Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 тамызда № 7322 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9-баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Ақтөбе қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 2 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 20.11.2020 № 595 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Сакиев
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шинтасова

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

      Ескерту. Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жеңіс даңғылы, 31, Қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң;

      2) Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қарғалы тұрғын алабы, 60 лет октября көшесі, 70Б, "Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдындағы алаң;

      3) Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Авиақалашық орамы, 1м, "Авиатор" саябағы;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы бойымен: Бейбітшілік даңғылынан Қаратаев көшесіне дейін.

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Ескерту. Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

      3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      4. Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

      1) Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Жеңіс даңғылы, 31, Қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң, шекті толу нормасы 500 адамнан артық емес;

      2) Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Қарғалы тұрғын алабы, 60 лет октября көшесі, 70Б, "Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алдындағы алаң, шекті толу нормасы 500 адамнан артық емес;

      3) Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Авиақалашық орамы, 1м, "Авиатор" саябағы, шекті толу нормасы 500 адамнан артық емес;

      4) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақтөбе қаласы, Жеңіс даңғылы бойымен: Бейбітшілік даңғылынан Қаратаев көшесіне дейін, шекті толу нормасы 300 адамнан артық емес.

      5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

      6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      7. Пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық, әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, кемінде екі метрді құрайды.

      8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

      9. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақтөбе қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

  Ақтөбе қалалық мәслихатының
2022 жылғы 3 қазандағы
№ 198 шешіміне 3-қосымша

Ақтөбе қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. Шешім 3 қосымшамен толықтырылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Пикеттеуді мынадай объектілерге іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 400 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясына іргелес жатқан аумақтарда;

      5) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      6) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда өткізуге тыйым салынады.

  Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешіміне 4 қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілері

      Ескерту. 4 қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 03.10.2022 № 198 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 172 "Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5445 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      3) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 362 "Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-1-207 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

      4) Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 485 "Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6495 болып тіркелген, 2019 жылғы 29 қарашада электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады