Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 362 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 қыркүйекте № 3-1-207 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.08.2020 № 575 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 сәуірінде "Ақтөбе" газетінде және 2016 жылғы 4 мамырында "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Сазды ауылындағы Сазды қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң;".

      2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Т. Хамитов
      Ақтөбе қалалық
мәслихатының хатшысы
С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады