Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/5-18 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 ақпанда № 6386 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Е.Имашев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының
әкімі
Е.Нұғыманов

      24 қаңтар 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер
департаментінің Ерейментау
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Тубеков

      24 қаңтар 2018 жыл

  Ерейментау аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 6С-20/5-18 шешіміне
қосымша

Ерейментау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тiркелген, 2015 жылғы 8 мамырында аудандық "Ереймен" газетiнде, 2015 жылғы 8 мамырында аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімі.

      2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 6С-2/3-16 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5298 болып тiркелген, 2016 жылғы 27 сәуірінде аудандық "Ереймен" газетiнде, 2016 жылғы 27 сәуірінде аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімі.

      3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С-10/7-16 "Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5702 болып тiркелген, 2017 жылғы 18 қаңтарында аудандық "Ереймен" газетiнде, 2017 жылғы 18 қаңтарында аудандық "Ерейментау" газетiнде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады