1. Ырғыз селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2010 жылғы 7 қазандағы № 91 "Көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-122 тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" Қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі | А. САРИН |