Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 мамырда № 4941 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 05.12.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 16-8/43 ұсынысы негізінде Шалқар ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауылдық округінде орналасқан "Ерлат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Н.Кішкентаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар ауылдық округі әкімінің
міндетін уақытша атқарушы
С. Еден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады