Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.12.2016 № 6С-10/7-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 12.04.2016 № 6С-2/3-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 26.12.2016 № 6С-10/7-16 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Н.Мандаев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
КЕЛІСІЛДІ
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
"19" наурыз 2015 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Т.Ахметуллин |
"19" наурыз 2015 жыл