Мұғалжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 24 шілдедегі № 5 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 10 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5182 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына және 2016 жылғы 24 шілдеде Мұғалжар ауданы аумағында жарияланған төтенше жағдайлар бойынша комиссияның шешіміне сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы аумағында төтенше жағдайдың салдарының толығымен жойылуына байланысты Мұғалжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 24 шілдедегі № 5 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 санымен тіркелген, 2016 жылғы 25 шілдеде аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Аудан әкімі Е.Данағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады