1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында "наименования" деген сөзі "наименований" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің 1тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қызылжар ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;
Бөрте ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;
Шевченко ауылында – 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф.Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Ахметов |