Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.08.2020 № 575 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 қарашадағы № 90 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3450 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Байсеиітов | С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 шешіміне қосымша |
Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
1. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
2. Жиналыстар, митингiлер және пикеттер өткізілетін орындар:
1) Қарасай батыр көшесі бойындағы шағын бақ;
2) Қалалық мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Жеңіс даңғылы, 31);
3) "Геолог" мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Қарғалы тұрғын алабы, Матросов көшесі, 30 А);
4) Авиақалашық ауданындағы "Авиатор" саябағы;
5) "Өнер орталығы" ғимараты алдындағы алаң (Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б);
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 31.03.2017 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.08.2018 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2019 № 485 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
1) Бейбітшілік даңғылынан бастап, Қаратаев көшесіне дейінгі Жеңіс даңғылы;
2) Марат Оспанов көшесінен бастап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябаққа дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы.
4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ барлық қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Ақтөбе қаласы әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және басқа да қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
8) алколгольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді.
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
8. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға жол беріледі.
9. Пикет тұрпатын митинг, жиналыс, шеру түрінде жалғастыру үшін Ақтөбе қаласы әкімдігінің белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Ақтөбе қаласы әкімдігі өкiлiнiң талап етуi бойынша тоқтатылуы тиiс.
11. Ақтөбе қаласы әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары тарапынан жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қабылданады.