Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 26.08.2020 № 6С49-4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбi қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
2. Егіндікөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2011 жылғы 2 наурыздағы № 4С31-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-8-110 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 сәуірде "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланған);
"Егіндікөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы № 4С31-4 "Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 5С36-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5006 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қазанда "Егіндікөл" аудандық газетінде жарияланған).
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
М.Серикбаев |
Аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Абилов |
КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімі | Н.Төлепов |
2016 жылғы 18 мамыр
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 шешіміне қосымша |
Егіндікөл ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудің қосымша тәртiбi
1. Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары белгіленсін:
1) Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, орталық алаң;
2) Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, "Қайғылы Ана" ескерткіші саябағының аумағы.
2. Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:
1) Егіндікөл ауылы, Жамбыл көшесі бойымен орталық алаңға дейін;
2) Егіндікөл ауылы, орталық алаңнан Победа көшесі бойымен, "Қайғылы Ана" ескерткіші саябағының аумағына дейін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 16.09.2016 № 6C7-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Іс-шара уәкілдері (ұйымдастырушылары) мен қатысушыларына алкогольдік және есірткілік масаң күйінде қатысуға жол берілмейді.
4. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
1) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрінбей тұруы қажет;
2) бір күнде және бір уақытта бір объектіде үштен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат етіледі.
5. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізілетін объектінің алдында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғайлап айтуға рұқсат етіледі.
6. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Егіндікөл ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.