1. Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 11 шілдедегі "Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 11 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3907 нөмірімен 2016 жылғы 22 шілдеде еңгізілген, Қаратал газетінде 2016 жылғы 29 шілдедегі № 31 (7399) жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Бастөбе ауылдық | |
округінің әкімі | Э. Ким |