Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14547 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрілігі
      Статистика комитетінің төрағасы            Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 21 қарашадағы  
№ 268 бұйрығымен     
бекітілді        

Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы  Заңына сәйкес әзірленген статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістеме халықаралық стандарттарға сәйкес активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттары үшін қолданылады.
      3. Осы Әдістеменің мақсаты активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастырудың алгоритмін сипаттау және макроэкономикалық көрсеткіштер есептеулерінің сапасын арттыру болып табылады.
      4. Әдіснамалық негіздеме ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі қолданылған.
      5. Осы Әдістемеде негізгі анықтамалар қолданылады:
      1) өндірілген қаржылық емес активтер – ҰШЖ өндіріс саласының шекараларын анықтауға жататын өндіріс процестерінің нәтижесінде туындаған активтер;
      2) өндірілмеген қаржылық емес активтер – өндірістік процесстер нәтижесі болып табылмайтын активтер.

2-тарау. Активтер және пассивтер теңгерімінің әдіснамалық негізі

      6. Активтер және пассивтер теңгерімі (бұдан әрі – Теңгерім) белгілі бір уақыт мезгіліне құрастырылған активтердің және міндеттемелер құны туралы деректері бар есепті білдіреді.
      7. Теңгерім өндіріс, табысты бөлу мен қолдану және жинақтау шоттары бойынша барлық операциялардың қорытынды мәнін көрсете отырып, ұлттық шоттар жүйесінің бірізділігін аяқтайды. Теңгерім жинақтау шоттардағы барлық өзгерістерді көрсетеді. Соңғы теңгерім алдыңғы теңгерімді, операцияларды, актив көлеміндегі басқа өзгерістерді және қайта бағалауды қосу жолымен есептелінеді.
      8. Активтер және пассивтер теңгерімінің негізгі тепе-теңдігі осы Әдістемеге 1-қосымшада ұсынылған.
      9. Жинақтау шоттары есепті кезең аралығындағы активтер, пассивтер және капиталдың таза құнының өзгерістерін көрсетеді.
      10. Қайта бағалау шоты және активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шоты операциялар нәтижесінде болмаған активтер мен міндеттемелердегі басқа да өзгерістерді көрсетеді. Қайта бағалау шоты баға өзгерістерімен байланысты кезең аралығындағы активтер мен міндеттемелердің құнының өзгерістерін көрсетеді. Активтер көлеміндегі басқа да өзгерістер шоты баға өзгерістері және операциялармен байланысты емес себептер бойынша кезең аралығындағы активтер мен міндеттемелер құнының өзгерістерін көрсетеді. Қаржы шоты қаржылық активтер мен міндеттемелердің операцияларын, ал капиталмен жасалатын операциялар шоты қаржылық емес активтермен операцияларды көрсетеді.
      11. Теңгерімдік шоттарды құру активтердің санаттары бойынша бөлініп жүргізіледі. Теңгерімде көрсетілетін активтер екі үлкен топтарға бөлінеді: қаржылық және қаржылық емес.
      12. Қаржылық активтерге барлық қаржылық талаптарды, акциялар немесе корпорациялардың капиталына қатысудың басқа түрлерін және ақша-кредит реттеу органдарының құймалардағы алтыны кіреді.
      13. Қаржылық емес активтер екі санатқа бөлінеді: өндірілген және өндірілмеген активтер.
      14. Өндірілген активтердің үш негізгі түрі бар: негізгі қорлар, материалдық айналым құралдары және құндылықтар.
      15. Өндірілмеген активтер үш категориядан тұрады:
      1) табиғи ресурстар;
      2) келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар;
      3) сатып алынған гудвилл және маркетингтік активтер.
      16. Теңгерімде көрсетілген институционалдық бірліктің немесе сектордың қаржылық және қаржылық емес активтері теңгерілетін бап болып табылатын капиталдың таза құнының экономика дәрежесінің индикаторы болып табылады.
      17. Капиталдың таза құны институционалдық бірлікке немесе институционалдық секторға тиесілі барлық активтер құнынан оның барлық міндеттемелерінің құнын алып тастағандағы құны ретінде анықталады.
      18. Активтер және пассивтер теңгерімінің құрылымы осы Әдістемеге 2-қосымшада ұсынылған.

3-тарау. Активтер және пассивтер теңгерімін қалыптастыру

      19. Теңгерімді экспериментальды негізде құру үшін ақпараттық база болып табылады:
      1) ресми статистикалық ақпарат;
      2) мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері.
      20. Теңгерім бөлек қаржылық және қаржылық емес активтер бойынша қалыптастырылады. Активтер типтері бойынша бөлінеді.
      21. Деректер көздерінен қолданылатын активтердің құны бухгалтерлік стандарттар бойынша бағаланады, деректер баға индекстерінің көмегімен қайта бағаланады. Табиғи ресурстар бойынша ақпарат натуралдық күйінде келеді, құндық бағалау үшін бағалы қазбалардың бағасы пайдаланылады, отандық бағалар болмаған жағдайда түсті және бағалы металдарға биржалық бағаланымның деректері пайдаланылады.
      22. Түзетілген активтердің құны теңгерімдік кестелерге салынады. Келесі кезеңде деректерді тексеру және матрицалық кестенің көмегімен теңгерімдеу жүргізіледі. Кестелер қаржылық активтер мен міндеттемелердің запастары мен ағындары бойынша құрылады.
      23. Көлденең теңгерім әр операция үшін баламалылықты қолдаумен байланысты, ағындар мен запастар барлық резидент-секторлар және басқа әлем бойынша қосындылаған кезде теңеледі.
      24. Теңгеріміде ағымдағы кезеңнің бастапқы запастардың сомасы өткендегі кезеңнің соңғы запастарының сомасына тең.
      25. Кезең аралығындағы барлық өзгерістердің сомасы операцияның, активтер көлеміндегі басқа өзгерістердің және қайта бағалаудың сомасына тең. Сомада сәйкессіздік болған жағдайда шоттарды, деректер көздерін қосымша тексеру жүргізіледі.

Активтер және пассивтер
теңгерімін қалыптастыру
әдістемесіне    
1-қосымша      

Активтер және пассивтер теңгерімінің негізгі тепе-теңдігі

бастапқы теңгерімдегі активтердің нақты түрі запастарының құны

                                  +

сатып алынған активтердің жалпы құнынан есептік кезең аралығында жасалынған операциялар нәтижесінде істен шыққан активтердің жалпы құнын алып тастағанда: қаржылық емес активтермен операциялар капиталмен жасалатын операциялар шотында көрсетіледі (негізгі қапиталды тұтынуды қоса алғанда), ал қаржылық активтермен операциялар қаржы шотында көрсетіледі

                                  +

активтер көлеміндегі басқа өзгерістердің құны (оң немесе теріс таңбамен), мысалы, пайдалы қазбалардың жаңа кең орындарын ашу немесе активті жою нәтижесінде (әскери іс-әрекет немесе табиғат апаты нәтижесінде): осы өзгерістер активтер көлеміндегі басқа өзгерістер шотында көрсетіледі

                                  +

актив бағасының өзгеруіне байланысты есептік кезең аралығында алынған номиналдық холдингтік пайданың құны (оң немесе теріс таңбамен): осы өзгерістер қайта бағалау шотына көрсетіледі

                                  =

соңғы теңгерімдегі активтер запастарының құны.

Дереккөз ҰШЖ 2008.

Активтер және пассивтер
теңгерімін қалыптастыру
әдістемесіне    
2-қосымша      

Активтер және пассивтер теңгерімінің құрылымы

                  Активтердің запастары және ондағы өзгерістер

Код Активтердің запастары және активтердегі өзгерістер S11 S12 S13 S14 S15 S1 S2
Қаржылық емес корпорациялар Қаржылық корпорациялар Мемлекеттік басқару Үй шаруашылықтары Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар Жалпы экономика Басқа әлем Барлығы
Бастапқы активтер және пассивтер теңгерімі

AN

Қаржылық емес активтер

2 151

93

789

1 429

159

4 621


4 621

AN1

Өндірілген қаржылық емес активтер

1 274

67

497

856

124

2 818


2 818

AN11

Негізгі қорлар

1 226

52

467

713

121

2 579


2 579

AN12

Материалдық айналым құралдары

43


22

48

1

114


114

AN13

Құндылықтар

5

15

8

95

2

125


125

AN2

Өндірілмеген қаржылық емес активтер

877

26

292

573

35

1 803


1 803

AN21

Табиғи ресурстар

864

23

286

573

35

1 781


1 781

AN22

Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар

13

3

6



22


22

AN23

Гудвилл және маркетингтік активтер









AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

982

3 421

396

3 260

172

8 231

805

9 036

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар


690

80



770


770

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

382


150

840

110

1 482

105

1 587

AF3

Борыштық құнды қағаздар

90

950


198

25

1 263

125

1 388

AF4

Қарыздар

50

1 187

115

24

8

1 384

70

1 454

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

280

551

12

1 749

22

2 614

345

2 959

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

25

30

20

391

4

470

26

496

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

5

13

0

3

0

21

0

21

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

150


19

55

3

227

134

361

Активтердегі барлық өзгерістер

AN

Қаржылық емес активтер

300

- 2

57

116

11

482


482

AN1

Өндірілген қаржылық емес активтер

195

- 4

29

67

7

294


294

AN11

Негізгі қорлар

165

- 2

23

53

7

246


246

AN12

Материалдық айналым құралдары

27

0

1

4

0

32


32

AN13

Құндылықтар

3

- 2

5

10

0

16


16

AN2

Өндірілмеген қаржылық емес активтер

105

2

28

49

4

188


188

AN21

Табиғи ресурстар

101

1

26

48

4

180


180

AN22

Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар

4

1

2

1

0

8


8

AN23

Гудвилл және маркетингтік активтер

0

0

0

0

0

0


0

AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

93

230

- 9

205

4

523

54

577

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар

0

10

1

0

0

11

1

12

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

39

10

- 26

64

2

89

11

100

AF3

Борыштық құнды қағаздар

10

96

4

16

0

126

13

139

AF4

Қарыздар

19

53

3

3

0

78

4

82

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

17

44

3

76

1

141

15

156

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

1

8

1

39

0

49

0

49

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

3

8

0

3

0

14

0

14

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

4

1

5

4

1

15

10

25

Соңғы активтер және пассивтер теңгерімі

AN

Қаржылық емес активтер

2 451

91

846

1 545

170

5 103


5 103

AN1

Өндірілген қаржылық емес активтер

1 469

63

526

923

131

3 112


3 112

AN11

Негізгі қорлар

1 391

50

490

766

128

2 825


2 825

AN12

Материалдық айналым құралдары

70

0

23

52

1

146


146

AN13

Құндылықтар

8

13

13

105

2

141


141

AN2

Өндірілмеген қаржылық емес активтер

982

28

320

622

39

1 991


1 991

AN21

Табиғи ресурстар

965

24

312

621

39

1 961


1 961

AN22

Келісімшарттар, жалдау шарттары және лицензиялар

17

4

8

1

0

30


30

AN23

Гудвилл және маркетингтік активтер

0

0

0

0

0

0


0

AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

1 075

3 651

387

3 465

176

8 754

859

9 613

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар

0

700

81

0

0

781

1

782

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

421

10

124

904

112

1 571

116

1 687

AF3

Борыштық құнды қағаздар

100

1 046

4

214

25

1 389

138

1 527

AF4

Қарыздар

69

1 240

118

27

8

1 462

74

1 536

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

297

595

15

1 825

23

2 755

360

3 115

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

26

38

21

430

4

519

26

545

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

8

21

0

6

0

35

0

35

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

154

1

24

59

4

242

144

386

             Міндеттемелердің запастары және ондағы өзгерістер

Код

Міндеттемеледің запастары және міндеттемелер мен капиталдың таза құнындағы өзгерістер

S11 S12 S13 S14 S15 S1 S2
Қаржылық емес корпорациялар Қаржылық корпорациялар Мемлекеттік басқару Үй шаруашылықтары Үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар Жалпы экономика Басқа әлем Барлығы
Бастапқы активтер және пассивтер теңгерімі

AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

3 221

3 544

687

189

121

7 762

1 274

9 036

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар






0

770

770

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

40

1 281

102

10

38

1 471

116

1 587

AF3

Борыштық құнды қағаздар

44

1 053

212

2


1 311

77

1 388

AF4

Қарыздар

897


328

169

43

1 437

17

1 454

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

1 987

765

4



2 756

203

2 959

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

12

435

19


5

471

25

496

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

4

10




14

7

21

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

237


22

8

35

302

59

361

B90

Капиталдың таза құны

- 88

- 30

498

4 500

210

5 090

- 469

4 621

Міндеттемелер мен капиталдың таза құнындағы барлық өзгерістер

AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

157

224

102

16

6

505

72

577

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар







12

12

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

0

65

37

0

0

102

- 2

100

AF3

Борыштық құнды қағаздар

7

64

45

0

0

116

23

139

AF4

Қарыздар

21

0

9

11

6

47

35

82

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

100

39

2

0

0

141

15

156

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

0

48

0

1

0

49

0

49

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

3

8

0

0

0

11

3

14

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

26

0

9

4

0

39

- 14

25

B10

Капиталдың таза құнындағы барлық өзгерістер

236

4

- 54

305

9

500

- 18

482

B101

Жинақтау және күрделі трансферттер

88

- 5

- 90

210

- 1

202

- 10

192

B102

Активтер көлеміндегі басқа өзгерістер

14

- 1

- 2

- 1

0

10


10

B103

Номиналдық холдингтік пайдалар/шығындар

134

10

38

96

10

288

- 8

280

B1031

Нейтралдық холдингтік пайдалар/шығындар

82

6

27

87

6

208

- 10

198

B1032

Нактылы холдингтік пайдалар/шығындар

52

4

11

9

4

80

2

82

Соңғы активтер және пассивтер теңгерімі

AF

Қаржылық активтер/міндеттемелер

3 378

3 768

789

205

127

8 267

1 346

9 613

AF1

Монетарлы алтын және Қарыздарға арнайы құқықтар







782

782

AF2

Қолдағы валюта және депозиттер

40

1 346

139

10

38

1 573

114

1 687

AF3

Борыштық құнды қағаздар

51

1 117

257

2

0

1 427

100

1 527

AF4

Қарыздар

918

0

337

180

49

1 484

52

1 536

AF5

Акционерлік капитал және инвестициялық қорлардың акциялары

2 087

804

6

0

0

2 897

218

3 115

AF6

Сақтандыру, зейнетақы қамтамасыз ету және стандартталған кепілдемелер бағдарламасы

12

483

19

1

5

520

25

545

AF7

Туынды қаржы құралдары және қызметкерлердің акцияларды сатып алуына арналған опциондар

7

18

0

0

0

25

10

35

AF8

Басқа да дебиторлық/кредиторлық берешек

263

0

31

12

35

341

45

386

B90

Капиталдың таза құны

148

- 26

444

4 805

219

5 590

- 487

5 103

Дереккөз ҰШЖ 2008.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады