Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "округіне қарасты" сөздері "ауылдық", "округінің" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округінің әкімінің 19.05.2015 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, сәйкес Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қызылжар ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;
Бөрте ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;
Шевченко ауылында – 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф.Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 22.08.2016 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округ әкімі: | Қ.Т. Жұмабаев |