"Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 5081 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және "Мәртөк ауданының Андреевка селосын Қызылжар ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 244 қаулысымен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 394 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3314 болып тіркелген), "Мәртөк ауданының Студенческое селосын Бөрте ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 245 қаулысымен мен Ақтөбе облысы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 395 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3315 болып тіркелген) сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1 "Қызылжар ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтарда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында "наименования" деген сөзі "наименований" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің 1тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Қызылжар ауылында – Есет Батыр, Абай Кұнанбаев, 10-жылдық Астана, Еңбек;
      Бөрте ауылында – Абай, Бейбітшілік, Есет Батыр, Жағалау, Ыбырай Алтынсарин, Болашақ, Орталық;
      Шевченко ауылында – 10-жылдық Астана, Тәуелсіздік, Мұхтар Әуэзов, Ф.Ф.Озмитель, Ардагерлер, Қобыланды батыр.".
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі А. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады