1. Шалқар ауылдық округінде орналасқан "Ерлат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Шалқар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4941 болып енгізілген, 2016 жылғы 10 маусымдағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауылдық округінің әкімі | Қ. Қалжанов |