Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 6С-2/3-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 сәуірде № 5298 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/5-18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      12 сәуір 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің мемлекеттік
кірістер Комитетінің Ақмола
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Ахметуллин

      12 сәуір 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады