Зеренді аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 6-44 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 5540 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 59-367 шешімімен

      Ескерту:Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 10.08.2020 № 59-367 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5442 тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      қосымшаның 1 тармағында "және пикеттерді" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г.Шегенова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2016 жылғы "24" тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады