Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 172 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 17 сәуірде № 5445 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 12.08.2020 № 575 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 "Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4869 тіркелген, 2016 жылғы 30 сәуірдегі "Ақтөбе" газетінде және 2016 жылғы 30 сәуірдегі 4 мамырда "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Сазды ауылдық округіндегі Сазды қалалық мәдениет Үйінің алдындағы алаң";

      2 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театрының артындағы саябақ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      Т. Хамитов С. Шынтасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады