
4 |
- 54 |
305 |
9 |
500 |
- 18 |
482 |
B101 |
Жинақтау және күрделі трансферттер |
88 |
- 5 |
- 90 |
210 |
- 1 |
202 |
- 10 |
192 |
B102 |
Активтер көлеміндегі басқа өзгерістер |
14 |
- 1 |
- 2 |
- 1 |
0 |
10 |
10 |
|
B103 |
Номиналдық холдингтік пайдалар/шығындар |
134 |
10 |
38 |
96 |
10 |
288 |
- 8 |
280 |
B1031 |
Нейтралдық холдингтік пайдалар/шығындар |
82 |
6 |
27 |
87 |
6 |
208 |
- 10 |
198 |
B1032 |
Нактылы холдингтік пайдалар/шығындар |
52 |
4 |
11 |
9 |
4 |
80 |
2 |
82 |
Соңғы активтер және пассивтер теңгерімі | |||||||||
AF |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
3 378 |
3 768 |
789 |
205 |
127 |
8 267 |
1 346 |
9 613 |
AF1 |
Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар |
782 |
782 |
||||||
AF2 |
Қолдағы валюта және депозиттер |
40 |
1 346 |
139 |
10 |
38 |
1 573 |
114 |
1 687 |
AF3 |
Борыштық құнды қағаздар |
51 |
1 117 |
257 |
2 |
0 |
1 427 |
100 |
1 527 |
AF4 |
Қарыздар |
918 |
0 |
337 |
180 |
49 |
1 484 |
52 |
1 536 |
AF5 |
Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары |
2 087 |
804 |
6 |
0 |
0 |
2 897 |
218 |
3 115 |
AF6 |
Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы |
12 |
483 |
19 |
1 |
5 |
520 |
25 |
545 |
AF7 |
Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар |
7 |
18 |
0 |
0 |
0 |
25 |
10 |
35 |
AF8 |
Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек |
263 |
0 |
31 |
12 |
35 |
341 |
45 |
386 |
B90 |
Капиталдың таза құны |
148 |
- 26 |
444 |
4 805 |
219 |
5 590 |
- 487 |
5 103 |
Дереккөз ҰШЖ 2008.