Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.11.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 710 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12506 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз тартатын және халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыздар тартатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібінде (бұдан әрі – Ерекше тәртіп):
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайданың ауыспалы бөлігі – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа, сенімділік және тиімділік өлшемшарттары ескеріле отырып қалыптастырылатын, тарифке енгізілген пайданың 30%-нан аспайтын пайданың бір бөлігі;
2) екі мөлшерлемелі тариф – тұтыну тарифінен және қызмет көрсету жүйесін ұстау тарифінен тұратын тариф;
3) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін Субъектінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.
4) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары – халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз шарты негізінде не векселдер, облигациялар, басқа бағалы қағаздар және өзге халықаралық қаржы ұйымдарының ақшалай міндеттемелері түрінде берген қарыздары.";
6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Тарифтердің шекті деңгейін бекіту қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті кезеңдегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтік сметасының орындалуы туралы мәліметтерді, негіздеуші материалдар мен тарифтік сметаның әрбір бабы бойынша толық жазуларды қоса, алдыңғы жылғы шығындар туралы нақты деректері.";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) алдыңғы бір жылдағы тарифтік сметаның іс жүзінде орындалуы негізінде;";
35, 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлардың құны тиісті ұлғайған немесе азайған, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің, бір жылда бір реттен жиі емес ұлғайған немесе азайған жағдайларда, Субъект уәкілетті органның ведомствосына күнін көрсетіп және негіздеуші материалдармен қоса, алдағы тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілетіні немесе төмендейтіні туралы еркін нысандағы хабарламаны тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі көтерілетін күнге дейін көтерілетін тарифті көтеру күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын кешіктірмей жібереді.
36. Уәкілетті органның ведомствосы Субъектінің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде хабарламаны және қоса берілген негіздеуші материалдарды қарайды.
Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің төмендеуі немесе көтерілуі туралы уәкілетті орган ведомствасының шешімі тарифтің шекті деңгейін енгізу күні көрсетіле отырып, бұйрық нысанында қабылданады.
Бұл ретте, тариф (баға, алым мөлшерлемесінің) деңгейі негізсіз көтерілген немесе негіздеуші материалдар ұсынылмаған жағдайда, Субъектіге тарифтің (бағаны, алым, мөлшерлемесінің) шекті деңгейін көтеруге дәлелді тыйым салу жіберіледі.";
37. Егер Субъект, уәкілетті органның ведомствосына тауарларды тасымалдау құнын қоса алғанда, стратегиялық тауарлар құнының төмендеуі, нәтижесінде тарифтің шекті деңгейін төмендету туралы өтініш жасамаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындысы бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығымен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша өтемдік тарифті енгізеді.";
38-тармақ алып тасталсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Субъект алынған тарифтің шекті деңгейін бекіту туралы шешімнің негізінде бұйрықта көрсетілген күннен бастап тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін қолданысқа енгізеді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Субъект уәкілетті орган ведомствосы мен тұтынушылардың назарына тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі өзгергені туралы ақпаратты, оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік жеті күн бұрын кешіктірмей жеткізеді.";
55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, Субъекті тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) сәйкес қабылданған соңғы жылдағы Субъектінің іс жүзіндегі шығындарының негізінде қалыптастырылады.
56. Егер Субъекті реттеліп көрсетілетін қызметтерді бір жылдан кем көрсеткен жағдайда, оның шығындары салыстырмалы тауар нарығында осындай реттеліп көрсетілетін қызметтерді кемінде бір жылдан кем кезеңде көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің шығындарын салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша айқындалады.
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Капиталға инвестициялау тәуекелі үшін сыйлықақының тәуекелсіз кірістілік мөлшерлемесінің мәндері мен тиісті сала үшін (есепсіз борыштық жүктемелерді) есептемегенде, бета коэффициентін жыл сайын келесі жылға уәкілетті органның ведомствосы белгілейді.";
аталған бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қ.Бишімбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрi
_____________ А.Мырзахметов
2016 жылғы 26 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы 23 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
Міндетін атқарушы
_____________ Б. Джаксалиев
2016 жылғы 8 желтоқсан
Реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының, сенімділігі мен тиімділігінің арнайы өлшемшарттар (ең жоғары мәні – 0,4):
№ | Арнайы өлшемшарттар | Коэффициенттер |
1 | жылу энергетикасы саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
санитариялық нормаларға сәйкес келетін, тұрғын үй-жайлардағы ауаның температурасын айқындайтын жылу энергиясын беру – жылыту маусымы ішінде тәулік бойы | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес келетін жылу энергиясын үздіксіз беру | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
жылу желілері беретін температуралық кестені орындау (энергия өндіруші станциялар мен жылу қазандықтары үшін) | 0,1 | |
2 | сумен жабдықтау және су бұру саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің ұзындығына есептегенде, бір жылдағы авариялар санын төмендету | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
ауыстыруды қажет ететін магистральдық (тарату) желілерінің үлесін төмендету (пайызбен) | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,10 | |
энергия үнемдейтін сорғы жабдықтарының үлесін ұлғайту | 0,10 | |
2.1 | суармалы егіншілікті сумен жабдықтау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
Суды пайдалану мен жылдың сулылығы лимитін ескере отырып әзірленген суды тарату жоспарына сәйкес су беру | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
Су шаруашылығы құрылыстарының, арналардың, құбыржолдарының пайдалану сенімділігін арттыру (қауіпсіз техникалық жай-күйге келтірілген құрылыстардың үлесін ұлғайту) | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,10 | |
Су таратқыштың (арнаның және басқалардың) пайдалы әсер коэффициентін арттыру | 0,10 | |
3 | электр энергетикасы саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
жоқ | - | |
Сенімділік: | 0,3 | |
толық жеткізілмеген электр энергиясы, үзілістің орташа уақыты | 0,15 | |
жүйе жұмысындағы үзілістер ұзақтығының орташа индексі; | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
энергия үнемдейтін жабдықтарды қолдану | 0,1 | |
4 | азаматтық авиация және порттар саласында | |
Сапа: | 0,2 | |
рейстердің негізді кідірістерінің саны | 0,05 | |
бір рейске кідірістердің орташа ұзақтығы | 0,05 | |
әуежайдың кінәсінен авиациялық оқиғалардың алғышарттары | 0,1 | |
Сенімділік: | 0,1 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына өлімге әкеп соқтырған ұшу-қону жолағындағы уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың жұмыс сағатына болған уақиғалар саны | 0,02 | |
бір мың ұшу-қону операцияларына ұшу-қону жолағын санкциясыз алынған жағдайлар саны | 0,02 | |
ұшу-қону операцияларына құстармен соқтығысу саны | 0,02 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
өткізу қабілеті мүмкіндігінің әуежайдың нақты өткізу қабілетіне арақатынасы (күн сайынғы ұшу-қону операциялар саны) | 0,05 | |
шығындарды қысқарту (оңтайландыру) бойынша іс-шаралар | 0,05 | |
5 | Газды таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газды беру (қысым және жылу бөлу қабілеті) | 0,15 | |
Сенімділік: | 0,15 | |
тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру | 0,15 | |
Тиімділік: | 0,1 | |
Газбен жабдықтайтын құрылыстарды пайдалану сенімділігін арттыру (техникалық жағдай қауіпсіздігіне алып келген құрылыстар үлесін өсіру) | 0,05 | |
жылына авариялардың санын желілердің ұзындығына есептеп төмендету | 0,05 | |
6 | Газды магистральды құбыржолдары арқылы тасымалдау саласында | |
Сапа: | 0,15 | |
СН РК 4.03-01-2011 сәйкес өлшемдерді талап ететін тұтынушыларға жыл бойы жұмыс істейтін табиғи газ беру (қысым және жылу бөлу қабілеті) | 0,15 | |
Сеніміділік: | 0,1 | |
Тұтынушыларға үздіксіз табиғи газ беру | 0,1 | |
Тиімділік: | 0,15 | |
газ тасымалдау жүйелерін өткізу қажеттілігін сақтау және (немесе) арттыру | 0,15 |