Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "ставкалары", "ставкаларын" сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерін" сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 223 "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.04.2018 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы шешімге сәйкестендіру және жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін төлеушілердің назарына жеткізуді "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-не (келiсiм бойынша), Ақтөбе қаласы және аудандардың әкімдеріне (келiсiм бойынша) ұсынылсын.
3. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 52 "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкілерінің мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3240 тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газетінің 2008 жылғы 10 сәуірінде № 42-43 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Қ.ТОҚТАРОВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Б.ОРДАБАЕВ |
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облыстық мәслихатының 14.03.2024 № 117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
Жайық, Сағыз, Ембi, Ойыл өзендері бассейні | |||
1. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 220,68 |
2. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 640,6 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 177,94 |
4. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 173,89 |
5. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
6. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | 21,34 |
Торғай, Ырғыз өзендері бассейні | |||
7. | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 191,6 |
8. | Өнеркәсiп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1000 текше метр | 539,35 |
9. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 148,32 |
10. | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 148,32 |
11. | Су энергетика | теңге/1000 киловатт сағатына | - |
12. | Су көлігі | теңге/1000 тонна километр | - |