Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 16 бабына, сәйкес және Ырғыз ауыллық округіне қарасты Ырғыз ауылының тұрғындарының пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 07.12.2016 № 161 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Ырғыз ауылдық округіне қарасты Ырғыз ауылындағы бір көшеге Еңбек ардагері, құрылысшы Садықов Бақберген есімі берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: | Н. Қызбергенов |