Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 17.07.2024 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларымен және тарифтiк мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 17.07.2024 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Қ.Аймағанбетов | Н.Қалиева |