Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 4910 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 17.07.2024 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақыларымен және тарифтiк мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 17.07.2024 № 244 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Аудандық мәслихаттың хатшысы
      Қ.Аймағанбетов Н.Қалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады