Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Алға аудандық мәслихатының 2013жылғы 08 қарашадағы № 112 "Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 тіркелген, 2013 жылдың 24 желтоқсанында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған), 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 149 "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 тіркелген, 2014 жылдың 06 мамырында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған), 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 152 "Алға ауданында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін бекіту және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмектің көлемін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3877 тіркелген, 2014 жылдың 20 мамырында аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихат сессияның төрағасы, мәслихат хатшысы : |
А. Кайрушев |
___________________Б. Бисенғалиева |
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12ақпандағы № 258 шешімімен бекітілді |
Aлға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
1. Осы Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Алға ауданының әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаменті (бұдан әрі - облыстық статистика органы) есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi ;
6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал ;
7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;
8) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының Ақтөбе облыстық филиалының Алға аудандық бөлімшесі (бұдан әрі-зейнетақы төлеу орталығы);
9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн қала, тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік әкімдерінің шешiмiмен құрылатын комиссия ;
10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
11) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – шартты ақшалай көмек алу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
14) әлеуметтік бейімдеу шаралары-әлеуметтік ортаның шарттарына қалыптасу мақсатында, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған тәртіппен көрсетілетін, арнаулы әлеуметтік қызметтер, мүгедектерді оңалту құралдары, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған (тұрғын үй көмегі, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек) әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары.
3. Осы Қағидалар Алға ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Үлігілік қағидаларға және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.
5. Әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiніледі.
6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
7. Атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi болып табылады:
9 мамыр - Жеңіс күні;
Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні;
Қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге, 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде;
2) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
3) Аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) Онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алға аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімге сәйкес, жылына 6 айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.
Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.
9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты төмендегі мөлшерде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, 150000 ( жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 100 000 (жүз мың) тенгеге дейінгі шекте;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
6) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға, 50 000 (елу үш мың) теңгеге дейінгі шекте;
7) көп балалы отбасыларға, 60 000 ( алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
9) аз қамтылған азаматтарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;
10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, ҚТВ инфекциясын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;
10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектен басқасы, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерінен аспауы және әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен (күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан) аспайтын болуы негiздеме болып табылады;
10-1. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:
өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.
11. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
9 Мамыр - Жеңіс күніне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерiнде;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, 30 000 (отыз мың ) теңге мөлшерiнде;
4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға, 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерiнде;
5) мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне), 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде;
6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне, 25 000 (жиырма бес мың ) теңге мөлшерінде ;
7) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күніне орай, 30 000 (отыз мың ) теңге мөлшерiнде;
8) атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде 18 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасыларға қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күніне орай, 20 000 (жиырма мың ) теңге мөлшерiнде;
12. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын, отбасының еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына (одан әрі әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек) отырған жағдайда беріледі.
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін, әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектен басқасын, арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
13-1. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған әлеуметтік келісімшарт негізінде төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстық статистика органы есептейтін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – МАӘК) алушыларға облыстық статистика органы есептейтін кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, сондай-ақ отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отыру кезіндегі көрсетілген табыстарды ескере отырып, МАӘК төлеуді тоқтатқан жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі (МАӘК алушылар табыстарын растамайды. ШАК, МАӘК тағайындау үшін көрсетілген табыстарын ескере отырып тағайындалады.)
3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, аудандық әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қалалық, ауыл, ауылдық округінің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3) осы Қағидалардың № 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;
4) адамның (отбасы мүшелерінің ) табыстары туралы мәліметтер;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар;
6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
16. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 2) және 4) тармақшалары бойынша өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;
4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);
5) психолого-медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);
6) жол жүру билеті;
7) облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы және дәрігерлік анықтама;
8) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шоты.
17. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу үшін жолыққан отбасына (адамға) уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент кеңес беру деңгейінде көмектің көрсету шарттары туралы түсінік береді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартына отыруға келісім берген жағдайда азаматпен, отбасының (азаматтың) мәселесі туралы, оның өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіншілігі туралы мәліметті анықтайтын әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
үміткердің өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты немесе
әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу құқығы;
2) әлеуметтік бейімдеу бойынша көрсетілетін шаралар түрлері;
3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы және 1-2 қосымшаға сәйкес арызданушының отбасы және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі ;
1) осы қағиданың 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер ;
4) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгендігін растайтын құжат ;
5) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы;
6) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар - жоғы туралы мәліметтер ;
7) адамның (отбасы мүшелерінің ) табыстары туралы мәліметтер;
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге және әлеуметтік келісім шарт негізінде әлеуметтік көмек алу үшін өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
24-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы, әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айдағы алынған жиынтық табысы отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі, МАӘК алушылардан басқалары, және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептеледі.
25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
26. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
Әлеуметтік келісімшарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмектің біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және басқаларын сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуы тиіс.
27. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған ;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Алға аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау
29. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алу құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 наурыздағы № 10474 болып тіркелген) нысандарға сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.Бұл ретте осы Қағидалардың 2 тармағында қарастырылған жағдайды және 1, 2 топтағы мүгедектерді, күндізгі оқу бөлімінің оқушыларын, студенттерін, тыңдаушыларын, курсанттарын және магистранттарын қоспағанда жұмыссыздар мен өзін өзі еңбекпен қамтушылар арасынан үміткерлерді бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына жолдайды, немесе Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында көзделген жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын өзге де шараларға жолдама береді.
30. Отбасының(азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі, аз қамтылған азаматтардың өмір деңгейін көтеру үшін іс-шараларын қамтуды көздейтін жеке жоспар, өтініш берушімен және оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады, атап айтқанда:
1) жұмыспен қамту орталығы және (немесе) өкілетті органның ықпалымен белсенді түрде жұмыс іздеу және олардың ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
2) кәсіби даярлықтан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өту;
3) жеке кәсіпкерлік қызметін дамыту, жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу;
4) халықтың мақсатты топтарына кезеңдік скринингтік тексеруден өтуге;
5) отбасы құрамында жүкті әйелдердің болғаны жағдайында, жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясына тіркеуге тұру және жүктіліктің барлық кезеңінде бақылауда болу;
6) әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда ерікті емделуге;
7) мүгедектерді оңалту шараларын және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметтерді уақытылы алуға;
8) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жеке қажеттілігіне орай уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған басқа да кәсіби және әлеуметтік бейімдеу.
31. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу:
стационарлық, амбулаторлық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынған кезде) кезеңінде;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа, адамдардың үш жасқа дейінгі балаға, он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады.
32. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай тағы алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралмайды.
33. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі - уәкілетті органда сақталады.
34. Отбасының белсенділігін арттыру бойынша әлеуметтік келісім- шарттардағы міндеттердің орындалуына мониторингті келісімшартты жасаған мекеме жүргізеді.
35. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттың барлық мерзіміне сүйемелдеп отырады және жеке жоспардың орындалуын қадағалайды, сондай-ақ оның тиімділігіне бағалау жүргізеді.
5. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
36. Әлеуметтiк көмек:1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Алға ауданынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
5) әлеуметтік келісімшарт және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт бойынша талаптарды бұзғанда және (немесе) орындамағанда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
37. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
6. Қорытынды ереже
38. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің немесе "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзеді.Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № | ЖСН | Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Өтініш берушіге туыстық қатысы | Туылған жылы |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға
уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә
_____________________________
(қолы)
____________________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-1-қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы
____________________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн ____________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: _____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері | Кәсібі | Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері | Жалпы жұмыс өтілі | Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі | Еңбек дағдылары мен шеберлігі | Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы |
Өтініш беруші | | | | | | |
Зайыбы (жұбайы) | | | | | | |
Басқа ересектер | | | | | | |
Өтініш беруші: _______________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): ___________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: ___________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар _____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы ________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Проблемалар, мазасыздық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы __________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Басқа _______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы(лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні )
__________________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-2-қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама
Бір мекенжай бойынша тіркелген өтініш беруші мен отбасы мүшелері туралы мәліметтер: | ||||||||
Т.А.Ә. | Туған күні | Туыстық қатысы | Негізгі қызметі (жұмыс істеуші, жұмыс істейтін зейнеткер, жасына байланысты зейнеткер, мүгедек, жұмыссыз, бала күтімі бойынша демалыста, үй шаруасындағы әйел, студент, оқушы, мектеп жасына дейінгі бала) | Жұмыс істейтін адамдар үшін жұмыс орны және лауазымы, оқушылар үшін қазіргі уақыттағы оқу орны | 15 жастан асқан адамдар үшін білімі (растайтын құжаты бар білімі) | |||
| | Өтініш беруші | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
Басқа мекенжай бойынша тіркелген отбасы мүшелері туралы мәліметтер (зайыбы/жұбайы, кәмелеттік жасқа толмаған балалары) | ||||||||
| | | | | | |||
| | | | | | |||
| | | | | |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің шартты ақшалай көмек алуға өтініш берген айдың алдындағы 12 айдағы табыстары туралы мәліметтер (табыстың барынша дәл санын жазыңыз). Ақпараттық жүйелерден алынған деректер шартты ақшалай көмек сомасын есептеу үшін негіз болып табылады. | ||||||||
Р/с№ | Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің Т.А.Ә. | Жұмыс, оқу орны (Жұмыссыз адам жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелген анықтама негізінде растайды) | Құжаттармен расталған табыс сомасы | Қосымша табыс көздері | ||||
еңбек қызметінен түскен табыстар | зейнетақылар, жәрдемақылар | кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар | стипендия | алимент | Өзге де табыстар | |||
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | |
тұрғын алаңы: __________ шаршы метр; меншік нысаны: __________________;
ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _______;
тұрғын үйдің сапасы (қалыпты жағдайда, ескі, авариялық жағдайда, жөнделмеген;
қажеттісінің астын сызу
үйдің материалы (кірпіш, ағаш, қаңқа-қамыстан жасалған, сабан, іргетасы жоқ сабан, қол астындағы материалдардан салынған, уақытша баспана, киіз үй);
қажеттісінің астын сызу
тұрғын үйдің жабдықталуы (су құбыры, дәретхана, кәріз, жылу, газ, жуынатын бөлме, лифт, телефон және т.б.)
қажеттісінің астын сызу
__________________________________________________________________________
Менің отбасымның мүшелеріне меншік құқығында тиесілі жылжымайтын мүлік пен мүлік, жер учаскесін, шаруа қожалығын, жеке қосалқы шаруашылықты иеленуі туралы мәліметтер:
Мүліктің түрі | Мүліктің сипаттамасы (саны, көлемі, үлгісі және т.б.) | Тиесілігі |
| | |
| | |
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
өтініш беруші______________________________________________
зайыбы (жұбайы)___________________________________________
балалар___________________________________________________
басқа да туысқандар________________________________________
16 жасқа дейінгі мүгедек бала (16 жасқа дейінгі мүгедек балалар) алатын арнаулы әлеуметтік қызметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының материалдық жағдайына Сіздің беретін бағаңыз:
тамақтануға да жетпейді
тамақтануға ғана жетеді
тамақтануға және басты қажеттілік заттарына ғана жетеді
балаларды киіммен, аяқ киіммен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ
Өмірдегі қиын жағдайдан шығуды көздейтін қызметтің бағыттары (өтініш берушінің пікірі )
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Сіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қандай белсенді шараларына қатыса аласыз:
бос тұрған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру
іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың шеңберінде жұмыс орындарына орналастыру
микрокредит беру
кәсіптік оқыту (даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру)
әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру
"Жастар практикасына" қатысу
әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына қоныс аударуға қатысу
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
___________________ ____________________ ______________
(күні) (Т.А.Ә.) (қолы)
________________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты және "Өрлеу" жобасына қатысушы адамның (отбасының) өтініш берушінің материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеру
АКТІСІ
___________________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.
_____________________________________________
2. Тұрғылықты жерінің мекенжайы
_____________________________________________
3. Туған күні және жері
_____________________________________________
4. Жұмыс орны, лауазымы
_____________________________________________
5. Азаматтың орташа айлық табысы
_____________________________________________
6. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы
_____________________________________________
7. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) ___________ адам, оның ішінде:
Р/с № | Т.А.Ә | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатысы | Білімі | Жұмыспен қамту (жұмыс, оқу орны) | Өзін-өзі жұмыспен қамту | Жұмыссыздық себебі | Жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгені туралы деректер | Қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік даярлауға (қайта даярлау, біліктілікті арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқандығы туралы мәліметтер |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Жұмыссыз ретінде тіркелгені __________ адам.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандар _________ адам.
Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) __________ адам.
Кәмелетке толмаған балалардың саны _________ адам, оның ішінде:
толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде оқитындар _________ адам;
ақылы негізде жоғары және орта арнаулы білім беру орындарында оқитындар __________ адам, оқудың бір жылдық құны ____________ теңге.
8. Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде әлеуметтік келісімшарттың болуы: ___________ адам:
1. (Т.А.Ә.) ___________________________________________________________
2. (Т.А.Ә.) ___________________________________________________________
9. "Бота" қоғамдық қорынан берілетін шартты ақшалай жәрдемақыны алу:
жүкті және бала емізетін әйелдер _________ адам;
4-тен 6 жасқа дейінгі балалар __________ адам;
мүмкіндіктері шектеулі балалар ________ адам;
16-дан 19 жасқа дейінгі жастар ________ адам.
10. Баспана жағдайы (жатақхана, жалдамалы, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге)
қажеттісін көрсету
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ас үй, қойма және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны ___________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар айына ________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Отбасының табыстары:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен жылдағы табыс сомасы | Жеке қосалқы шаруашылық (аула шаруашылығы, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
автокөліктің (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түскен табыс) ___________________________________
____________________________________________________________________
өзге тұрғын үйдің, қазіргі уақытта тұратын баспанадан басқа (оны пайдаланудан түскен табыс) _________________________________________
____________________________________________________________________
бар-жоғы.
13. Отбасының өзге де табыстары (түрі, сомасы, көзі):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
14. Мұқтаждықтың көрініп тұрған белгілері (жиһаздың, тұрғын үйдің, электр желілерінің жағдайы және т.б.) ________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
15. Әл-ауқатының сипаттайтын белгілері (жерсеріктік антенна тәрелкесі, ауа баптағыш, қымбат жаңа жөндеу және т.б.) _______________________________________________
____________________________________________________________________
16. Санитариялық-эпидемиологиялық тұру жағдайлары ____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
17. Учаскелік комиссияның басқа да байқағандары:________________________
____________________________________________________________________
18. Комиссия төрағасы:
____________________________ ___________________________
Комиссия мүшелері:
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
____________________________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы _____________________________________
Тексеру жүргізуден бас тартамын _______________________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
___________________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы
Учаскелік комиссия Қағидаларға сәйкес отбасының (өтініш берушінің)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
__________________________________________________________________________
__________________________________________________туралы
(қажеттілігі, қажет еместігі)
қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы:
_______________________ __________________________
Комиссия мүшелері:
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
_______________________ __________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
____ данада қоса берілген құжаттармен қорытынды
"__"____________ 20__ ж. ________________________________________қабылданды.
____________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған кент әкімінің немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы
___________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 4-қосымша |
Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер
(табыстарды есептеу үшін)
Жеке қосалқы шаруашылық объектісі | Өлшем бірлігі | Саны | Жасы (үй малы, құс үшін) |
Саяжай | | | |
Бақша | | | |
Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі | | | |
Шартты жер үлесі | | | |
Мүліктік пай (берілген жылы) | | | |
Үй малы, құс: | | | |
ірі қара мал: сиыр, бұқа | | | |
жылқы: бие, айғыр | | | |
түйе, інген | | | |
қой, ешкі | | | |
тауық, үйрек, қаз | | | |
шошқа | | | |
Күні ________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі
туралы мәліметтерді растау уәкілетті органның
өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә. _______________________ ________________________
(қолы) (тегі)
____________________
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 5-қосымша |
"Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш
_______________________________________
(облысы, ауданы, елді мекені)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _________________________________________
_____________________________________________
берілген күні _____________________________
ЖСН ____________________________________
Өтініш
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде келесі көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
тұрғын үй көмегін
арнайы әлеуметтік қызметтер
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
"____"__________20___ ж. ___________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды
"____"__________20___ ж. ________________________________________
(күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
Отбасының тіркеу нөмірі | |
Өтініш қоса берілген құжаттармен "____"__________20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
"____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы ____________________________________________________________________;
Өтініш берушінің қолы ___________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі "____"__________20___ ж.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен "____"__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________________________________________________