Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы" Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4910 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы";
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларымен және тарифтiк мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Кадралин |