Шектеу іс-шараларын алып тастау және Шалқар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 5184 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 10 қазандағы № 16-8/113 ұсынысы негізінде, Шалқар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауылдық округінде орналасқан "Ерлат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Шалқар ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушысының 2016 жылғы 17 мамырдағы № 4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4941 болып енгізілген, 2016 жылғы 10 маусымдағы "Шежірелі өлке" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар ауылдық округінің әкімі Қ. Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады