Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
12 сәуір 2016 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.Ахметуллин |
12 сәуір 2016 жыл