Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 мамырда № 8480 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация министрі

      _______________ А. Жұмағалиев

      2013 жылғы 24 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ:"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ________________Е. Досаев

      2013 жылғы 19 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 130-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ерекше тәртіп мынадай ережелерді қамтиды:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу;

      2) табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеу;

      3) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу;

      4) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеу;

      5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсу;

      6) табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу.

      3. Ерекше тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құзыреттi орган - мемлекеттік биліктің тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган, ал сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;

      2) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызған, белгілі бір тауарды тұтынушыға қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрінде беру жағдайын қоса алғанда, табиғи монополия субъектісі ұсынатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігі - тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілетін, өндірістік шығыстар мен кезең шығыстарынан тұратын табиғи монополия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетумен байланысты шығындарының жиынтығы;

      4) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу - тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiту кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеу;

      5) шығындар деңгейін шектеу - шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігін есептеу негізінде тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін шығындар деңгейінің, сондай-ақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтер және лимиттер негізінде есептелген нормативтiк техникалық ысыраптар деңгейінің шегін белгілеу;

      6) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін пайданы шектеу - инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып, белгіленген тәртіппен айқындалған пайда шамасының шегін белгілеу;

      7) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ерекше тәртіп реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.

      5. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.

      Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру кезінде осы Ерекше тәртiптiң талаптары ескеріле отырып, шығындар енгiзiледi. Шығындардың баптарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Табиғи монополия субъектісінің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) және оның шекті деңгейіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығыс түрлерін шектеу жолымен жүзеге асырылады.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) болжанатын тарифтік сметаны қалыптастырған кезде ескерілетін шығындар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасына сәйкес келуі тиіс және негіздеуші құжаттарды бере отырып, табиғи монополия субъектісі оны растауы тиіс.

      7. Тарифтік шығын бөлігінің өндірістік шығыстарына:

      1) материалдық шығыстар;

      2) өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары;

      3) амортизация;

      4) негізгі қор құнының ұлғаюына әкеп соқпайтын жөндеу жұмыстарына шығыстар;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) тікелей жататын өзге де өндірістік шығыстар жатады.

      8. Тарифтің шығын бөлігінің кезең шығыстарына:

      1) әкімшілiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары;

      2) міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар;

      3) өзге де әкімшілік шығыстар;

      4) сыйақылар төлеуге арналған шығыстар кіреді.

      9. Тарифтің шығын бөлігінің өндірістік шығыстары тарифтің шығын бөлігіне мынадай тәсілмен кіреді:

      1) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлетiн материалдық шығыстары тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған өнiмнiң (көрсетілетін қызметтердiң, тауарлардың, жұмыстардың) бiрлiгiн шығаруға арналған шикізат, материалдар, отын, энергия (бұдан әрi – материалдық ресурстар) қажеттіліктерінің есептеріне сүйене отырып және Заңның 18-4-бабында белгіленген тәртіппен тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге өтінім беру күніне жүргізілген тендерлік (конкурстық) сатып алудың іс жүзіндегі нәтижелері бойынша анықталған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып және іс жүзіндегі көрсеткіштерге, бірақ тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгі нормалар мен нормативтерден асырмай айқындалады.

      Тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жасалған техникалық ысыраптардың есептеріне сәйкес нормативтік техникалық ысыраптар деңгейімен байланысты шығыстар.

      2) өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектiсi персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты санға және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталады.

      Бұл ретте, персонал санының, шикізат, материалдар, отын, энергия қажеттілігінің есептері және техникалық ысыраптардың есептері тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өндiрiстiк персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері ескеріле отырып қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталған сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополия субъектілерінің өндірістік персоналының жалақысын өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асырған кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған орташа айлық жалақыға сүйене отырып анықталатын өндірістік персоналдың жалақысы ескеріледі.

      3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;

      4) табиғи монополия субъектiсiнiң негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін ағымдағы және күрделі жөндеу және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған қаражаты мұндай жұмыстың қажеттілігі туралы растаушы құжаттардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі;

      5) реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) тікелей жататын басқа өндірістік шығындар салалық ерекшелікті ескере отырып, растаушы құжаттардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.

      10. Кезең шығыстары тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне былайша кіреді:

      1) әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері (инфляция) ескеріле отырып, анықталады.

      Персонал санын қысқарту нәтижесінде әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстарын нақты үнемдеген жағдайда, әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары тарифте бұрын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерде ескеріледі, ал үнемдеу сомасын табиғи монополия субъектісі әкімшілік персонал жалақысының деңгейін арттыруға бағыттауы мүмкін.

      Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектілері басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерлерінің және әкімшілік персоналдың басқа да қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары бойынша шығындарға енгізілетін субъектілердің әкімшілік персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстары штат кестесіне сәйкес табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысының он бес еседен аспайтын ең жоғарғы және ең төменгі деңгейінің арасындағы ара қатынасы негізінде шектеледі.

      Электр және жылу энергиясының құрамдастырылған өндірісі бар энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру, жылу энергиясын өндіру, беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін әкімшілік персоналға еңбекақы төлеу шығыстары табиғи монополия субъектісі персоналының нормативтiк санынан аспайтын нақты саннан және өтінім беру алдында бір жыл бұрын статистика деректері бойынша өңірдегі экономикалық қызметінің түрлері бойынша қалыптасқан өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан анықталады.

      2) кезең шығындарында ескерілетін міндетті сақтандыру түрлеріне, салықтарға, алымдар мен төлемдерге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес айқындалады:

      3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің өндірістік емес сипаттағы амортизациялық аударымдары;

      4) өзге де әкімшілік шығыстар салалық ерекшеліктерді ескере отырып, растаушы материалдардың негізінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.

      Өзге де әкімшілік шығыстарға консалтингтік, маркетингтік қызметтердің және мердігерлік тәсілмен жүргізілетін жөндеу жұмыстарының, аудиторлық қызметтердің (акционерлік қоғам нысанындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін ғана) және бөгде ұйымдар жүзеге асыратын салалық ерекшеліктерге байланысты басқа қызметтердің, сондай-ақ іссапар шығыстары және әкімшілік персоналдың байланыс, мерзімдік баспасөзге, қызметтік автокөлікті ұстауға, ақпараттық, консультациялық қызметтерге арналған шығыстар кіреді.

      Табиғатты қорғау шығыстары, табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы өзге де шығыстарға кіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлемелер мен алымдар мөлшері ескеріле отырып анықталады.

      Өндірістік қажеттілікке байланысты әкімшілік персоналдың біліктілігін арттыруға арналған шығыстар мұндай қажеттілікті растайтын құжаттарды ұсынған кезде кезең шығыстарында ескеріледі.

      Өндірістегі өнертапқыштыққа және өнертабыстыққа байланысты шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтердің шеңберінде экономикалық негізделген материалдар болған кезде кезең шығыстарына қосылады.

      5) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жобасын іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар табиғи монополия субъектісі қарыз қаражатын тарту туралы жасалған шарттарды ұсынған кезде кезең шығыстарына қосылады және былайша айқындалады:

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселік ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      инвестициялық жобаны іске асыру үшін шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары бойынша сыйақы төлеуге шығыстар тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде Лондон банкаралық нарығының 4 еселік мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген сома шегінде ескеріледі.

      Шетелдік валютада алынған қарыз қаражаттары үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетелдік валютаға теңге бағамының болжамды өзгеруі ескеріле отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі табиғи монополия субъектісінің тарифiн (бағасын, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметасын бекiту жөнінде шешім қабылданған күніне қолданылады.

      11. Уәкiлеттi органның ведомствосы осындай немесе ұқсас қызмет түрiмен айналысатын табиғи монополия субъектiлерiнiң жалақыларына жұмсалатын шығындарды салыстырып талдау негiзiнде, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi көрсететiн реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемi қысқарған жағдайда тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзiлетiн әкiмшiлiк және (немесе) өндiрiстiк персоналдардың еңбегiне ақы төлеу шығыстарын төмендету немесе жоғарылатудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісі бойынша есептеледі және тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізіледі.

      Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтiк сметаларды бекiткен жағдайда, жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк мақсаттағы шығыстарды уәкiлеттi орган осы Ерекше тәртіптің 5-тармағында көзделген жағдайларда тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) өзгерту алдындағы кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде (бағаларда, алымдар мөлшерлемелерінде) қабылданған шығыстар шегiнде тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) енгiзеді.

      Уәкiлеттi органның ведомствосы тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде табиғи монополия субъектiсінiң қызметiнің тиiмдiлiгi төмендеуі (көрсетiлген қызметтер (тауарлар, жұмыстар) өзiндiк құнының артуы), көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiнің азаюы, кредиторлық және дебиторлық берешектердiң ұлғаюы жағдайында кезең шығыстарының сомаларын өзгерту мақсаттылығын айқындайды.

      11-1. Табиғи монополия субъектісі сот шешімімен күші жойылған өтемдік тарифті қолдануға байланысты кірістерді толық алмаған жағдайда, кем алынған кірістің сомасы тарифті тиісінше өзгерту есебінен, оның ішінде тарифтердің шекті деңгейлерінің қолданылу кезеңінде тарифтерді кезекті қайта қарау кезінде ескеріледі.

      Ескерту. Тәртіп 11-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемелері) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтерiн (бағаларын, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтiк сметаларын қалыптастыру және бекiту кезінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінде мынадай шығыстар ескерілмейді:

      нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеушілігіне басқа өндірістік емес шығыстар мен ысыраптар;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету, ұсыну кезінде пайдаланылмайтын немесе табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;

      Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистральді газ құбырын пайдаланғаны үшін төлемдерді қоспағанда, аталған бағыт бойынша магистральді газ құбырын салуға байланысты тартылатын инвестициялар үшін төлемдерді және мүлік бойынша салық міндеттемелерін қамтитын, жалға, сенімгерлікпен басқаруға немесе мүліктік жалға, лизинг бойынша алынған негізгі құралдарды (жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардан басқа) пайдалану үшін жалдау төлемақы шығыстары;

      Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистральді газ құбырын ұстауды және жөндеуді қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің теңгерімінде болып табылмайтын негізгі құралдарды ұстауға және жөндеуге;

      ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін төлемдер;

      сот шығындары;

      үмітсіз борыштар;

      шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсім, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері;

      табысты жасырғаны (кеміткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

      ұрлықтан келген залалдар;

      қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтарды (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және басқалар) ұстау жөніндегі шығыстар;

      құзыретті органмен келісілген технологиялық қажеттіліктен басқа денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, кәсіптік-техникалық училищелер объектілерін ұстауға;

      сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;

      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларын (демалыс кештерін, спектакльдер мен концерттер өткізу) өткізуге;

      ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бау-бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін, (пайызсызды қоса алғанда) өтеуге арналған;

      мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған;

      бау-бақша серіктестіктерін абаттандыруға (жолдар салу, энергиямен және сумен жабдықтау, жалпы сипаттағы басқа да шығыстарды жүзеге асыру) арналған;

      дәрістер, көрмелер, пікірсайыстар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға, қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардағы мүшелік жарналарға шығыстар;

      өндірістік мақсаттарға пайдаланылатын өнімдерді қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалар бойынша, жарнамалық, плакаттық және баспаханалық өнімдер шығару бойынша шығыстар;

      табиғи монополия субъектісінің персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үй ғимараттары мен құрылыстарды, жатақханадан және қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға шығыстар (өндірістік шығыстарға жататын реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін технологиялық тұрғыдан қажет, өндірістік персонал үшін темір жол разъездерінде қызметтік тұрғын үйлерді ұстауға арналған шығыстарды қоспағанда);

      қаланы абаттандыру, ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды және осы тәріздес басқа да жұмыстарды орындауға шығыстар;

      білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлердің еңбек демалыстарына ақы төлеуге шығыстар;

      жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақы беруге және сыйақының басқа да нысандарына шығыстар;

      кәсіби ауруларды оңалту еміне байланысты шығындардан басқа, табиғи монополия субъектісі қаражаттарының есебінен қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге, демалуға, саяхатқа шығуға жолдамаларға ақы төлеу жөніндегі шығыстар;

      өз қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуге денсаулық сақтау органдарымен жасалған шарттар бойынша емхана қызметтеріне ақы төлеуге шығыстар;

      сақтандыру төлемдері (кәсіпорындармен өз қызметкерлерінің пайдасына жасалған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша кәсіпорындар төлеген жарналар);

      қызметкерлерге, оның ішінде балалар тәрбиелейтін әйелдерге қосымша берілетін демалыстарға (еңбек заңнамасында көзделгеннен тыс) ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты өткізетін жеріне және қайтар жолына жолақы төлеуге, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлеуге шығыстар;

      демеушілік көмектің барлық түрлерін көрсетуге шығыстар;

      еңбек заңнамасында көзделгеннен басқа табиғи монополия субъектісінің қызметкерлеріне (қызметкерлерге тамақты тегін немесе төмендетілген бағамен беру, сауықтыру топтарына, секцияларда, клубтарда шұғылдануға арналған абонементтерге, протез салуға ақы төлеу) жеңілдіктер;

      мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін (автомашина, пәтерлер, ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен басқа тауарлар, сондай-ақ қызметкерлердің жеке есептерінің пайыздық мөлшерлемелерін арттыру) сыйлықтарды сатып алуға шығыстар;

      мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалар тамақтарының құнын өтеуге шығыстар;

      тұтынушылардан коммуналдық төлемдерді қабылдау жөніндегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банк және ұйымдар қызметтеріне арналған шығыстар;

      ұжымдық шартта айқындалған мақсаттар үшін кәсіподақтарға аударым жасау шығыстары;

      тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстарды жүргізуге, өнертапқыштық пен рационализаторлық ұсыныстар бойынша модельдер мен үлгiлердi жасауға және сынауға (реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда), көрмелер, байқаулар, конкурстар мен басқа да iс-шаралар ұйымдастыруға, авторлық сыйақылар төлеуге және басқа байланысты шығыстар;

      өндіріске және реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қатысы жоқ және тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсуіне алып келетін шығыстар.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сыйлықақыға және жалақыға берілетін басқа да сыйақы түрлерiне арналған шығыстар табиғи монополия субъектiсiнің (мемлекеттiк кәсiпорындарды қоспағанда) тарифінiң (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне енгiзiлмейді және табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілмейтiн қызметінен алынған кіріс есебінен немесе әкімшілік және өндірістік персоналдарға еңбекақы төлеу шығыстарын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

      14. Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн субсидия тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.

4. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) немесе оның шекті деңгейіне енгізілетін пайданы шектеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде белгіленген тәртіппен пайданың жол берілетін деңгейін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде анықтайды. Тарифке енгізілетін пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты және амортизациялық аударымды ескере отырып шектеледі.

      Инвестицияларды табиғи монополия субъектілері меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Меншікті қаражат көзі кіріс (таза пайда) және амортизациялық аударымдар болып табылады.

      Қарыз қаражатын қайтару кіріс (таза пайда) және амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.

      Акционерге дивидендтер төлеу шығыстары пайдаға қосылмайды.

5-тарау. Табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарының тозуын есептеуге қолданылатын әдістерді және тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражаттарын пайдалану бағыттарын келісу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Уәкiлеттi орган сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектiлерін қоспағанда, табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзгеннен және (немесе) олар реконструкцияланған (жаңғыртылғаннан) кейiн тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлiгiне амортизациялық аударымдарды өсіруді кезең-кезеңмен енгiзеді.

      17. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің тозуын тікжелілік (біркелкі) есептеу әдісін қолдану уәкілетті орган ведомствосының келісімін талап етпейді.

      18. Амортизацияны есептеудің өзге әдістерімен амортизацияны қолдану мен есептеуді уәкілетті органның ведомствосы келіседі.

      19. Реттелетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетудегі қолданысқа енгізілген активтерден түсетін амортизациялық аударымдар негізгі құралдар құнының артуына әкелетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталады.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 130-НҚ бұйрығына

      қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығы;

      2. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда № 2438 нөмiрмен тiркелген № 185-НҚ бұйрығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы № 270-НҚ бұйрығы;

      3. "Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 142-НҚ бұйрығы;

      4. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы № 78-НҚ бұйрығы;

      5. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 14 тамыздағы № 203-НҚ бұйрығы.

      6. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қарашадағы № 349-НҚ бұйрығы.

      7. "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 17 ақпандағы № 48-НҚ бұйрығы;

      8. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi № 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 15 ақпандағы № 48-НҚ бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады