Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С-10/7-16 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 5702 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 6С-20/5-18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5С-36/5-15 "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4768 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2015 жылғы 08 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің атауы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы";

      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "1. Ерейментау ауданының шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.".

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
А.Айтпаев
      Ерейментау аудандық
мәслихатының
хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      "26" желтоқсан 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің мемлекеттік кірістер
Комитетінің Ақмола облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Тубеков

      "26" желтоқсан 2016 жыл

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 марта 2015 года № 5С-36/5-15 "О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Ерейментауского района"

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 26 декабря 2016 года № 6С-10/7-16. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 13 января 2017 года № 5702. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 24 января 2018 года № 6С-20/5-18

      Сноска. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 24.01.2018 № 6С-20/5-18 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ерейментауского районного маслихата от 19 марта 2015 года № 5С-36/5-15 "О повышении ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Ерейментауского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4768, опубликовано 08 мая 2015 года в районной газете "Ереймен", 08 мая 2015 года в районной газете "Ерейментау") следующие изменения:

      заголовок решения изложить в новой редакции:

      "О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Ерейментауского района";

      пункт 1 решения изложить в новой редакции:

      "1. Повысить базовые ставки земельного налога и ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Ерейментауского района.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Ерейментауского районного
маслихата
А.Айтпаев
      Секретарь
Ерейментауского районного
маслихата
К.Махметов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Ерейментауского района Е.Нугманов

      "26" декабря 2016 года

      Руководитель республиканского
государственного учреждения
"Управление государственных
доходов по Ерейментаускому
району Департамента государственных
доходов по Акмолинской области
Комитета государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан"
Ж.Тубеков

      "26" декабря 2016 года