Ескерту:Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 10.08.2020 № 59-367 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшаның 1 тармағында "және пикеттерді" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г.Шегенова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Қ.Ауғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Зеренді ауданының әкімі | А.Мұратұлы |
2016 жылғы "24" тамыз