1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында ұсақ мүйізді және ірі қара мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 09 "Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 тіркелген, 2016 жылдың 5 қарашасында аудандық "Алакөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т. Бекмұрзаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Қ. Тұрлыбеков |