Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің өмірлік қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Мұғалжар ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Б. Құлмағамбетов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Е. Данағұлов |