1. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген, 2010 жылғы 19 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының мөлшері, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық |
сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
2016 жылғы 03 маусымдағы № 23 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
|
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының
МӨЛШЕРІ Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембi өзендерінің бассейндері
№ р/с | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары |
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 113,0 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 тек.м | 328,0 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 тек.м | 91,0 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 тек.м | 89,0 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 кВт.сағ | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тек.м | 11,0 |
Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері
№ р/с | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы ставкалары |
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 тек.м | 98,0 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 тек.м | 276,0 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 тек.м | 76,0 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 тек.м | 76,0 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 кВт.сағ | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тек.м | - |