Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 шілдеде № 5442 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 59-367 шешімімен

      Ескерту:Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 10.08.2020 № 59-367 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
      2. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-254 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4610 тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Зерделі-Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Шегенова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е.Жүсіпбеков

      2016 жылғы "10" маусым

  Зеренді аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
10 маусымдағы № 4-27
шешіміне қосымша

Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Зеренді ауылында митингілер, жиналыстар өткізу орындары болып белгіленсін:

      аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Тәуелсіздік көшесі, 40; алаң, Гагарин көшесі, 30.

      Зеренді ауылында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Ілиясов және Әуезов көшелері қиылысынан, Ілиясов, Фрунзе, Тәуелсіздік көшелері бойынша орталық аланға дейін;

      2) орталық алаңнан Тәуелсіздік, Фрунзе, Чапаев көшелері бойынша Естелік обелискіге дейін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 15.05.2019 № 37-266 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында:
      1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;
      2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
      3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат беруге мүмкін;
      2) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұруы қажет.
      4. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
      5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Зеренді ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады