"Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 85 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12506 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібінде (бұдан әрі – Ерекше тәртіп):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) пайданың ауыспалы бөлігі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік өлшемшарттары ескеріле отырып қалыптастырылатын, тарифке енгізілген пайданың 30%-нан аспайтын пайданың бір бөлігі;

      2) екі мөлшерлемелі тариф – тұтыну тарифінен және қызмет көрсету жүйесін ұстау тарифінен тұратын тариф;

      3) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.

      4) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары – халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз шарты негізінде не векселдер, облигациялар, басқа бағалы қағаздар және өзге халықаралық қаржы ұйымдарының ақшалай міндеттемелері түрінде берген қарыздары.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Тарифтердің шекті деңгейін бекіту қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті кезеңдегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасының орындалуы туралы мәліметтерді, негіздеуші материалдар мен тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша толық жазуларды қоса, алдыңғы жылғы шығындар туралы нақты деректері.";

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) алдыңғы бір жылдағы тарифтік сметаның іс жүзінде орындалуы негізінде;";

      35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлардың құны тиісті ұлғайған немесе азайған, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің, бір жылда бір реттен жиі емес ұлғайған немесе азайған жағдайларда, Субъект уәкілетті органның ведомствосына күнін көрсетіп және негіздеуші материалдармен қоса, алдағы тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілетіні немесе төмендейтіні туралы еркін нысандағы хабарламаны тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі көтерілетін күнге дейін көтерілетін тарифті көтеру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын кешіктірмей жібереді.

      36. Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хабарламаны және қоса берілген негіздеуші материалдарды қарайды.

      Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуі туралы уәкілетті орган ведомствасының шешімі тарифтің шекті деңгейін енгізу күні көрсетіле отырып, бұйрық нысанында қабылданады.

      Бұл ретте, тариф (баға, алым мөлшерлемесінің) деңгейі негізсіз көтерілген немесе негіздеуші материалдар ұсынылмаған жағдайда, Субъектіге тарифтің (бағаны, алым, мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтеруге дәлелді тыйым салу жіберіледі.";

      37. Егер Субъект, уәкілетті органның ведомствосына тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлар құнының төмендеуі, нәтижесінде тарифтің шекті деңгейін төмендету туралы өтініш жасамаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығымен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша өтемдік тарифті енгізеді.";

      38-тармақ алып тасталсын;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Субъект алынған тарифтің шекті деңгейін бекіту туралы шешімнің негізінде бұйрықта көрсетілген күннен бастап тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін қолданысқа енгізеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Субъект уәкілетті орган ведомствосы мен тұтынушылардың назарына тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі өзгергені туралы ақпаратты, оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік жеті күн бұрын кешіктірмей жеткізеді.";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Субъекті тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) сәйкес қабылданған соңғы жылдағы Субъектінің іс жүзіндегі шығындарының негізінде қалыптастырылады.

      56. Егер Субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтерді бір жылдан кем көрсеткен жағдайда, оның шығындары салыстырмалы тауар нарығында осындай реттеліп көрсетілетін қызметтерді кемінде бір жылдан кем кезеңде көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша айқындалады.

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Капиталға инвестициялау тәуекелі үшін сыйлықақының тәуекелсіз кірістілік мөлшерлемесінің мәндері мен тиісті сала үшін (есепсіз борыштық жүктемелерді) есептемегенде, бета коэффициентін жыл сайын келесі жылға уәкілетті органның ведомствосы белгілейді.";

      аталған бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ.Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрi

      _____________ А.Мырзахметов

      2016 жылғы 26 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрінің

      Міндетін атқарушы

      _____________ Б. Джаксалиев

      2016 жылғы 8 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 6 желтоқсан
№ 499 бұйрығына
  Халықаралық қаржы
ұйымдарының қарыздарын
тартатын және халықаралық
қаржы ұйымдарының
қарыздарын тартатын табиғи
монополиялар субъектілерінің
тізбесіне кіретін табиғи
монополиялар субъектілерінің
қызметін реттеудің ерекше
тәртібіне
2 -қосымша

Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігі мен тиімділігінің арнайы өлшемшарттар (ең жоғары мәні – 0,4):

Арнайы өлшемшарттар

Коэффициенттер

1

жылу энергетикасы саласында

Сапа:

0,15

санитариялық нормаларға сәйкес келетін, тұрғын үй-жайлардағы ауаның температурасын айқындайтын жылу энергиясын беру – жылыту маусымы ішінде тәулік бойы

0,15

Сенімділік:

0,15

тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес келетін жылу энергиясын үздіксіз беру

0,15

Тиімділік:

0,1

жылу желілері беретін температуралық кестені орындау (энергия өндіруші станциялар мен жылу қазандықтары үшін)

0,1

2

сумен жабдықтау және су бұру саласында

Сапа:

0,15

сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің ұзындығына есептегенде, бір жылдағы авариялар санын төмендету

0,15

Сенімділік:

0,15

ауыстыруды қажет ететін магистральдық (тарату) желілерінің үлесін төмендету (пайызбен)

0,15

Тиімділік:

0,10

энергия үнемдейтін сорғы жабдықтарының үлесін ұлғайту

0,10

2.1

суармалы егіншілікті сумен жабдықтау саласында

Сапа:

0,15

Суды пайдалану мен жылдың сулылығы лимитін ескере отырып әзірленген суды тарату жоспарына сәйкес су беру

0,15

Сенімділік:

0,15

Су шаруашылығы құрылыстарының, арналардың, құбыржолдарының пайдалану сенімділігін арттыру (қауіпсіз техникалық жай-күйге келтірілген құрылыстардың үлесін ұлғайту)

0,15

Тиімділік:

0,10

Су таратқыштың (арнаның және басқалардың) пайдалы әсер коэффициентін арттыру

0,10

3

электр энергетикасы саласында

Сапа:

0,15

жоқ

-

Сенімділік:

0,3

толық жеткізілмеген электр энергиясы, үзілістің орташа уақыты

0,15

жүйе жұмысындағы үзілістер ұзақтығының орташа индексі;
жүйе жұмысындағы үзілістер жиілігінің орташа индексі

0,15

Тиімділік:

0,1

энергия үнемдейтін жабдықтарды қолдану

0,1

4

азаматтық авиация және порттар саласында

Сапа:

0,2

рейстердің негізді кідірістерінің саны

0,05

бір рейске кідірістердің орташа ұзақтығы

0,05

әуежайдың кінәсінен авиациялық оқиғалардың алғышарттары

0,1

Сенімділік:

0,1

бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны

0,02

бір мың ұшу-қону операцияларына өлімге әкеп соқтырған ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны

0,02

бір мың жұмыс сағатына болған уақиғалар саны

0,02

бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағын санкциясыз алынған жағдайлар саны

0,02

ұшу-қону операцияларына құстармен соқтығысу саны

0,02

Тиімділік:

0,1

өткізу қабілеті мүмкіндігінің әуежайдың нақты өткізу қабілетіне арақатынасы (күн сайынғы ұшу-қону операциялар саны)

0,05

шығындарды қысқарту (оңтайландыру) бойынша іс-шаралар

0,05

5

Газды таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында


Сапа:

0,15

СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газды беру (қысым және жылу бөлу қабілеті)

0,15

Сенімділік:

0,15

тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру

0,15

Тиімділік:

0,1

Газбен жабдықтайтын құрылыстарды пайдалану сенімділігін арттыру (техникалық жағдай қауіпсіздігіне алып келген құрылыстар үлесін өсіру)

0,05

жылына авариялардың санын желілердің ұзындығына есептеп төмендету

0,05

6

Газды магистральды құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында


Сапа:

0,15

СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газ беру (қысым және жылу бөлу қабілеті)

0,15

Сеніміділік:

0,1

Тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру

0,1

Тиімділік:

0,15

газ тасымалдау жүйелерін өткізу қажеттілігін сақтау және (немесе) арттыру

0,15


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 710 "Об утверждении Особого порядка регулирования деятельности субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций и входящих в перечень субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 декабря 2016 года № 499. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 января 2017 года № 14720. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2020 года № 85.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 06.11.2020 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 710 "Об утверждении Особого порядка регулирования деятельности субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций и входящих в перечень субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12506, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 31 декабря 2015 года) следующие изменения:

      в Особом порядке регулирования деятельности субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций и входящих в перечень субъектов естественных монополий, привлекающих займы международных финансовых организаций (далее – Особый порядок), утвержденном указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. В Особом порядке используются следующие понятия:

      1) переменная часть прибыли – это часть прибыли, не превышающая 30 % от прибыли, включенной в тариф, формируемая с учетом критериев качества, надежности и эффективности регулируемых услуг;

      2) двуставочный тариф – тариф, состоящий из тарифа за потребление и тарифа за содержание системы оказания услуг;

      3) компетентный орган – государственный орган, осуществляющий руководство соответствующей отраслью (сферой) государственного управления, а также местный исполнительный орган, осуществляющий согласование инвестиционной программы (проекта) Субъекта, оказывающего регулируемые услуги на соответствующей территории административно-территориальной единицы, включенного в местный раздел Государственного регистра субъектов естественных монополий;

      4) ведомство уполномоченного органа – ведомство государственного органа, осуществляющего руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;

      5) уполномоченный орган – государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;

      6) займы международных финансовых организаций – займы, выданные международными финансовыми организациями, на основании договора займа либо в виде векселей, облигаций, других ценных бумаг и иных денежных обязательств международных финансовых организаций.";

      подпункт 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "4) фактических данных о затратах за предыдущий год, с приложением сведений об исполнении тарифной сметы на регулируемые услуги за соответствующий период по форме, согласно приложению 1 к Правилам утверждения предельного уровня тарифов, обосновывающих материалов и расшифровок по каждой статье тарифной сметы;";

      подпункт 1) пункта 11 изложить в следующей редакции:

      "1) на основе фактического исполнения тарифной сметы за предшествующий год;";

      пункты 35, 36 и 37 изложить в следующей редакции:

      "35. В случаях соответствующего увеличения или уменьшения стоимости стратегических товаров, включая стоимости транспортировки товаров, увеличения или уменьшения объема оказываемых регулируемых услуг, но не чаще одного раза в год, Субъект направляет в ведомство уполномоченного органа извещение в произвольной форме о предстоящем повышении либо снижении предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора) с указанием даты и с приложением обосновывающих материалов не позднее, чем за тридцать календарных дней до даты повышения предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора).

      36. Ведомство уполномоченного органа в течение двадцати календарных дней со дня получения извещения Субъекта, рассматривает извещение и прилагаемые обосновывающие материалы.

      Решение ведомства уполномоченного органа о снижении или повышения предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора) на регулируемые услуги Субъекта, принимается в форме приказа с указанием даты введения предельного уровня тарифа.

      При этом, в случае необоснованного повышения уровня тарифа (цены, ставки сбора) или непредставления обосновывающих материалов, направляет Субъекту мотивированный отказ в повышении предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора).

      37. В случае, если Субъект не обратился в ведомство уполномоченного органа о снижении предельного уровня тарифа в результате снижения стоимости стратегических товаров, включая стоимости транспортировки товаров, увеличения объема оказываемых регулируемых услуг, ведомство уполномоченного органа по итогам анализа отчета об исполнении тарифной сметы вводит временный компенсирующий тариф в соответствии с Правилами по утверждению временного компенсирующего тарифа, утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 16 апреля 2013 года №115-ОД (зарегистрированными в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8472.)";

      пункт 38 исключить;

      пункт 39 изложить в следующей редакции:

      "39. Субъект на основании полученного решения об утверждении предельного уровня тарифа вводит в действие предельный уровень тарифа (цены, ставки сбора) с даты, указанной в приказе.";

      пункт 43 изложить в следующей редакции:

      "43. Субъект доводит до сведения ведомства уполномоченного органа и потребителей информацию об изменении предельного уровня тарифа (цены, ставки сбора) не позднее, чем за семь календарных дней до введения его в действие.";

      пункты 55 и 56 изложить в следующей редакции:

      "55. Затратная часть тарифа (цены, ставки сбора) Субъекта формируется на основании фактических затрат Субъекта за последний год, принятых в соответствии с Особым порядком формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий утвержденным приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 25 апреля 2013 года № 130-ОД (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8480 опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 23 октября 2013 года № 299 (27573)) с учетом показателей прогноза социально-экономического развития Республики Казахстан (инфляция).";

      56. В случае, если Субъект оказывает регулируемые услуги менее одного года, то его затраты определяются по результатам сравнительного анализа затрат субъектов естественных монополий, оказывающих аналогичные регулируемые услуги на сопоставимом товарном рынке, за период не менее одного года.";

      пункт 72 изложить в следующей редакции:

      "72. Значения безрисковой ставки доходности премии за риск инвестирования в капитал и бета-коэффициент для соответствующей отрасли (без учета долговой нагрузки) устанавливаются ежегодно ведомством уполномоченного органа на следующий год.";

      приложение 2 к указанному приказу изложить в редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по регулированию естественных монополий и защите конкуренции Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
К. Бишимбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
______________А. Мырзахметов
от 26 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям
и развитию Республики Казахстан
______________Ж. Касымбек
от 23 декабря 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"
исполняющий обязанности
Министра энергетики
Республики Казахстан
______________Б. Джаксалиев
от 8 декабря 2016 года

  Приложение к приказу
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 6 декабря 2016 года № 499
  Приложение 2
к Особому порядку регулирования
деятельности субъектов естественных
монополий, привлекающих займы
международных финансовых организаций
и входящих в перечень субъектов
естественных монополий, привлекающих
займы международных
финансовых организаций

Специальные критерии качества, надежности и эффективности регулируемых услуг (максимальное значение – 0,4):

Специальные критерии

Коэффициенты

1

в сфере теплоэнергетики

Качество:

0,15

подача тепловой энергии соответствующие санитарным нормам, определяющим температуру воздуха в жилых помещениях – круглосуточно в течение отопительного сезона

0,15

Надежность:

0,15

бесперебойная подача тепловой энергии потребителям соответствующей стандартам услуг

0,15

Эффективность:

0,1

выполнение задаваемого тепловыми сетями температурного графика (для энергопроизводящих станций и котельных)

0,1

2

в сфере водоснабжения и водоотведения

Качество:

0,15

снижение количества аварий в расчете на протяженность сетей водоснабжения и (или) водоотведения в год

0,15

Надежность:

0,15

снижение доли магистральных (распределительных) сетей, нуждающихся в замене (в процентах)

0,15

Эффективность:

0,10

увеличение доли энергосберегающих насосных оборудований

0,10

2.1

в сфере водоснабжения орошаемого земледелия

Качество:

0,15

подача воды в соответствии с планом водораспределения, разработанного с учетом лимита водопользования и водности года

0,15

Надежность:

0,15

повышение эксплуатационной надежности водохозяйственных сооружений, каналов, трубопроводов (увеличение доли сооружений, приведенных в безопасное техническое состояние)

0,15

Эффективность:

0,10

повышение коэффициента полезного действия водовода (канала и других)

0,10

3

в сфере электроэнергетики

Качество:

0,15

отсутствует

-

Надежность:

0,3

недопоставленная электроэнергия, среднее время прерывания

0,15

средний индекс длительности прерываний в работе системы;
средний индекс частоты прерываний в работе системы

0,15

Эффективность:

0,1

применение энергосберегающих оборудований

0,1

4

в сфере гражданской авиации и портов

Качество:

0,2

количество обоснованных задержек рейсов

0,05

средняя продолжительность задержек на один рейс

0,05

предпосылка к авиационному происшествию по вине аэропорта

0,1

Надежность:

0,1

количество происшествий на взлетно-посадочной полосе на тысячу взлетно-посадочных операций

0,02

количество происшествий на взлетно-посадочной полосе со смертельным исходом на тысячу взлетно-посадочных операций

0,02

количество происшествий на тысячу часов работы

0,02

количество случаев несанкционированного занятия взлетно-посадочной полосы на тысячу взлетно-посадочных операций

0,02

количество столкновений с птицами на взлетно-посадочных операций

0,02

Эффективность:

0,1

соотношение возможной пропускной способности на фактическую пропускную способность аэропорта (количество ежедневных взлетно-посадочных операций)

0,05

мероприятия по сокращению затрат (оптимизация)

0,05

5

в сфере транспортировки товарного газа по распределительным трубопроводам


Качество:

0,15

подача товарного газа потребителям требуемых параметров согласно СН РК 4.03-01-2011 (давление и теплотворная способность) круглогодично

0,15

Надежность:

0,15

бесперебойная подача товарного газа потребителям

0,15

Эффективность:

0,1

повышение эксплуатационной надежности газоснабжающих сооружений (увеличение доли сооружений, приведенных в безопасное техническое состояние)

0,05

снижение количества аварий в расчете на протяженность сетей в год

0,05

6

в сфере транспортировки товарного газа по магистральным трубопроводам


Качество:

0,15

подача товарного газа потребителям требуемых параметров, согласно СН РК 4.03-01-2011 (давление и теплотворная способность) круглогодично

0,15

Надежность:

0,1

бесперебойная подача товарного газа потребителям

0,1

Эффективность:

0,15

сохранение и (или) увеличение пропускной способности газотранспортной системы

0,15