Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 11 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 22 шілдеде № 3907 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 04 қазандағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 04.10.2016 № 31 шешімімен.
      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 1 ұсынысының негізінде Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Бейсембаев Серік Имашевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Бастөбе ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э. Ким

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады