Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және 2016 жылғы 24 шілдеде Мұғалжар ауданы аумағында жарияланған төтенше жағдайлар бойынша комиссияның шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар ауданы аумағында төтенше жағдайдың салдарының толығымен жойылуына байланысты Мұғалжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 24 шілдедегі № 5 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 санымен тіркелген, 2016 жылғы 25 шілдеде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Е.Данағұлов |