Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 14 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 19 қаңтарда № 4067 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Алакөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 4 ұсынысының негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында ұсақ мүйізді және ірі қара мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
      2. Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 09 "Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 тіркелген, 2016 жылдың 5 қарашасында аудандық "Алакөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Алакөл ауданының Ақтүбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т. Бекмұрзаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Қ. Тұрлыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады