Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 наурыздағы № 4С 31-4 шешімі. Ақмола облысы Егіндікөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 наурызда № 1-8-110 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С4-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 6С4-8 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 шілдедегі № С 39-4 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудін Тізілімінде № 1-8-58 тіркелген, 2007 жылғы 20-27 шілдеде аудандық "Шұғыла-Целинная Нива" газетінде жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат төрағасы Р.Муллаянов
      Аудандық мәслихаттың
сессиясының хатшысы
Р.Муллаянов

      КЕЛІСІЛДІ
      Егіндікөл ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Қ.Шынтеміров

  Егіндікөл аудандық
мәслихатының
2011 жылғы 02 наурыздағы
№ 4С31-4 шешіміне
қосымша

Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізетін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 04.09.2015 № 5С36-5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

р/р №
Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1
Абай ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
2
Полтавское ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Ружинского қиылысы, 7
3
Көркем ауылы
Ауылдық клубтың алдындағы алаң, Көркем көшесі, 12
4
Бауманское ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
5
Буревестник ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
6
Егіндікөл ауылы
Мира көшесі бойындағы ауыл орталығындағы алаң
7
Жалманқұлақ ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
8
Жұлдыз ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
9
Қоржынкөл ауылы
Ауыл орталығындағы алаң
10
Спиридоновка ауылы
Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Казахстанская көшесі, 52
11
Ұзынкөл ауылы
Победа көшесі бойындағы ауыл орталығындағы алаң
12
Тоғанас ауылы
Ауыл орталығындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады