"Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 556 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14696 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 356 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 07.09.2018 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 16-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8376 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінің № 162 (28101) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бұйрыққа қоса тіркелген өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптар бекітілсін.";

      Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептілікке қойылатын талаптардың қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      Н. Айдапкелов _______________

      2016 жылғы 13 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 556 бұйрығына
қосымша
  Өндірістік экологиялық бақылау
нәтижелері бойынша есептілікке
қойылатын талаптардың
қосымшасы
  Нысан

Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік

      Нысанның индексі: ӨЭБ

      Есепті кезең: тоқсан сайын, жыл сайын

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: арнайы табиғат пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар

      Нысан қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне

      Нысанның берілетін мерзімі

      тоқсандық есептері есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингі шеңберінде операциялық экологиялық мониторинг және эмиссиялар мониторингі бойынша тоқсандық және жылдық есептерді есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде өндірістік экологиялық мониторингті шеңберінде әсер ету мониторингі бойынша жылдық есепті кезең аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде ұсынылады.

      1- кесте

1. Жалпы мәліметтер

№ р/н

Өндірістік объектінің атауы (орналасқан жері)

Өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы

Өндірістік экологиялық бақылау жиілігі

1

2

3

4





      2- кесте

2. Зертхана туралы мәліметтер

№ р/н

Аккредиттелген сынақ зертханасының атауы

Аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі

Сынақ зертханасының аккредиттелген саласы

1

2

3

4





      3- кесте

3. Эмиссия мониторингі

3.1. Атмосфералық ауа

Шығарынды көзінің атауы (шығарынды көзінің нөмірі)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив, грамм/секунд, тонна/жыл

Мониторингтің нақты нәтижесі (грамм/секунд, тонна/тоқсан, тонна/жыл)

Шекті жол берілген шығарындыларды сақтау

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.2. Су ресурстары

Әсер ету көздерінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив, миллиграмм/текше дециметр, тонна/жыл

Мониторингтің нақты нәтижесі миллиграмм/ текше дециметр, тонна/тоқсан, тонна/жыл

Шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері)

Қалдықтардың түрлері

Қауіптілік деңгейі

Эмиссия нормативі (тонна/жыл)

Қалдықтарды нақты орналастыруы (тонна/жыл)

Қалдықтарды кәдеге жарату/өндеу бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Ластаушы заттардың атауы

Белгіленген норматив (миллиграмм/килограмм)

Мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/килограмм)

Шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







3.5. Радиациялық мониторинг

Әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері)

Белгіленген норматив (өлшем бірлігі микрозиверт/сағатына)

Мониторингтің нақты нәтижесі (өлшем бірлігі микрозиверт/сағатына)

"Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" нормативінің мөлшерден асуы немесе сақталуы

Заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар

1

2

3

4

5






      4-кесте

4. Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі

4.1. Атмосфералық ауа

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану мөлшері (барынша бір реттік, миллиграмм/ текше метр)

Шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







4.2. Су ресурстары

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану мөлшері (миллилитр/литр)

Шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







4.3. Топырақ жамылғысы

Сынамалар алынатын нүкте

Ластаушы заттардың атауы

Нақты шоғырлану

Шекті жол берілген шоғырлану мөлшері, миллиграмм/килограмм

Шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі

Заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар

1

2

3

4

5

6







      Жетекшісі__________________________________ _____________

      (Тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы_____________________________ _____________

      (Тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ұйымның атауы______________________________________________________

      БСН/ЖСН___________________________________________________________

      Ұйымның мекенжайы_________________________________________________

      Ұйымның телефон нөмірі______________________________________________

      М.О.

      Ескерту: Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептілікті толтыру бойынша анықтама осы есептіліктің қосымшасына сәйкес келтірілген.

Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есептілікті толтыру бойынша анықтама

      1. Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік нысаны 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Өндірістік экологиялық бақылау туралы есептілік (бұдан әрі – Есептілік) тоқсан сайын, есепті тоқсан аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Жалпы мәліметтер" деген 1-кестеде:

      1-бағанда рет бойынша № толтырылады;

      2-бағанда өндірістік объектінің атауы (орналасқан орны) көрсетіледі;

      3-бағанда өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда өндірістік экологиялық бақылау жиілігі көрсетіледі;

      "Зертхана туралы мәліметтер" деген 2-кестеде:

      1-бағанда рет бойынша № толтырылады;

      2-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда аккредиттелген сынақ зертханасы аттестатының нөмірі және мерзімі көрсетіледі;

      4-бағанда сынақ зертханасының аккредиттелген саласы аккредиттеу саласының көшірмелерімен қоса көрсетіледі;

      "Эмиссия мониторингі" деген 3-кестеде:

      3.1. Атмосфералық ауа

      1-бағанда шығарынды көзінің атауы көрсетіледі (шығарынды көзінің нөмірі шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда эмиссиялардың белгіленген нормативі (грамм/секунд, тонна/жыл) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (грамм/секунд, тонна/тоқсан, тонна/жыл көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.2. Су ресурстары:

      1-бағанда әсер ету көздерінің атауы көрсетіледі (шығару нүктесіндегі ластаушы заттардың шоғырлану нормативтерін сақтау үшін бақылау нүктелері шекті жол берілген шығарындылар жобасына сәйкес көрсетіледі);

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/текше дециметр, тонна/жыл) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/текше дециметр, тонна/тоқсан, тонна/жыл) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.3. Өндіріс және тұтыну қалдықтары

      1-бағанда қалдықтарды сақтау және көму орнының атауы (орналасқан жері) көрсетіледі;

      2-бағанда қалдықтардың түрлері көрсетіледі;

      3-бағанда қауіптілік деңгейі көрсетіледі;

      4-бағанда эмиссия нормативтері (тонна/жыл) көрсетіледі;

      5-бағанда қалдықтарды нақты орналастыру (тонна/жыл) көрсетіледі;

      6-бағанда қалдықтарды кәдеге жарату/өндеу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.4. Жердің ластану деңгейінің мониторингі

      1-бағанда әсер ету көзінің атауы (бақылау нүктелері) көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда белгіленген норматив (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;

      4-бағанда мониторингтің нақты нәтижесі (миллиграмм/килограмм) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шығарындыларды сақтау немесе асыру, фондық шоғырлану көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі;

      3.5. Радиациялық мониторинг

      1-бағанда әсер ету көзінің атауы көрсетіледі;

      2-бағанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 тіркелген) гигиеналық нормативтеріне (бұдан әрі - нормативтер) сәйкес белгіленген өлшем бірліктері көрсетіледі;

      3-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін мониторингтің нақты нәтижесі көрсетіледі;

      4-бағанда нормативтерге сәйкес есептелінетін нормативтердің сақталуы немесе асуы көрсетіледі;

      5-бағанда заң бұзушылықты жою бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

      "Санитариялық-қорғау аймағы шекарасында әсер ету мониторингі" деген 4-кестеде:

      4.1. Атмосфералық ауа

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері (барынша бір реттік, миллиграмм/текше метр) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

      4.2. Су ресурстары

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері, (миллилитр/литр) көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі;

      4.3. Топырақ жамылғысы

      1-бағанда сынамалар алынатын нүкте көрсетіледі;

      2-бағанда ластаушы заттардың атауы көрсетіледі;

      3-бағанда нақты шоғырлану көрсетіледі;

      4-бағанда шекті жол берілген шоғырлану мөлшері, миллиграмм/килограмм көрсетіледі;

      5-бағанда шекті жол берілген шоғырланудың асып түсуі, еселігі көрсетіледі;

      6-бағанда заң бұзушылықтарды жою және экологиялық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады