Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А.Айтпаев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ.Махметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау ауданының әкімі | Е.Нұғыманов |
"26" желтоқсан 2016 жыл
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ж.Тубеков |
"26" желтоқсан 2016 жыл