Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 20 қазанда № 3984 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 28.12.2016 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 19 тамыздағы №4 ұсынысының негізінде Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында ұсақ мүйізді және ірі қара мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Қалиев Ертай Қалиұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Алакөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Қ.Б.Тұрлыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады