"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 1 ұсынысының негізінде Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бейсембаев Серік Имашевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Бастөбе ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бастөбе ауылдық округінің әкімі | Э. Ким |