"Көшеге атау беру туралы" 2010 жылғы 7 қазандағы № 91 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 161 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5181 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Ырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ырғыз селолық округі әкімінің мемлекеттік тіліндегі 2010 жылғы 7 қазандағы № 91 "Көшеге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-5-122 тіркелген, 2010 жылғы 14 желтоқсанда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" Қаулысына" сөздері алынып тасталсын;
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылының", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі А. САРИН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады